Читать книгу Дипломатия тарихы - Амангелді Әліпбаев - Страница 6

5-дәріс
ЕЖЕЛГІ ГРЕКИЯ ДИПЛОМАТИЯСЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН НЫҒАЮЫ

Оглавление

Жоспары:

– Ежелгі Грекиядағы дипломатия, дипломатиялық қызмет және дипломатиялық институттар.

– Ежелгі Грекиядазы «Проксения» институты және оның рөлі.

– Халық жиналысының елшіліктерді сайлаудағы рөлі.

– «Симмахиялар» және олардың маңызы.

– Спартадазы халықаралық келісімдерді жасау ерекшеліктері.

– Одақтар арасында дипломатиялық қатынастар орнатудағы «пилагорлардың» рөлі.

– Ежелгі Грекиядазы цацтызыстардыреттеу әдістері.

Ежелгі Грекияның тарихы, дипломатиясы туралы көптеген мәліметтер бар. Ежелгі Грекия немесе Эллада өзінің тарихи дамуында бірнеше қоғамдық сатыдан өтті. Б.з.д. ХІІ-VIII ғасырларда Ежелгі эллада құлиеленушілік мемлекеті қалыптаса бастаған еді. Эллин дәуірінде әр қала жеке мемлекет еді. Кейінгі гректік классикалық кезеңге (VІІІ – IV б.з.д. ғасырлар) тән саяси сипат алған бұл қала-мемлекеттер, грек тілінде – «полис» деп аталды. Грекияның дамуында қала-мемлекеттердің үстемдігі айқын болды. Бұл қала-мемлекеттер халықтарының салт-дәстүрі, мәдениеті мен тілі ортақ болғанымен, олардың арасындағы өзара қарым-қатынастар әрқилы еді. Олар бірде достық ынтымақтастықта болса, бірде қарама-қайшылықты жағдайда болды. Яғни заманның дамуына орай бұл мемлекеттер арасында әртүрлі халықаралық байланыстар дамиды. Олар бір-бірімен келісімшарттар жасасқан. Соның негізінде қаламемлекеттердің арасындағы әрқилы қатынастарды реттеу жүйесі қалыптаса бастайды. Соның ішіндегі ең бейбіт халықаралық байланыстың түрі – «проксения», яғни «қонақжайлылық» кең етек алды. Бұл жүйе жеке рулардың, тайпалардың, полистердің арасындағы ұтымды дипломатиялық құралдардың біріне айналды.

Дипломатия тарихы

Подняться наверх