Читать книгу Қазіргі заман кезіндегі Азия мен Африка елдерінің тарихы (1918–1945). I бөлім - Рыскелді Мырзабекова - Страница 1

КІРІСПЕ

Оглавление

Қазақстан Республикасының Болон үдерісіне қосылуы, елімізде жоғары білім беру жүйесінде мамандарды даярлауда жаңа сапалық талаптарды алға шығарды. Үш сатылы жоғары білім беру жүйесі студенттерді даярлауда жаңа әдістерді айналымға енгізуді қажет етуде. Осы аталған жайттар студенттердің интеллектуальды және жалпы мәдени деңгейінің қалыптасуына және аталған қасиеттерді дамытуына бағытталған оқу құралдары мен оқулықтарды даярлаудың қажеттілігін бірінші орынға қойып отыр.

Жоғары білім беру жүйесінің үш сатылы деңгейге бөлінуі оқу материалы көлемінің ұлғаюына және кең көлемдегі деректік материалдар мен ғылыми әдебиетті айналымға енгізуге алып келуде. Осы орайда, тарихи және саяси сипаттағы ақпараттық деректердің көлемі ұдайы арта түсетіндігін естен шығармау керек. Сондықтан студентті осындай ақпараттық ағындар легінде өзінше бағдарлана білуіне және осындай деректік материалдарды өз бетінше талдау және сараптау білудің жаңа әдістері мен амалдарына үйрету және дағдыландыру өте маңызды. Осы әдістерді игере, студент өзінің болашақ мамандығының ғылыми бейінділігінің маңызын түсіне отырып, ең маңызды деген фактілерді өзге материалдардан екшелей білу дағдыларын меңгеретін болады.

Аталған оқу құралының мақсаты 1918-1945 жылдар аралығында Азия мен Африка елдерінде орын алған елеулі тарихи оқиғалардың қырлары мен сырларын және себептерін ашып көрсету.

Оқу құралын даярлау барысында тарихилық пен ғылымдық принциптер басшылыққа алынды.

Оқу құралында материалдар фактлердің орын алу тұрғысынан берілген. Материалдардың терең түсіндірмесіз берілуі, студенттердің өзінше пайымдаулар мен ой қорытулар жасауына жол ашып отыр.

Оқу құралында соғысаралық және соғыс кезінде Азия мен Африка елдерінде орын алған елеулі тарихи оқиғалар мен осы оқиғалардың басы-қасында болған тарихи тұлғалардың рөлі мен қызметі ашып көрсетілген.

Басты назар Азия мен Африка елдерінде капиталистік құрылыстың орнауы мен бекінуі және отаршылдық басқарудың формалары мен тәсілдеріне аударылған. Себебі осы аталған тарихи құбылыстарды білмейінше, Азия мен Африка елдерінде осы кезде орын алып жатқан оқиғаларды бағамдау мүмкін емес.

Қазіргі заман кезіндегі Азия мен Африка елдерінің тарихы (1918–1945). I бөлім

Подняться наверх