Читать книгу Köttı qysqan investor - Даулет Арманович - Страница 30

2-ші тарау. Ақшаны қалай басқаруға болады
2.4 Жылжымайтын мүлік

Оглавление

Белгілі бір жағдайларда жылжымайтын мүлік те пассив болуы мүмкін. Ол көп қаражат қажет ететін немесе өтімі жоқ жылжымайтын мүліктер: зәулім жекеменшік үйлер, қарауына сомақты қаражат кететін Рублевкадағы үйлер. Бұл активті сата алмайсың, сатсаң да өз құнын ақтамайды. Сізді нарықтағы жағдай кепілге алады, пайдасыз мүлік боп қалады. Сондықтан жылжымайтын мүлік сатып алу қаражатыңызды құюдың жақсы нұсқасы деп атауға болмайды. Ипотеканы алайық. Бұл жағдайда көбіңізге ақша жинау ойыңызға да кірмес. Мүмкін сіздердің біреуіңіз нашар ауданда пәтер иелену жағдайына тап болған шығарсыз. Оны жалға да бере алмайсың. Постсоветтік елдерімізде «Пәтер сатып алып, оны жалға беріп күн көреміз» деушілерді жиі кездестіреміз. Қаражатты орналастырудың мұндай нұсқасында жақсы жақтары да бар, бірақ егер біз Қазақстанда немесе Ресейде жылжымайтын мүлікті сатып алсақ, біз іс жүзінде долларға аударылатын ақшаны инвестициялаймыз. Сіз үнемі құнсызданатын жергілікті әлсіз валютада пайда табатын активті сатып аласыз.

Тартымды ұсыныстар да кездесіп тұратыны бар, алайда. Жақында мен Семей қаласына бардым – менің досым ол жерде 36 мың шаршы метр обьектті 2 миллион долларға сатып алды, дегенмен, сіз Алматыда бұл ақшаға 5 мың м² сатып ала алмайсыз, Мәскеуде тіпті 1500 м². Мұндай нысанды салу үшін сізге шамамен 10 миллион жұмсауға тура келеді, бірақ мұндай да келісімдер болады

Köttı qysqan investor

Подняться наверх