Читать книгу Köttı qysqan investor - Даулет Арманович - Страница 35
2-ші тарау. Ақшаны қалай басқаруға болады
2.7.1. Жалдамалы пәтер, жоспар құру
ОглавлениеАталған инвестиция жоспарының жағымды да жағымсыз жолдарын талдайық.
Қаншалықты пайда беретінін, тәуекелдері мен кірістерін санап көрейік.
Бір студентім: «Дәулет Арманұлы! Менде ақша бар. Бес пәтер сатып алып, жалға берсем» деген жоспарымен бөлісті. Екеуміз талқылауға кірістік.
«Неге олай істегің келіп тұр? Кірісті қалай санадың?» деп сұрадым. Ол «Бес пәтердің әрқайсысының құны 50 мың $-дан делік. Барлығы 250 мың $ болсын. Әр пәтерді тәулігіне 20$ жалға беріп тұрсақ, бес пәтерден -тәулігіне 100$ түсіп тұрады.» Жақсыға жорып, пәтерлер сұранысқа бөленіп, айына 3000 доллар түсіп тұрсын делік. Басында 250 мың шығарса, бұл пәтерлер құнын 7 жылда ақтап шығады. 20$ деген кішігірім пәтерді жалға беруге өте қолайлы баға.
Ал шынайы жағдайды алсақ ше? Егер де пәтерлер жылына тек 50% толса, күніне 100$ емес 50 болады. Ол біріншіден. Екіншіден – бұл іске жеке уақытын жұмсайды, орташамен алсақ 3 күнде әр пәтеріне 1 сағат бөлсе, 50 сағат айына, 12 сағат аптасына.
Бәрін өзі істесе, жол, жанармайға шығындалады. Бәрін қосқанда бір айындағы шығыны 1500$. 250 мың $ шығынның кірісі 1500 доллар болса- өте аз, өзін ақтамайтын жоба. Ол бұны басқаруға біреуді жалдаса, айына 300 доллар төлеп, кірісі 1200 боп қалады. Сонда жылына 12 мың доллар табыс кіріп тұрады. Бес пәтері тек 20 жылда өзін ақтап шығады.