Читать книгу Әлеуметтік-экономикалық қауіпсіздікті басқару - Өтеғали Шеденов - Страница 3
I тарау
ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІКТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
2. Әлеуметтік-экономикалық қауіпсіздік құрылымы мен факторлары
ОглавлениеҚазіргі жағдайда әлеуметтік-экономикалық қауіпсіздікке қол жеткізу, ең алдымен экономиканың қауіпсіздігіне сүйенеді, яғни ол Қазақстанның даму стратегиясының негізгі маңызды бағыттары. Экономикалық және саяси тұрақсыздық, Қазақстан мен тек әлеуметтік экономикалық байланысты емес, сонымен бірге ондаған жылдар бойы ұлтаралық және жеке байланыстармен қарым-қатынасатын көршілес мемлекеттердегі ұлтаралық шиеленістер, республикадағы жағдайға теріс ықпалын тигізеді.
Еңбекті аймақтық бөлу және орталықта жоспарлау жылдарында қалыптасқан өнеркәсіптік және минералдық шикізаттан және қайта өңделетін кейбір өнімдерден басқалары өнімдерді өткізудің альтернативті рыногының болмауы, өндірістің технологиялық артта қалуы, оның өтелмейтін монополиялануы мен шоғырландырылуы ел экономикасын қауқарсыз етеді. Ол экономикалық тетіктерді, республикалық саяси қысым жасау үшін, Қазақстаннан басқа елдермен қарым-қатынасындағы ұлттық мүдделерге қысым жасауға пайдалану мүмкіндігін тудыруы тиіс. Сондықтан да, әлеуметтік-экономикалық қауіпсіздік – азаматтардың әлеуметтік және экономикалық қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында аз еңбекті шығындай отырып, шикізат ресурстары мен қоршаған ортаны табиғи қорғап, пайдалану арқылы елдің экономикалық дамуын қамтамасыз ету, яғни әлеуметтік-экономикалық қауіпсіздік – тек ұлттық мүдденің қорғалуы ғана емес, сондай-ақ Үкімет институттарының отандық экономиканы дамытудағы және қоғамның әлеуметтік саяси тұрақтылығын сақтап тұрудағы ұлттық мүддені қорғауға қабілеттілігі және даярлығы болып табылады.
Өз қауіпсіздігін ішкі және сыртқы саясаттың шешуші звеносы ретінде қарастыратын көптеген елдерде ұлттық қауіпсіздікті, соның ішінде әлеуметтік-экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуші стратегиялық және тұжырымдамалық құжаттар қолданылады.
Қазақстан тәжірибесіне қарай отырып, экономикалық реформалардың тізбекті қадамдарын жасауды атап өтуге болады. Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық қауіпсіздігі қазіргі таңда ұзақ мерзімді дамудың мемлекеттік стратегияларының механизмдері, сондай-ақ салалық бағдарламалар, тұжырымдамалар мен стратегиялар аясында қамтамасыз етілген.
Бірақ, ел экономикасын сәйкесінше оның экономикалық өсуін өндіру өнеркәсібіне бекіту болашақта мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігін төмендетеді. Қазіргі таңда экономиканың әртараптандырылуы, сондай-ақ аймақтық дамудың біркелкі болмау мәселесі өткір болып тұр. Көршілес елдердің тәжірибесі мынаны көрсетеді, ұзаққа созылған әлеуметтік-экономикалық жағдайдың нашарлығы, жоғары әлеуметтік жікке бөліну айқын көрініс тапқан аймақтық әртараптандыру саяси шиеленістің ғана емес, сондай-ақ күштер қақтығысы ошағының себептері болды.
Осылайша, әлемдік тәжірибені және Қазақстан экономикасының әрекет ету ерекшеліктерін ескере отырып, әлеуметтік-экономикалық қауіпсіздікті айқындайтын келесі компоненттерді атауға болады: құрылымдық; технологиялық; институционалды; қаржылық-несиелік; инвестициялық-инновациялық және т.б.
Дамыған елдерде әлеуметтік-экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету – мемлекеттік саясаттың приоритеті бағыты, сондықтан әлеуметтік-экономикалық қауіпсіздік кепілдеме ретінде екі деңгейде түсіндіріледі:
– сыртқы саясат – мемлекет егемендігі;
– ішкі саясат – қоғамның әлеуметтік-экономикалық тұрақтылығы.
Ұлттық әлеуметтік-экономикалық қауіпсіздік – экономика және билік институттарының сондай жағдайы, яғни бұл жағдайда мемлекеттің ұлттық мүдделерін кепілді қорғау, ішкі және сыртқы процесстердің даму қолайсыздығы кезінде жеткілікті экономикалық және қорғаныс потенциалы қамтамасыз етіледі. Әлеуметтік-экономикалық жүйе тұрақты болған сайын, экономика өмірге икемдірек болады, яғни оның қауіпсіздігін бағалау жоғарылайды. Әлеуметтік-экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үрдісі ішкі және сыртқы қауіптерден немесе қатерлерден қорғалу механизмдерін қалыптастыруға негізделген. Өйткені, әлеуметтік-экономикалық қауіпсіздік – ішкі-сыртқы экономикалық қатерлердің бетін қайтаруға қабілетті, экономикалық тұрақтылықты сақтау және ұлттық экономиканың мемлекет тарапынан қорғалуына бағытталған өзара байланысты экономикалық кешенді шаралардан тұратын динамикалы жүйені білдіретін экономиканың жай-күйі ретінде анықталады (4-сурет).
Мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуінің сандық және сапалық көрсеткіштері бар болғанымен, оның негізгі түйіні ұлттық экономикалық мүдделерді жүзеге асыру қабілетімен көрінеді. Экономикалық мүдде қоғам мен мемлекеттің қысқа мерзімдегі мақсаттарына ғана емес, ұлттық экономиканың стратегиялы дамуын қалыптастыруға әсер етеді. Оны жүзеге асыруда басты субъект – мемлекет.
4-сурет – Әлеуметтік-экономикалық қауіпсіздік құрылымдары. Осы дерек көзінен құрылды [18]
Әлеуметтік-экономикалық қауіпсіздігінде қауіп – қатер факторлары жиі қолданылады.Олар мыналар:
– аймақтар дамуының әлеуметтік – экономикалық деңгейдің объективті айырмашылықтары, өнеркәсіп өндірісіндегі құрылымдық өзгерістер фонында экономикалық қатынастарда депрессиялық, дағдарысты, артта қалған аудандардың болуы;
– Қазақстанның жеке қалаларының кәсіпорындары арасында өндірістіктехникалық байланыстардың бұзылуы;
– Қазақстан Республикасының жеке аймақтарының арасында жан басына шаққандағы ұлттық табысты өндіру деңгейінде алшақтықтың ұлғаюы;
– Қазақстан аудандар экономикасының дамуында диспропорция сақталуда.
Аймақтардың экономикалық бірігуі Қазақстан нарығының қызмет етуінің міндетті шарты. Бірақ жеке аудандар, әсіресе табиғи – шикізат ресурстарына бай, өз артықшылықтарын біржақты қолдануға ұмтылады. Осыдан мемлекеттің аумақтықсараланған саясат керектігі шығады, яғни аймақтарға бірдей нарықтық жағдай жасау үшін.
Әлеуметтік-экономикалық қауіпсіздік қауіп-қатерінің басқа факторы – ол экономиканың, ұлттық экономиканың теңгерімсіздігін шақыртатын екі әлсіз байланысқан секторға жіктелуі, экспорттық және ішке бағытталған салалардың поляризациясы. Осы қатынаста ең жақсы жағдайда отын – энергетикалық сектордың кәсіпорындары болып қалды, оларда кепілді өткізу нарықтары болды және шетел капиталымен жекешелендірудің объектілері болды.
Қазақстан Республикасының экспорттық құрылымын зерттеу негізінде тауар номенклатурасының бөлімдері бойынша (экономикалық қызметтің барлық түрлерінің Жалпы жіктеуіне сәйкес) экспорттық бағытталған салаларға – энергетикаға арналған материалдардан басқа кен қазу, қара металлургия және түсті металдарды өндіру; ішке бағытталған салаларға – өңдеу өнеркәсібі; басқа салаларға – электр энергиясын, газды және суды өндіру және тарату жатады.
Басқа фактор – экспорттық бағытталған көбінесе сыртқы нарықпен байланысты және әлем нарығының конъюнктурасының тербелістеріне сәйкес қызмет етеді. Егер осы сектор едәуір дәрежеде ірі батыс трансұлттық компаниялармен жекешелендірілді деп есептесек, онда оның ұлттық экономикадан одан да оқшауланғанын күтуге болады.
Қазақстан экономикасында сондай жағдайлар қалыптасты, яғни бұл кезде ішке бағытталған сектор нарықтық ортада қайта өндіру үшін жетерлік алғышарттарға ие емес. Еңбекақы мен салықты төлеуден кейін қалған қолдағы бар табыс негізгі капиталға инвеститцияларды қалыпты қайта өндіруге жеткіліксіз.
Әлеуметтік-экономикалық қауіпсіздік қауіп-қатерінің негізгі факторы – халық өмірінің төмен деңгейі, табыстары саралаудың жоғарлылығы.
Елдің әлеуметтік тұрақтылығы мен тіршілігіне, оның экономикалық қауіпсіздігіне ең үлкен қауіп төндіретін:
– халықтың әртүрлі топтарының арасындағы табыс пен тұтынуды жоғары саралау;
– жұмыссыздықтың деңгейі;
– азық-түліктің құнды түрлерін орташа нормамен тұтынудың қысқаруы үшін тамақтанудың балансталмаған құрылымы;
– инфляция деңгейінің өзгермелілігі, оған халықтың сатып алу қабілетіне байланысты, және кедейлік аймағының кемімеуі.
Әлеуметтік-экономикалық қауіпсіздік жағдайы кері шамалармен – қауіптермен анықталады. Әлеуметтік-экономикалық қауіпсіздік қатерлері – ішкі және сыртқы факторлардың (немесе олардың жиынтығы) әсерімен экономиканың негізгі звеноларының, оның басқару жүйесінің бұзылу қаупі, ұлттық байлықтың азаюы, технологиялық артта қалуы, қаржы-несиелік және валюта жүйесінің бұзылуы, ғылыми және әлеуметтік регресс, қоғамдағы интеграцияның бұзылуы, конституциялық әлеуметтік құқықты қамтамасыз ету мүмкіндігінің жоқтығы әсерінен ситуациялық дамудағы әлеуеттік мүмкіндік. Осылайша, экономикалық мүддеге әлеуметтік-экономикалық қауіптерді туғызады. Жалпы түрде оларды ішкі және сыртқы қауіптерге байланысты топтарға бөлуге болады.
Қазақстан жағдайындағы ішкі экономикалық қатерлерге жататындар:
– горизонтальді және вертикальді түрдегі шаруашылық байланыстардың бұзылуы;
– шаруашылықтың техника-технологиялық базасының азаюы;
– жұмыссыздық;
– инфляция;
– салық салудан көпшіліктің қашуы;
– экономиканың монополизациясы;
– экономиканың және қоғамның қылмысы;
– ішкі және сыртқы қарыздың көлемділігі;
– валюталық ресурстардың түрленуі.
Қазақстандық экономиканың сыртқы әлеуметтік-экономикалық қатерлеріне келесілерді жатқызуға болады:
– импорттық тәуелділіктің өсуі;
– экономиканың тым ашық болуы;
– Қазақстанның өзіндік инициативасымен табиғи ресурстардың нетто-экспортерына айналуы;
– экономикалық динамиканың жаһандануы;
– халықаралық ұйымдар мен байланыстардың рөлі;
халықаралық еңбек бөлінісі мен сауданың динамикасы мен құрылымы.
Ішкі қайшылықтардың өрши түсуінен, органдардың тиімді шешім қабылдай алмауынан ішкі қауіптер өсу үрдісіне ие болады да, сыртқы қауіптер үшін қолайлылық тудырады. Бұл біріншіден, ішкі қауіптер мемлекеттің экономикалық, әсіресе, қаржылық қуатын әлсірете отырып, экономиканы жаңартуға кең мүмкіндік бермейді.
5-сурет – Экономикалық қауіпсіздік жүйесінің құрылымы. Дереккөзі негізінде көрсетілді [19]
Екіншіден, мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық әлсіздігі ұлтты халықаралық қаржылық ұйымдардың алдында тәуелді етеді, өйткені, елдің бюджеттік ресурстары мемлекеттің минималды әлеуметтік міндеттемелерін де төлеуге мүмкіндік бермейді. Қарызды көптеп алу бюджет мәселесін шешпейді, қайта сыртқы қарызға көрсетілетін қызмет шығындарын өсіре түседі.
Үшіншіден, ішкі қауіптер отандық тауар өндірісінің ішкі сұранысты қанағаттандыра алмауы экономиканың импортқа, сыртқы рынок конъюнктурасына, оның тауарлық және қаржылық сегменттеріне, оның ішінде азық-түлік, машина құрал-жабдықтар, халықаралық несиелерге деген тәуелділікке әкеп соқтырады.
Төртіншіден, ішкі қауіптерді жеңе алмаған мемлекет сыртқы саясатты да белсенді жүргізе алмайды. Отандық өндірушілердің мүдделерін дұрыс қорғамайды, бәсекеге қабілетті мол өнім шығарылмайды (5-сурет).
Сонымен қатар, мемлекеттік шараларды қолдануды талап ететін әлеуметтік-экономикалық қауіпсіздіктің келесі ықтимал қауіп-қатерлеріне назар аударған жөн. Біріншіден, өнеркәсіптің өндіруші және қайта өңдеуші салаларының бірдей дамымау үрдісі. Экономиканың шикізатқа бағытталуы бір жағынан, оның шикізатқа деген әлемдік бағалардың ауытқуына күшті тәуелділігін байқатса, ал басқа жағынан шикізаттық емес сектордың дамуы үшін елеулі түрде кедергі келтіретін факторлардың болуы, ол елдің халықаралық еңбек бөлінісінде барабар емес рөлге ие болуына әкелуі мүмкін.
Ал екіншіден, ел өңірлерінің әлеуметтік-экономикалық дамуында теңгерімсіздікдің (дисбаланс) сақталуы. Өңірлердің даму деңгейінде де едәуір айырмашылықтар бар, ол ұлттық табыстың жан басына шаққанда өндіріс деңгейіндегі алшақтықты туындатады. Бұл реттелмейтін ішкі еңбек миграциясының өсуіне әкеліп, әлеуметтік мәселелерді шиеленістіруі мүмкін.
Дегенмен, бұл бағытта мемлекет тарапынан тиісті қадамдар жасалуда. Дегенмен, олар әлі де болса осы мәселелерді түбегейлі шеше алмауында.
Үшіншіден, қаржы саласында қалыптасқан кейбір үдерістер. Мысалы, кредит берудің күрт өсуі банк кредиттерінің сапасы туралы мәселені өткір қоюда. Ал, қазіргі уақытта банк активтерінің 70 %-ы кредиттермен ұсынылуда.
Шикізат өндіру көлемінің және оның бағасының өсуінің салдарынан қаржы ресурстарының құйылуының едәуір артуы айырбас бағамы мен инфляцияға күшті қысым жасайды. Шикізатты өндірудің жоспарлы түрде кеңейтілуін ескерсек, аталған үрдіс күшейе түсуі мүмкін.
Елдің жалпы сыртқы қарызының (ЖСҚ) бақыланбайтын өсуі қатерді күшейтуде. Еліміздің жалпы сыртқы қарызы 2012 жылы 137 млрд. АҚШ доллары болса, қазір 184 млрд. АҚШ долларын құрады. Жалпы сыртқы қарызының өсуінде негізгі рөл мемлекет кепілдік бермеген, жекеше банктер секторының қарыздарына тиесілі болып отыр. Жалпы сыртқы қарыз көлемінің өсе түсуі, ең алдымен мемлекеттің беделіне кері әсерін тигізіп, капиталдың ішкі нарықтарының өсуін тежеп, қаржы секторының тұрақтылығынан айырылуына әкеліп соқтырады.
Төртіншіден, Қазақстанның Дүнижүзілік сауда ұйымына кіруі үшін экономиканың жекелеген секторларының (мұнай химиясы, ауыл шаруашылығы, машина жасау және т.б.) дайындығы төмен деңгейде қалуы. Қазақстандық өнімнің әлемдік нарықтағы бәсекеге қабілетті деңгейінің төмендігі келіссөз үдерісі үшін қажетті, талдау құрамдасын жетілдіруді талап етеді.
Импорттық тауарлар мен қызметтердің Қазақстан нарығына келіп түсуінің күшеюінен болатын салдарларға жасалған жанжақты экономикалық есептеулер аз, әлі де Қазақстанның заңнама саласының жүйелі сипатының, халықаралық заңнама жүйесімен үйлесуіне дайындығының салдарлары мәселесі жеткілікті пысықталмаған. Төлем балансы бойынша көптеген есеп-шоттар көрсеткіштері әлі де тұрақты емес, теріс сальдо көрсетіп отыр. Мысалы, қызмет көрсету мен табыс баланстарында теріс сальдоның мөлшері бірнеше есе асып кеткендігі рас.
Бесіншіден, экономиканың «көлеңкелі экономика» деңгейінің жоғарылығы. Бағалауға қарасақ, жалпы экономиканың әлі де 20 пайызы «көлеңкелі экономикада» қалуда. Сонымен қатар, экономикада қазіргі бар «көлеңкелеу» кәсіпкерлерге сыбайлас жемқорлықпен қысым жасаудан туындаған бизнес жүргізу рәсімдерінің сақталып отырғандығында. Көлеңкелі экономиканың басым бөлігі саудада, шағын және орта бизнес деңгейлерінде сақталуында. Сондай-ақ, бизнесті ашу, ұйымдастыру, жүргізу және мемлекетке салық төлеу салаларында мемлекет тарапынан кедергілер болғандықтан, көлеңкелі экономика сақталып отыр.
Алтыншыдан, экономикалық дамудың негізгісінің бірі халықты әлеуметтік және экономикалық қорғаудың әлсіздігі. Жұмыссыздық пен кедейшілік, қоғамның әлеуметтік жіктелуі, денсаулыққа қажетті медициналық қызметтерге қол жеткізудің тарылуы, білім стандарттарының нашарлығы, азық-түлік пен ауыз судың сапасы, сәбилер өлім-жітімінің азаймауы. Елдің сапалы өсу жолына шығу үдерісіндегу негізгі қатерлер болуында.
Осы қатерлердің болуы макроэкономикалық тепе-теңдіктің бұзылуына, «голланд ауруына», шикізаттық емес сектордың бәсекеге қабілетінің кемуіне, отандық тауарлар нарығынан шығып қалуға әкеліп соқтыруы мүмкін.
Осындай әлеуметтік-экономикалық қауіпсіздіктің басты қауіпқатерлердің тереңдеуіне және дамуына жол бермеу мақсатында тиісті басымдықтар мен стратегиялық міндеттерді айқындау керек. Әлеуметтік-экономикалық қауіпсіздік саласындағы мақсат – Қазақстан экономикасын ғаламдану жағдайында жұмыс істеуге бейімдеуі, экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыруы тиіс.
Әлеуметтік-экономикалық қауіпсіздікке қауіп төндіретін факторлар мониторингі жедел ақпараттық-сараптамалық бақылау жүйесі ретінде экономикадағы күрделі макроэкономикалық және салааралық теңсіздіктерді айқындайды және әлеуметтік-экономикалық индикаторлардың тұрақсыздығын бейнелейді. Іс жүзінде, аталмыш мониторинг экономиканың дағдарыстық немесе жағымсыз құбылыстарын анықтайды. Оларды тек анықтап қана қоймай, жаңа қатерлердің туындау мүмкіндіктерінің алдыналу жолдарын қарастыруы тиіс (6-сурет).
6-сурет – Экономиканың нақты секторының әлеуметтік-экономикалық қауіпсіздігі
Осылайша, мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігіне қатер төндіретін факторлар мониторингі осы қауіптердің алдын-алу шараларын қалыптастыру бағытындағы жұмыстар болып табылады. Ол қысқа, орта, ұзақ мерзімді мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуының тұрақты талдау элементі болуы тиіс.