Читать книгу Köttı qysqan investor - Даулет Арманович - Страница 34
2-ші тарау. Ақшаны қалай басқаруға болады
2.7. Жалдамалы пәтер
ОглавлениеПәтер сатып алып жалға беру деген жоспарды жиі естиміз. Бұл қалай, тиімді ме? Біреуге тиімді болар, өйткені ол жалқау. Бірақ жалқаудың жалқауы емес. Ондай шешімге келу үшін басты да көп қатырудың қажеті жоқ. Нағыз сенімді және тұрақты нұсқа боп келеді. Алайда олай емес. Жылжымайтын мүлік нарығы әртүрлі өзгеріске ұшырап тұрады: біресе құны өседі, біресе түседі. Мысалы, Англияда орналасқан жылжымайтын мүліктің құны үнемі өсіп тұрады. Осындай жағдай Америка, Қазақстан мен Ресейде де кездеседі. Ал оның арты белгілі бір салдарға алып соғады: 2008 жылдағы Қазақстандағы қаржы дағдарысы тәрізді.