Читать книгу Дипломатия тарихы - Амангелді Әліпбаев - Страница 1

КІРІСПЕ

Оглавление

Назарға ұсынып отырған оқу құралы дипломатиялық және консулдық қызметтің ежелгі кезеңнен қалыптасуы мен дамуын, оның мемлекеттер арасындағы өзара қарым-қатынастардағы мәні мен рөлін жан-жақты қарастырады.

Сондай-ақ халықаралық қатынастар мамандығының типтік оқу жоспарының Мемлекеттік үлгісіне сәйкес осы мамандықта оқитын студенттерге арналған оқу-әдістемелік құралы болып табылады. Дипломатия саласындағы негізгі алған білімдерін толықтырушы пән ретінде оқу құралында дипломатиялық және консулдық қызмет тарихына жан-жақты сараптама жасау мақсаты қойылған.

«Дипломатия тарихы» дәрістер жинағының негізгі мақсаттары:

– болашақ халықаралық қатынастар саласындағы мамандарды мемлекеттік қызметтің ерекше түрі ретіндегі дипломатиялық қызмет туралы мәліметтермен таныстыру;

– халықаралық қатынастар саласындағы дипломатиялық және консулдық қызметтің қалыптасуы мен даму эволюциясын қарастыру;

– ежелгі әртүрлі елдердегі дипломатиялық қызметтердің қалыптасу ерекшеліктерін сараптау;

– халықаралық қатынастар мамандарын даярлау ерекшелігін, олар үшін қазіргі уақыттағы дипломатиялық және консулдық қызметін меңгеруге көмектесу;

– дипломатия тарихын сараптай білуге үйрету.

«Дипломатия тарихы» дәрістер жинағының негізгі міндеттері:

– дипломатия тарихы бойынша студенттердің білімдерін кеңейту және жүйелеу;

– дипломатиялық және консулдық қызметтің өзара әрекеттестігінің негізгі қағидаларын айқындау;

– дипломатия тарихын жете түсіндіріп, жеткізу әдістемесін меңгеру.

Дәрістер жинағын дайындау барысында дипломатияның даму тарихының мәселелерін айқындауда көптеген тарихи зерттеулер мен дипломатиялық құжаттарға, дипломатия саласындағы ғылыми әдебиеттерге сүйендік.

Дипломатия тарихы

Подняться наверх