Читать книгу Адам және жануарлар физиологиясы пәнінен әшекейлендірілген. Оқу құралы - Н. Торманов - Страница 4

3. ҚОЗҒЫШ ҰЛПАЛАР ФИЗИОЛОГИЯСЫ

Оглавление

Тірі клеткаға тән басты қасиет – оның тітіркендігіштігі, яғни тітіркендірудің әсерінен зат алмасу процесінің өзгеріске ұшырау арқылы жауап беру қабілеттілігі.

Қозғыштық – клетканы тітіркендіргенде қозу арқылы жауап беру қасиеті. Қозғыш ткандерге нерв, ет және кейбір секрет бөлуші клеткалар (бездер) жатады. Тірі клеткаларға тән тағы да бір ең маңызды қасиет – электрлік қозғыштығы немесе электр тоғымен әсер еткенде қозу арқылы жауап беру қабілеттілігі.

Қозғыш тканьдердің осындай жоғарғы сезімталдығын, әсіресе өте әлсіз электр тоғының әсерінің қозу қабілеттілігінің болатынын құрбақаның артқы аяғының нерв – еттен жасалынған препаратты қоздыру барысында ең алғаш Л. Гальвани тәжірибе жүзінде көрсетті.

Егер осы перепаратқа әр түрлі металдарды бір-біріне жалғастырып тигізетін болсақ (мысалы, мыс пен цинк), бір пластинкаға етті, екіншісіне нервті, сол кезде ет жиырылады (Гальванидің бірінші тәжірибесі).

Гальванидің тәжірибесінен жан-жақты талдау жасай отырып, А. Вольт мынадай қорытынды жасады: электр тоғы клеткада пайда болмайды, ол әр түрлі металдардың электролитпен жанасқан жерінде, себебі ткань сұйықтығы тұздардың ерітіндісінен тұрады. Осы зерттеудің нәтижесінде А. Вольт жаңа құрал жасап оны “Вольт бағанасы” деп атады (ол бірінен кейін бір қағаз орналасқан цинк және күміс пластинкалардан, оның аралары тұзды ерітіндіден дымқылданған қағаз арқылы бөлінген).

Бірақ өзінің тәжірибесінің дұрыстығын дәлелдеу үшін Л.Гальвани екінші тәжірибе жасайды: етке етті реттеуші нервтің ұшын осы еттің бетіне жанастырғанда еттің жиырылғаны байқалды. (Гальванидің екінші тәжірибесі, металсыз).

Сонымен, Л.Гальвани өзінің көзқарасын анықтап, дәлелдеп әрі қарай дамытты. Ең бірінші, “жануарларда электрлік құбылыстың” болатынын дәлелдеп берді, яғни тірі клеткаларда электр тоғының болатындығын, тірі клеткаларда электр құбылысы болатынын “екінші тетанус” тәжірибесінде толық дәлелдеп берді. Осы тәжірибені жасаған Маттеучи “нерв – ет препаратын электр тоғымен тітіркендіріп, перепаратта пайда болған биотокпен екінші препаратты тітіркендіргенде, электр тогы пайда болады”.

ХІХ ғасырдың аяқ кезінде Л.Герман, Э.Дюбуа – Реймон, Ю. Бернштеиндердің зерттеулерінің нәтижесінде, тірі клеткалардағы электрлік қозудың пайда болуы клетка мембранасында болатындығын дәлелдеп көрсетті.

Қозғыштық және қозу

Әрбір ағза өзін қоршаған орта факторларының өзгеруіне бейімделіп, тұрақты жағдайда тіршілік ету үшін көптеген тітіркендіргіштерге жауап беру қабілеттілігі болу керек.

Тітіркендіргіш – бұл кез келген фактор, оның әсері ағзаға, ағзалар жүйесіне немесе оның жеке бір бөлігіне әсер етуге бағытталған.

Тітіркендіргіштер шығу тегіне қарай әр түрлі болуы мүмкін: а) физикалық (жарық, дыбыс, денені дөңгелетіп айналдыру, қуықтың қабығының керілуі немесе көзге түскен қиқым, электр тоғының әсері, т. б.); ә) физика-химиялық тітіркендіргіштер (осмостық қысымның өзгеруі, қанның рН өзгеруі, электролиттік құрамы, коллоидты күйі, т. б.); б) химиялық агенттер (қоректік заттар, улы заттар, дәрі-дәрмектер, микробтардан бөлінетін токсиндер, өндірістік факторлар, биологиялық активті заттар, әсіресе өсімдіктерден бөлінетін, күнделікті тұрмысқа пайдаланатын химиялық заттар, т.б.).

Осындай қозғыштық қасиеті бар тканьдерді қозушы тканьдер деп атайды. Бұл тканьдерге жататындар: нерв ткані (рецептор, нерв талшығы, нерв клеткасы-нейрондар); ет ткані (қаңқа еттері, ішкі мүшелердің қабырғасындағы бірыңғай салалы еттер, қан тамырларының қабатындағы), безді ткані (ішкі және сыртқы секреция).

Қозғыштық – ол тканьнің қасиеті, қабілеттілігі, ал қозу – бұл күрделі процесс. Сондықтан да қозғыштық қасиетін байқау, көру, анықтау үшін сол тканьді тітіркендіру арқылы анықтап, тіркеуге болады. Әрине, оны зерттей білу, көру макродеңгейде, микродеңгейде жүргізіліп анықталады. Микродеңгейде, ол тканьге тән сол мүшенің қызметі, мысалы, еттің жиырылуы, ал микродеңгейде әрекет потенциалының пайда болуы. Сондықтан да қозу процесінің ең бір жалпылама, айқын көрінісі “әрекет потенциалымен” тығыз байланыстылығы.

Қозуды анықтаудың ең басты өлшемі – тітіркендіргіш порогы немесе тітіркендіргіштің минималды күші. Олардың ішінде біреулері өте нашар дыбысты жақсы естісе, керісінше, нашар дыбысты естімейтіндер, тек жоғарғы қатты дыбысты естиді. Сонымен тітіркендіргіш порогы немесе тітіркендіргіштің ең минималды күші дегеніміз – жеткілікті мөлшерде қозуды тудыратын күші.

Қозғыш тканьдер және олардың қасиеттері

Қозғыш тканьдерге жататындар: нерв, ет және безді құрылымдар. Оларға тән басқа қасиет аяқ астынан немесе тітіркендіргіштердің әсерінен қозып жауап қайтару.

Қозу – әрекет потенциалының пайда болып, тканьдердің өзіне тән жауап қайтаруы, мысалы жиырылып, секрет бөлу арқылы, медиаторлар шығару арқылы.


ҚозҒыш тканьдердіҢ Қасиеті жӘне кӨрсеткіштері жӘне оларҒа сипаттама

НЕЙРОННЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ

МЕМБРАНАЛЫҚ ПОТЕНЦИАЛ

Мембраналық потенциал – бұл жасуша мембрана беті мен оның протоплзамасы арасындағы потенциалдар айырмасы.

Мембрананың сыртқы беті «+» зарядталған;

Мембрананың ішкі беті «-» зарядталған.

Бұлшықет талшығының мембраналық потенциал мөлшері: – 60 – 90 мв.


ӘРЕКЕТ ПОТЕНЦИАЛЫ

Әрекет потенциалы – бұл қозу кезеңін-дегі мембраналық потенциалдың тербелісі (мембрана зарядтары өзгереді).


ӘРЕКЕТ ПОТЕНЦИАЛЫ КЕЗЕҢДЕРІ


1. Жергілікті жауап.

2. Деполяризация.

3. Реполяризация.

4. Теріс іздік потенциал.

5. Оң іздік потенциал.


НЕЙРОН ТИПТЕРІ

СИНАПС

Синапс – жүйке жасушаларының өзара бір бірімен және басқа да жасушалармен (бұлшықет, безді және т.б) байланысатын (жақындасатын) орны.


Нейронаралық синапстың құрылымдық сызбанұсқасы


Импульс аксон аяқтамасына жеткен кезде арнайы зат – медиатор (ацетилхолин, норадреналин, дофамин, гистамин және т.б.) синапстық саңылау арқылы аксонға, дендритке, басқа нейрон денесіне немесе дененің өзге де жасушаларына беріледі.

Медиатор көрші жасушада қозуды немесе тежелуді тудырады.


Адам және жануарлар физиологиясы пәнінен әшекейлендірілген. Оқу құралы

Подняться наверх