Читать книгу Әлеуметтік-экономикалық қауіпсіздікті басқару - Өтеғали Шеденов - Страница 6
ІІ тарау
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ НАҚТЫ СЕКТОР ЭКОНОМИКАСЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІГІНІҢ ЖАҒДАЙЫ ЖӘНЕ ОНЫ БАҒАЛАУ
Оглавление1. Қазақстанның нақты сектор экономикасындағы әлеуметтік-экономикалық қауіпсіздік – ұлттық қауіпсіздіктің кепілі
Қазақстан – орасан зор аумақта орналаса отырып, әлеуметтік-экономикалық дамудың жергілікті аймақтық ерекшеліктеріне ие. Олар экономикалық шаруашылық байланыстарға, тауарлардың, капиталдың, жұмыс күшінің ағымының шарттарына және жалпы мемлекеттің экономикалық әлеуетіне едәуір ықпал етуге қабілетті. Жергілікті аймақтардың бірінің екіншісінен артта қалушылығы халықтың әлі де өмір сүру деңгейінің төмендігінде, экономикалық шаруашылық қызметтің аз қарқындылығында, нақты сектор экономикасындағы өнеркәсіптің аз әртараптандырылған салалық құрылымында, ғылыми-техникалық әлеуеттің жаңартылмауында, әлеуметтік саланың мардымсыз дамуында. Осы айтылған қауіпқатерлер мемлекеттік және жергілікті аймақтар экономикасына әлеуметтік-экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге күрделі қиындықтар туғызады.
Қазақстан жергілікті аймақтарының нақты сектор экономикасын келесідегідей сыныптауға болады [30]. Мәселен: Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе және Қызылорда облыстарын мұнай-газ облыстары деп анықтауға болады. Олардың айрықша касиеттері: инвестициялардың анағұрлым жоғарғы деңгейі (елге салынған барлық капитал салымдарының 50%дан астамы), монобағытты экономика, әлсіз дамыған ауыл шаруашылығы және қайта өңдеу нақты секторлары.
Ал, өнеркәсіптік облыстар анағұрлым кең кеңістікті қамтиды, ол шығыстан орталыққа қарай тарылады: Павлодар, Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстары. Берілген облыстар үшін қара және түсті металлургияның ірі ресурстары, болашағы бар қайта өңдеу секторы, әртараптандырылған өндіріс, анағұрлым дамыған перифериялар тән. Статистикаға сәйкес, өнеркәсіптік облыстарда ел тұрғындарының 23,3 %-ы өмір сүреді.
Сол сияқты, Солтүстіктегі Қостанай облысын және оңтүстіктегі Жамбыл мен Оңтүстік Қазақстан облыстарын аграрлы-индустриалдық облыстар деп атауға болады. Аталған үш облыс та ауыл шаруашылығына анағұрлым нақты секторда маманданған, бірақ өнеркәсіптік әлеуетті дамыту үшін ресурстары да бар. Сонымен бірге бұл облыстар тартымды табиғи ресурстарға бай. Оңтүстік аграрлы-индустриалды облыстарда жер суармалы, ал қыста солтүстік аймақтарда қар тоқтатылады. Аймақта республика тұрғындарының 27,4 %-ы тұрады.
Қазақстанның ауыл шаруашылығы облыстары екі массивке бөлінген. Оларға оңтүстік-шығыстағы – Алматы облысы және солтүстіктегі – Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстары жатады. Олардың ауыл шаруашығындағы мамандануы ортақ, бірақ өсу серпіні әртүрлі. Әлсіз нақты сектор өндірістік кешен. Ауылшаруашылық облысына ресми түрде қазақстандықтардың 20 %-ы қарайды.
Ал, республикалық маңызы бар Алматы және Астана қалалары – бұл тұтыну орталықтары. Олардың ерекшелігі тұрғындар табыстарының жоғары деңгейінің болуында және қызмет көрсету саласының дамығандығында. Олардың сауда айналымы жалпы республикалық айналымның жартысын дерлік құрайды.
Қазақстан жергілікті аймақтар экономикасын сыныптау жергілікті аймақтардың нақты сектор экономикасының даму ағымындағы жалпы ұқсастықтарға негізделеді және бес топты бөледі: мұнай-газ, өнеркәсіптік, аграрлы-индустриалдық, ауыл шаруашылық, тұтыну орталықтары.
Қазақстан жергілікті аймақтарының экономикасының әлеуметтік-экономикалық даму деңгейінің әртараптануын 3-кестеден көруге болады.
3-кесте
Қазақстанның жергілікті аймақтарындағы жан басына шаққандағы жалпы аймақтық өнім бойынша топтастыру
Көрсетілген кесте бойынша көрсеткіштері нақты сектор салаларының аймақтық экономикалық дамуында біркелкі еместігін сипаттайды. Егер Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қарағанды, Павлодар облыстары, Алматы және Астана қалаларындағы жан басына шаққандағы жалпы аймақтық өнім көлемі орташа республикалық деңгейден 1,5 есе көп болса, онда Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарында орташа республикалық деңгейден екі есе аз. Жалпы аймақтық нақты сектор экономикасының өнімнің негізгі үлесі жетекші аймақтарға шоғырланған: Атырау, Маңғыстау,
Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қарағанды, Павлодар облыстарында, Алматы және Астана қалаларында шоғырланған және 68,6 %-құрайды. 2007-2012 жж. аралығында жалпы аймақтық нақты сектор экономикасының өнім үлесінің анағұрлым төмен деңгейі Ақмола, Жамбыл, Қостанай, Қызылорда және Солтүстік Қазақстан облыстарында байқалады. Көрсетілген жылдар ішінде аталған облыстардың ешқайсысында жалпы аймақтық өнімнің 4,5 % деңгейіне де жетпеген (4-кесте).
4-кесте
Қазақстан жергілікті аймақтарының 2007-2012 жж. аралығындағы жалпы аймақтық нақты сектор үлесі пайызбен
Жергілікті аймақтардың инвестициялық тартымдылығы мен инвестициялық белсенділігін, сонымен бірге экономикалық даму алғышарттарын жан басына шаққандағы негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі анықтайды. Берілген көрсеткіш бойынша 2007-2012 жж. аралығындағы кезеңде жетекші аймақтар: Атырау, Маңғыстау облыстары және Астана қаласы болып табылады. Аймақтардың бұл тобы елдің басқа аймақтарымен салыстырғанда инвестициялық тартымдылығын сақтауда (5-кесте).
5-кесте
Жан басына шаққандағы негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі, мың тенге
Қарастырылып отырған кезеңдегі аймақаралық нақты сектор экономикасының әртараптануының серпіні көрсеткендей, жан басына шаққандағы негізгі капиталға салынған инвестициялар деңгейінің ең үлкен және ең кіші мәндерінің қатынасы алдындағы әлсіз аймақтарға инвестициялар көлемін ұлғайту арқылы қысқарады. Жан басына шаққандағы негізгі капиталға салынған инвестицялар көлемін талдау көрсеткендей, Астана қаласында, сондай-ақ Атырау, Маңғыстау облыстарында бұл көрсеткіш жалпы республикалық көрсеткішті 2-7 есе асады. Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Алматы, Ақмола, Қостанай облыстары сияқты аймақтарда берілген көрсеткіш жалпы республикалық деңгейден төмен.
Осылайша, Қазақстан жергілікті аймақтары бойынша инвестициялардың біркелкі емес бөлістірілуін атауға болады, бұл аймақтардың нақты сектор экономикасын әртараптану мәселесін қиындатуы ықтимал, әлемдік тәжірибе көрсеткендей, шаруашылықтың аймақтық құрылуының өзгерісіне, әлеуметтік-экономикалық даму деңгейіндегі аймақаралық теңсіздіктің пайда болуына және мәселелі және депрессивті аймақтар санының ұлғаюына алып келеді.
Тұрғындардың өмір сүруінің аймақтар бойынша әртүрлілігі аймақтағы тұрғындардың өмір сүру деңгейінің біркелкі еместігін және поляризациясын сипаттайды. Жергілікті аймақтық әлеуметтік ерекшеліктерді адам әлеуетінің даму индексі (АӘДИ) арқылы бағалауға болады, ол Б¥¥-ның Даму бағдарламасымен әзірленген. Бұл интегралды көрсеткіш үш құрамдастан тұрады: табыстан (жан басына шаққандағы жалпы аймақтың өнімнен), өмір сүру ұзақтығынан (туылғанда күтілетін өмір сүру ұзақтығынан) және білім деңгейінен тұрады, соңғы құрамдас ересектердің білімділігімен және балалар мен жастардың біліммен қамтылуын сипаттайды.
АӘДИ бойынша аймақтық нақты сектор экономикасындағы ерекшеліктері едәуір. Мәселен, 0,745 жоғары индексі тек төрт аймаққа ғана сәйкес келеді: Астана, Алматы қалаларына, Атырау және Маңғыстау облыстарына. Басқа аймақтарды АӘДИ төменірек. Жеке алғанда, Ақтөбе облысының индексі 0,551-ге тең және Үндістанның АӘДИ-не сәйкес келеді. Шығыс Қазақстан облысының индексі 0,399 бұл Ауғанстанның индексіне сай келеді. Салыстыру үшін кестеде Қазақстан облыстарының АӘДИ-мен салыстыруға болатын елдер көрсетілген (6-кесте).