Читать книгу Адам және жануарлар физиологиясы пәнінен әшекейлендірілген. Оқу құралы - Н. Торманов - Страница 7
5. ОРТАЛЫҚ ЖҮЙКЕ ЖҮЙЕСІНІҢ ФИЗИОЛОГИЯСЫ
ОглавлениеОрталық нерв жүйесінің эволюциялық дамуы жайлы қысқаша түсінік
Тірі ағзалардың эволюциялық даму барысында біртіндеп нерв жүйесі күрделене бастады (централизация және цефализация), осыған байланысты олардың мінез-құлықтары да өзгере бастады.
Нерв жүйесі дамуының кезеңдеріне қозу жіберсек, олардың бірнеше кезеңнен тұратынын байқауға болады. Қарапайымдыларда нерв жүйесі жоқ, бірақ кейбір инфузорияларда клетка ішінде қозғыш фибриллярлы қозғыш аппараттарын кездестіруге болады.
Организмдердің көп клеткалы түріне өтуіне байланысты нерв жүйесінің біртіндеп күрделене бастағанын байқаймыз. Қозуға қабілеттілігі бар мамандандырылған тканьдер қалыптасады.
Орыстың атақты физиологы, ғалым И.П.Павловтың айтуынша: “Сыртқы және ішкі ортадағы көптүрлі өзгерістерге әрбір тірі орга-низм табиғаттың бір бөлігі сияқты, белгілі бір оқшауланған жүйе ретінде өзін-өзі тепе-теңдік күйге келтіруге тырысады”.
Жұлын
Жұлынның құрылымындағы басты бір ерекшелігі оның құрылысы сегмент пішінді бірнеше қайталанып орналасуынан болады, басқаша айтқанда 31-33 сегменттен тұрады. Оның артқы жағынан нерв түбіршелері (тамырына) кіреді, онда артқы түбірше, ал алдыңғы бөлігінен алдыңғы түбірше шығады, сондықтан алдыңғы түбірше деп атайды.
8 мойын (С1-СVll)
12 кеуде (Т1-ТXІІ)
5 белдеме (І1-ІV)
5 сегіз көз (S1-SV)
1-3 құйымшақ (Со1-СоІІІ)
Жұлынның өне бойында екі жерден қалыңдайды немесе жуандайды, біреуі мойын бөлігінде, екіншісі белдемеде. Осы жерде басқа бөліктеріне қарағанда нейрондардың саны өте көп.
Жұлынның рефлекторлық қызметі
Еттің созылу рефлексі. Егер еттің сіңіріне механикалық соққымен әсер етсе, еттер (созылып) жиырылып қозғалысқа келеді. Мысалы, тізеде тобықтың сіңіріне жайлап соқса, балтыр еті жиырылып, сол аяғымыз қозғалысқа түседі. Бұл жердегі рефлекс доғасы мынадай жолмен жүреді.
1) Төрт басты ет рецепторы → жұлын түйіні → артқы түбіршек → ІІІ бел сегментінің артқы өсіндісі → сол сегменттің алдыңғы өсіндісіндегі мотонейроны → төрт басты еттің талшығы. Ал осы рефлекстің тууы немесе жауап беру реакциясы, егер жазылғыш еттер жиырылған кезде бір уақытта бүгілгіш еттерде жиырылмаған жағдайда мүмкін болмас еді.
2) Тері рецепторының рефлекс тітіркендіргіштің күшіне және тітіркендірген рецептордың түріне, оның ең соңғы реакциясы бүгілгіш еттердің жиырылуы арқылы болады.
3) Вицеремоторлы рефлекс ішкі органдардың эфференттік нервтердің қозуынан пайда болады. Мысалы, көкірек клеткасы, құрсақ қабырға еттері және арқаның жазылғыш еттері.
Бас миы. Ми бағанасы
Бас миы (encephalon) шығуына, құрылысына және атқаратын қызметіне байланысты екі үлкен бөлікке бөлуге болады:
Ми бағанасы және алдыңғы ми. Алдыңғы миға аралық ми және үлкен ми жатады.
Ми бағанасына жататындары: сопақша ми, артқы ми (көпір және мишық), ортаңғы ми. Филогенетикалық жағынан қарастыратын болсақ, ми бағанасы үлкен ми сыңарларына қарағанда ескілеу құрылым болып табылады. Осы ми бөлімінде жұлынға тән кейбір белгілерінің орны сақталған. Олар қандай?
Біріншіден – жұлынға тән сегменттері әлі сақталған. Оның дәлелі мидан шығатын нерв түбірлері (корешок) және бас миы, нерв ядролары белгілі бір ретпен орналасқан.
Екіншіден – жұлыннан басталатын қозғалғыш, вегетативтік және сезгіш нервтердің топографиялық дамуы да әрі қарай бағанада жалғасып жатыр.
Сопақша ми (medulla oblangat)
Сопақша ми ұзындығы 25 мм жұлынның жалғасы. Жұлынға қарағанда сопақша мидың құрылымы күрделі, әсіресе ядроларының әр түрлілігі және құрылысында болады. Бұл жерде құрылысы қайталанып, метамерлі емес сұр зат ядро түрінде шет жақта орналасқан.
Оливье (зәйтүн) сол арқылы жұлынмен эксрапирамидалды жүйе және мишықпен байланысады. Оливье – жұқа сына тәрізді ядро немесе Голля, Бурдаха ядролары деп аталады.
Осы жерде төмен қарай және жоғары жүретін пирамидалық жолдардың қиылысқан, байланысқан жері, олар сына тәрізді шоқтардан (Голля және Бурдаха) реткулярлы формациялардан тұрады.
Сопақша ми өзінің ядро құрылымдары және ретулярлы торлары арқылы вегетивтік, соматикалық дәм сезу, есту, вестибулярлық рефлекстердің жүруін іске асыруға қатысады.
Сопақша ми ядроларының ерекшеліктерінің бірі ядроларында біртіндеп қозу процесінің нәтижесінде күрделі рефлекстің іске асуын қамтамасыз етеді. Әсіресе, асты жұту кезінде бірнеше ет біртіндеп, белгілі бір ретпен жұмыс істейді.
Көпір (Варолий көпірі)
Көпір сопақша мидан жоғары орналасқан, сезгіштік, өткізгіштік, қозғалғыштық және интегративтік рефректорлық қызмет атқарады.
Көпірдің құрамына мынадай нервтердің ядролары кіреді – бүру (бет, үшкіл) немесе шеттетпе (отводящий) – улитковый.
Көпірдің ретикулярлы торы ортаңғы және сопақша ми торларымен жалғасып жатады.
Көпірдің ең басты құрылымының бірі – мишықтың ортаңғы аяғы. Осы арқылы үлкен ми қыртысы мишықтың жарты шарларымен байланысып, компенсаторлы және морфологиялық қызметті қамтамасыз етеді.
Көпірдің сезімталдық қызметін қамтамасыз ететін үшкіл және предверно – улитка нервтері. Бұл жерде вестибулярлы тітіркендіргіш жердің тартылыс күшіне және бағытына талдау жасайды.
Ал үшкіл нерв ядросы сезуді бет еті рецепторынан, бастың алдыңғы шаш бөлігінен, мұрын қуысындағы шырышты қабаттан және ауыздан, тістен, көздің алмасының дәнекер қабығынан (конъектива) қабылдайды.
Ортаңғы ми
Төрт төмпешіктен және оның аяқтарынан тұрады. Ортаңғы мидағы ең бір ірі ядроларының бірі қызыл ядро, қара зат, көз қимылдатушы және шытырын (блоковидный) нервтерінің ядросы, сонымен бірге торлы формация ядролары бар. Сезімталдық қызметі есту және көру информациясын іске асырады. Өткізгіштік қызметі – осы жерден мидың жоғарғы бөлігін таламус, үлкен ми және мишыққа қарай жоғарғы көтерілуші жол өтеді. Ал төменгі жол сопақша ми жұлынға қарай өтеді. Олар пирамидалық жол, қыртыс көпір, руброретикул спиналды жол.
Қозғалғыштық қызметі – блок тәрізді нерв, қозғаушы нерв ядросы, қызыл ядро, қара зат ядролары арқылы іске асырылады.
Қызыл ядро ми аяғының жоғарғы жағында орналасқан үлкен мидың қыртысымен байланысты. Егер қызыл ядро мен сопақша мидың ретикулярлы формациясының арасындағы байланыс бұзылса, еттердің сіресуі (децеребрациялық ригидность) деген құбылыс пайда болады. Былайша айтқанда, жазылғыш еттер стресіп, әсіресе аяқ-қол, мойын, арқа еттері қатып, тонусы күшейеді. Оның басты себебі вестибулярлы ядроның немесе ядро еттерін реттеуін жазылдырғыш мотонейронның активтілігінің әсерінен болады.
Қызыл ядро үлкен ми қыртысынан алған ақпараттарды төменгі бөлігіне, қыртыс асты ядросына және мишыққа іс-қимыл жасауға дайындал деген ақпаратты және тірек қимыл аппараттарының күйін жұлынның мотонейронына руброспиналды жол арқылы өткізеді. Сөйтіп, бұлшық еттердің тонусын реттейді
Қара зат – бұл ортаңғы мидың аяқтарында орналасады, шайнау, жұту актілерін және адам жазғанда саусақтарының нақты, дұрыс қимылын реттейді.
Аралық ми
Үшінші қарынның қабырғалары аралық мидан тұрады. Эмбрионалды даму кезінде ол алдыңғы ми көпіршігінен пайда болған.
Бұл мидың басты бөліктері: таламус немесе көру төбесі, гипоталамус немесе көруші төбенің астыңғы аймағы. Таламус ядролары үшінші қарыншаның қабырғаларында орналасқан, ал гипоталамус ядролары қарыншаның төменгі және төменгі бүйір қабырғаларында орналасқан.
Үшінші қарынша жоғарғы беткейі, төбесі және эпифизден тұрады.
Аралық мидың сұр тканінің тереңдігінде сыртқы және ішкі тізелік денесінде ядролар орналасқан.
Таламус
Таламус клеткаларының сұр заты топтасып көп ядро құрайды, барлығы 40-қа жақын әр түрлі ядролар бар. Орналасуына қарай мынадай топтарға бөлінеді: алдыңғы, интрамуралды, ортаңғы және артқы. Атқаратын қызметіне қарай спецификалық, спецификалық емес ядролар деп екіге бөлуге болады. Спецификалық емес ядролар аксондары диффузды түрде ми қыртысының барлық бөліктеріне жіберетін болса, ал спецификалық ядро нейрондары ми қыртысының белгілі бір клеткаларымен ғана байланысқа түседі. Спецификалық емес ядролар ортаңғы мидағы ретикулярлы формацияның жалғасы, сондықтан да таламустың торлы формациясының қызметін атқарушы деуге болады.
Гипоталамус – аздаған ядролардан тұрады, олар гипофизге жақын мидың табанында орналасқан. Гипоталамусты құраушы клетка ядролары вегетативті нерв жүйесінің жоғарғы қабат астындағы орталығы және басқа да органдардың маңызды функциялық орталығы болып есептеледі. Таламустың ерекше ядроларына импульстер экстропирамиалды қозғалғыш аппараттардың рецепторларынан кезеген нерв арқылы ішкі мүшелерге апарады. Бұл жерде соматикалық және интеррецепторлық импульстер бір-бірімен байланысып, ми қыртысының белгілі бір участогына жетеді. Спецификалық ядроларды тітіркендіргенде қозу ми қыртысына 1–6 м/сек жетеді.
Спецификалық емес ядролар көңіл қою, көңіл бөлу процесінде ұйымдастыруға қатысады. Мұны реформация деп те қарауға болады. Бұл ми қыртысының белсенділігін қысқа уақытқа жоғарылатуға қатысады.
Таламус зақымдалғанда ми қыртысына келетін импульстер тоқталады. Мұның құрамына сұр төмпешік (серый бугор) гипофиз және мамиллярлы дене жатады.
Мұнда нейросекретті клеткалар бар, олар: вазопрессин, окситоцин, рилизинг–гормон, т.б. бөледі. Гипоталамус пен гипофиз арасында нервтік және тамыр арқылы байланыс жақсы жетілген.
Қанда каппилляр торы жақсы жетілген. Ол тасымалдау гипоталамус нервтік жүйе мен эндокриндік жүйенің өзара қарым-қатынасын іске асырады.
Алдыңғы ми. Ми қыртысы асты ядросы
Алдыңғы миға базалды нерв түйіндері және ми жарты шарлары жатады.
Базалды нерв түйіндері ядро типтес құрылымдар, олар үлкен ми жарты шарларының ішінде маңдай аймағы мен аралық мидың арасында орналасады. Бұларға жататындар құйрықты ядролар және “қабыршақ”, “жолақты дене” деген жалпы атпен аталады. Осыған байланысты болуы мүмкін. Сұр затты құраушы нерв клеткаларының жиынтығы қабат-қабат болып, бір нерв клеткада екінші ақ зат (талшықтар) орналасып, жолақтанып жатады.
Солғын шармен қосылып олар миқыртысы ядросының стриопаллидарлық жүйесін құрайды. Бұл жүйе ОНЖ-ның эволюциялық даму процесінде жоғарғы даму деңгейіне дейін көтеріліп, әсіресе рептилияларда, құстарда алдыңғы мидың ең басты негізгі құрылымына айналады.
Мишық
Сопақша ми мен көпірдің үстінде және мидың жарты шар-ларының артында орналасқан. Эвалюциялық даму жолына қарайтын болсақ, бұл да ертеден пайда болған құрылым деуге болады. Ең алғаш мишық дөңгелек ауыздыларда пайда болған, осыдан бастап барлық омыртқалыларда кеңістіктегі қимыл-қозғалысының дұрыстығын рет-теу қызметі жағынан ұқсас болады.
Анатомиялық құрылысына көз жіберсек, ол ортаңғы бөлігі – черв, оның екі жағында жарты шарлар және бүйір флоккуляронодуалды бөліктері орналасқан.
Жүйке жүйесі – бұл организмнің барлық мүшелері мен жүйелері қызметтерін үнемі қоршаған ортамен өзара байланыстыра отырып біріктіруші және үйлестіруші арнайы құрылымдардың жиынтығы.
ОРТАЛЫҚ ЖҮЙКЕ ЖҮЙЕСІ
Орталық жүйке жүйесі (ОЖЖ) бас миынан және жұлыннан тұрады, ол ағзаның барлық үрдістерін реттейді және адам ағзасындағы барлық жүйелердің басқару орталығы қызметін атқарады.
Ми қабықшасы бас ми мен жұлынды қоршап тұрады. Олар дәнекерұлпалық құрылымдардан тұрады.
Қабықшалардың сызбанұсқалық көрінісі
Менингит – милы қабықтардың қабынуы.
Мидың қанмен қамтылуы етілуі екі ұйқы және екі омыртқа жотасы артерияларымен қамтамасыз етіледі.
ЖҮЙКЕ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ
Жүйкелер – ОЖЖ-нен тыс жалпы дәнекерұлпалық қабықшамен біріктірілген және жүйке импульстерін өткізетін жүйке жасушалары өсінділерінің жиынтығы.
Сезімтал жүйкелер – сезімтал нейрондардың дендриттерінен құралған.
Қозғалыс жүйкесі – қозғалыс нейронадарының аксондарынан құралған.
Аралас жүйкелер – аксондар және дендриттерден құралған.
Жүйке түйіндері – орталық жүйке жүйесінен тыс нейрон денелерінің жинақталуы.
Жүйкелік аяқтамалар:
Рецепторлық – мүшелердегі дендриттердің соңғы құрылымдары; тітіркендіруді қабылдайды және оны жүйке импульсіне айналдырады.
Эффекторлық – іс-әрекет мүшелері: бұлшықеттер, бездердегі аксондардың соңғы құрылымдары.
Жүйкелік импульс – жасуша мембраналары бойымен таралатын электрлік сигнал.
ЖҮЙКЕЛІК ЖӘНЕ ЭНДОКРИНДІК РЕТТЕЛУЛЕРДІҢ САЛЫСТЫРМАЛЫ СИПАТТАМАСЫ
Жүйкелік және эндокриндік жүйелер ағза қызметтерін бірлесіп реттейді және тепетеңдікті сақтайды.
Гомеостаз – ішкі орта құрамы мен құрылымының тұрақтылығы; ағзаның қалыпты қызмет етуін қамтамасыз ететін ішкі тепе-теңдік пен жүйелердің келісті қызмет ету жағдайы.
МҮШЕЛЕР ҚЫЗМЕТІНІҢ РЕТТЕЛУІ
Гипоталамо-гипофизарлық жүйе
ЖҰЛЫН
Жұлын тартпа пішініне ұқсас, ұзындығы 45 см, диаметрі 1 см. Ортасында жұлын сұйықтығына толы канал бар.
ЖҰЛЫННЫҢ ҚЫЗМЕТТЕРІ
Жұлын қаңқа бұлшықеттері (бас бұлшықеттерінен басқа) мен ішкі мүшелерді жүйкелендіреді.
ЖҰЛЫН СҰЙЫҚТЫҒЫ
Жұлын (церебральді немесе жұлын-ми) сұйықтығы ми қарыншаларындағы тамырлы торлар арқылы өндіріледі; құрамы жағынан қан плазмасына ұқсас. Оның көлемі 120-150 мл құрайды.
Жұлын сұйықтығы айналымының сызбанұсқасы
(Э.Пирстан, 1997ж)
Іс жүзінде бас ми мен жұлын екі қабат сұйықтық арасында орналасқан.
БАС МИ
Бас миы ми сауытындағы ми ішінде орналасады. Оның орташа салмағы 1360 г. Ми үш үлкен бөлікке бөлінеді: ми бағанасы, қыртысасты және үлкен ми сыңарларының қыртысы. Бас мидан 12 жұп бас жүйкелері шығады.
Бас миының құрылысы
БАС МИЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ МЕН ҚЫЗМЕТІ
БАС МИЫНЫҢ ҮЛКЕН ЖАРТЫШАРЛАРЫНЫҢ ҚАБЫҒЫ
Үлкен жартышарларының қабығы – филогенетикалық тұрғыда мидың біршама жас құрылым бөлігі. Сайларының есебінен ересек адамдарда қабықтың беткі қабатының жалпы көлемі 1700-2000 см2 құрайды. Қабықта бірнеше қабат болып 12-ден 18 млрд.қа дейін жүйке жасушалары орын алған.
Бас миының жұмысы
Электроэнцефалограмма көмегімен ми жұмысы және оның патологиялық жағдайлары туралы ақпарат алынады, «ми өлімі» анықталады.
ҮЛКЕН МИ ЖАРТЫШАРЛАР ҚАБЫҒЫНЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
Бас ми қабығының функционалдық зоналары мен бөліктері
Бас миының жартышарлары
ҮЛКЕН МИ ЖАРТЫШАРЛАРЫНЫҢ СЕЗІМТАЛ ЖӘНЕ ҚОЗҒАЛТҚЫШ АЙМАҚТАРЫ
Дененің қозғалыстағы бөлігі қаншалықты көп болса, бас ми қыртысының соншалықты көп аймақы мүшелер жұмысын бақылайды.
РЕФЛЕКС
Рефлекс – сыртқы және ішкі ортадан келетін, орталық жүйке жүйесі арқылы жүзеге асырылатын және басқарылатын тітіркендіргіштерге организмнің жауап реакциясы.
Рефлекстердің түрлері
Түйсіктер (Павлов И.П. бойынша) – күрделі шартсыз рефлекстер.
РЕФЛЕКТОРЛЫҚ ДОҒА
Тітіркендіргіштерде рефлекстің көмегімен рефлекторлық доға бойымен қозудың өтуі мен тежелу жүзеге асырылады.
Рефлекторлық доға, немесе рефлекторлық шеңбер – рефлексті жүзеге асыру барысында жүйкелік импульстер жүріп өтетін жол.
Рефлекторлық доғаның сызбанұсқасы
Рефлекторлық доғаның 5 бөлімі:
1. Рецептор – тітіркендіргішті қабылдайды және оны жүйкелік импулське айналдырады.
2. Сезімтал (орталыққы тебетін) нейрон – қозуды орталыққа өткізеді.
3. Жүйке орталығы – қозу сезімтал нейрондардан қозғыш нейрондарға ауысады (үшнейрондық доғада аралық нейрон да болады).
4. Қозғыш (орталықтан тепкіш) нейрон – қозуды орталық жүйке жүйесінен жұмысшы мүшелерге тасымалдайды.
5. Жұмысшы мүше – алынған қозуға әсерленеді.
Кері байланыс принципі
Жұмысшы мүшелер рецепторларынан ақпарат реакцияның тиімділігін дәлелдеу үшін, және керек болған жағдайда реакцияны қайта жүзеге асыру қажеттігі жайлы мәлімет жүйкелік орталыққа келіп түседі.
ШАРТТЫ РЕФЛЕКСТІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ
Шартсыз (сыртқы) тежелу
ШАРТТЫ РЕФЛЕКСТЕРДІҢ ТЕЖЕЛУІ
Шартсыз (сыртқы) тежелу
Егер шартты тағамдық рефлекстен алдын немесе сонымен бірге кенеттен күштірек сигнал пайда болатын болса (дыбыс, иіс, жарықтану өзгеруі), онда шартты рефлекс бәсеңдейді немесе жоғалады, өйткені кез-келген жаңа тітіркендіргіш итте шартсыз бейімделу рефлексін тудырады, ол өз кезегінде шартты реакцияны тежейді.
Доминанта принципі (Ухтомский А.А. бойынша)
Бұл жағдайда басты орындағы қозу орталығы барлық басқа ошақтарды бәсеңдетеді және ағзаның жауап реакциясының сипатын анықтайды.
Шартты (ішкі) тежелуі
Ұзақ уақыт бойына шартты тітіркендіргішті шартсызбен нығайтып отырмаған жағдайда: шырақ жанған кезде тағам бермегенде туындайды.
Мінез-құлық формасының өзгеруіне алып келеді.
ВЕГЕТАТИВТІК ЖҮЙКЕ ЖҮЙЕСІ
ВЕГЕТАТИВТІК ЖҮЙКЕ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚЫЗМЕТІ