Читать книгу Адам және жануарлар физиологиясы пәнінен әшекейлендірілген. Оқу құралы - Н. Торманов - Страница 8

5. ОРТАЛЫҚ ЖҮЙКЕ ЖҮЙЕСІНІҢ ФИЗИОЛОГИЯСЫ
ПЫСЫҚТАУҒА АРНАЛҒАН ТЕСТТІК ТАПСЫРМАЛАР

Оглавление

1. Гипоталамустың қызметі:

А) Белгілі бір бағытта мінез-құлық, сана-сезімді қалыптастыру және еттердің ырыққа байланысты қозғалысын бақылау;

В) Вегетативтік қызметті реттеуші жоғарға ми қыртысы асты орталық;

С) Көру, есту, ауруды сезуді жинақтап реттеу орталығы;

D) Денені тепе-теңдікте ұстау, іс-қимылды бақылау, еттің қуатын, қимылын реттеу орталығы;

Е) Тыныс алуды реттеу, қорғаныш реакциялардың (түшкіру, жөтелу) орталығы;

2. Соматикалық нерв жүйесінің ролі неде?

А) Сезім мүшелерін басқару;

В) Жүректің жұмысын басқару;

С) Қозғалысты басқару;

D) Асқазан жұмысын басқару;

Е) Жоғарғы нерв жүйесінің қызметін бақылау;

3. Тітіркендіруді қабылдайтын рефлекстік доғаның бөлімі:

А) Жүйке орталығы;

В) Афференттік жүйке талшығы;

С) Эфференттік жүйке талшығы;

Д) Рецептор;

Е) Эффектор;

4. Рефлекс доғасының компонентіне жатпайды.

А) Афференттік нейрон;

В) ОЖЖ;

С) Рецепторлар;

Д) Эфферентті нейрондар;

Е) Глия;

5. Тітіргендіргішке жауабын жүйке орталығынан жеткізетін рефлекстік доғаның бөлімдері:

А) Аралық нейрон;

В) Афференттік жүйке талшығы;

С) Эфференттік жүйке талшығы;

Д) Рецептор;

Е) Эффектор;

Ж) Дендриттер;

6. Қозуды жүйке орталығына жеткізетін рефлекстік доғаның бөлімдері:

А) Аралық нейрон;

В) Афференттік жүйке талшығы;

С) Эфференттік жүйке талшығы;

Д) Жұлын нейрондары;

Е) Жеке аксон;

Ж) Дендриттер;

7. Шартты рефлекстерді сипаттайтын белгілер:

А) Туа пайда болған, тұқым қуалайды;

В) Жұлын деңгейінде жүзеге асады;

С) Жүре пайда болған;

Д) жеке тұрғыда, тұқым қуаламайды;

Е) Ми бағаны деңгейінде жүзеге асады;

Ж) Түрге байланысты емес;

8. Орталық нерв жүйесіндегі процесстер:

А) Суммация;

В) Иррадиация;

С) Реверберация;

Д) Акселерация;

Е) Конвекция;

Ж) Редукция;

9. Рефлекс доғасының компонентіне жатады:

А) афференттік нейрон;

В) нейроглия;

С) рецепторлар;

Д) эфферентті нейрондар;

Е) глия;

Ж) глиондар;

З) астроциттер;

И) олигодендроциттер;

10. Сопақша мидың рефлекс орталықтары.

А) жас шығару;

В) бүгу;

С) жөтелу;

Д) кірпік қағу;

Е) қасу;

Ж) сүт бөлу;

З) ішерлік;

И) көру;

Адам және жануарлар физиологиясы пәнінен әшекейлендірілген. Оқу құралы

Подняться наверх