Читать книгу Адам және жануарлар физиологиясы пәнінен әшекейлендірілген. Оқу құралы - Н. Торманов - Страница 9
6. АДАМ ЖӘНЕ ЖАНУАРЛАР АҒЗАСЫНДАҒЫ БЕЗДЕР
ОглавлениеЭкзокринді бездер немесе ішкі секреция бездері
– сөл бөлетін арнайы өзектері бар және секреттерін (ферменттер мен басқа да биологиялық белсенді заттар) дене беткейіне немесе дене қуыстарына бөлетін бездер.
Бездер қызметінің реттелуі жүйке жүйесі және кейбір гормондар арқылы жүзеге асырылады.
ІШКІ СЕКРЕЦИЯЛЫҚ (ЭНДОКРИНДІК) ЖҮЙЕСІ
Ішкі секреция бездері (ІСБ) жайлы түсінікті ең алғаш қалыптастырған И.Мюллер (1830). 1849 жылы неміс физиологы Адольф Бертольд тарттырылған (кестірілген) қоразға басқа қораздың ата-лығын (семенник) отырғызғанда, ол бастапқы қасиетін қайта қа-лыптастырады. Сондықтан да тарихта осы күнді эндокринологияның дүниеге келген күні деп есептейді. 1889 жылы Браун – Секар өзіне тәжірибе жүргізгені жайлы мәлімдеме жасады. Жануарлардың ұрық клеткасынан сығып алған сұйықтың 72 жастағының ағзасына жастық шағындағы әсеріндей өзгеріске уақытша да болса әсер еткені байқалған (2-3 айға ғана). Осы фактілердің барлығы осы ғылым саласының тез дамуына үлкен ықпалын тигізген.
Гормондардың әсер ету типтері
М.М.Балабокинаның (1989) жіктеуі бойынша гормондардың әсер етуінің мынадай варианттары бар:
1) Гормондық әсері немесе тек өзіндік эндокриндік вариант өндіргіш клеткада пайда болған гормон қанға келіп, қанның ағысымен нысана мүшеге келіп немесе қашықтан келіп әсер етеді.
2) Паракринді әсері – өзінің өндірілген жерінен клеткаға сыртқы кеңістігіне өтіп, сол жерден нысанаға клетка әсерін тигізу арқылы таралуы.
3) Изокринді әсері – гормон өндіруші клетка мен нысана клетканың байланысы өте жақын.
4) Нейрокринді әсері – медиаторлардың әсеріне ұқсас.
5) Аутокринді әсері – клетка гормонды өзі түзеп, өзіне әсерін тигізеді, былайша айтқанда нысана → клетка → өндіруші.
Гормондардың химиялық табиғатына байланыстылығы
3 топқа бөлінеді: а) белок пептидті, б) стероидты, в) амин қышқылдардың туындылары.
Бірінші топтағы гормондар протейдтер (күрделі белоктар). Бұлар глюкопротейдтер. Бұған жататындар: ТТГ, ФСГЛГ. Екінші топтағылар пептидті гормондар: олар 30–90 амин қышқылы қалдықтарынан тұрады. Оған жататындар: АКТГ-СТТ, меланин жасаушы гормон, пролактин, паратгормон, инсулин, глюкогон. Мысалы, АКТГ-да 39 амин қышқылы қалдығы бар. СТГ-да 191, пролацин – 198.
Үшінші топтағы белокты гормондар, бұлар олигопептидтер. Бұл гормондарда амин қышқылы қалдықтары өз мөлшерде: бұлар либериндер, статин, асқазан ішек гормондары. Мысалы, самотостатинде 14 амин қышқылы, гонадолибиринде 10, окситоцин 9 амин қышқылы қалдықтарынан тұрады.
Бұл жерде тағы да бір айта кететін маңызды қасиеті белоктық гормондар, біріншіден, гидрофильді, сондықтан да фосфолипидті кедергі (плазматикалық мембранасы) арқылы өте алмайды, екіншіден, олар гидрофильді болғандықтан өз бетінше қан арқылы тасымал-данады, себебі олар қанда жақсы ериді.
Стериодты немесе липидті гормондар – олар холестериннің туындылары (холестерин прогненолға ауысып, осыдан негізгі стериодты гормондар пайда болады). Олар: кортикостерон, кортизол, альдесторон, прогестиндер, эстрадиол, эстриол, эстрон, тестостерон, витамин Д. Бұдан басқа да осы топқа жататын арахидон қышқылы және оның туындылары – простогландиндер, простаулклиндер, тромбоксалдар, лейкотрейндер. Бұл гормондардың барлығы гидрофобты. Сондықтан да синтизделінген жерінен клетка мембранасы арқылы оңай өтеді, басқа жерге кедергісіз жетеді (қан, клетка арқылы кеңіс-тіктер). Қанда арнаулы тасымалдаушылар бар.
Амин қышқылдарының туындыларына жататын гормондар тобы: адреналин, норадреналин, дофамин, тиронды гормондар, барлығы да тирозии амин қышқылының туындылары. Серотонин- триптофан, гистамин-гилидинин тек тиреоидты гормондар ғана клетка мембранасы арқылы өте алады, ал қалғандарды өте алмайды.
Сондықтан да гормондардың химиялық қасиеті ағзада болатын күрделі процестердің жеке-жеке кезеңдерін, нысана мүшеге жету, әсер ету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
Секреция – безді клеткалардың ішіне түскен заттардан пайда болған және белгілі бір мақсатпен қызмет атқаруға бағытталған арнаулы өнімдердің пайда болуы.
Бездердің функционалды күйі олардан бөлінетін секреттердің саны мен сапасына қарай анықталады (ас қорыту, тер бөліну, т.б.).
Безді клеткадан бөлінетін секреттердің химиялық табиғаты әр түрлі болады: белоктар, липопротейдтер, мукополисахаридтер, тұздардың ертінділері, негіздер мен қышқылдар. Секрет бөлетін клетка химиялық табиғаты жағынан бір түрлі немесе әр түрлі, бір ғана немесе көптеген өнімдерді синтездеп және бөліп шығаруы мүмкін.
Безді клеткалардың биопотенциалы