Читать книгу Köttı qysqan investor - Даулет Арманович - Страница 36

2-ші тарау. Ақшаны қалай басқаруға болады
2.7.2. Жалдамалы пәтерлер. Басқа да тәуекелдер

Оглавление

Басқа да тәуекелдер толып жатыр. Еріншек адам оларды қарастырмайтын шығар, біз болсақ қарастырайық. Пәтерді несиеге алу деген – жабайылық. Несиеге алып алып тәулікке жалға берсең- пәтердің тоз-тозы шығып кетеді.

Қазақстанда несиеге алып жалға беру кеңінен таралып кеткен тәжірибе. Егер пәтерлеріңіз көп болса жалға беріп сол қаражатқа өмір сүресіз. Дауншифтинг деп аталады. Жаман емес. Бірақ та уақытыңызды алмайтын басқа да шешімдер бар. Әрине, оларды бос уақытты жамайтын іс деп ойламасаңыз.

Жоғарыда айтылған істің тағы қандай тәуекелдері бар? Олардың бәрі пәтер сатып алғанда кездеседі, оларды пәтер сатумен айналысатындар жақсы біледі. Мен де солай істеп көрдім, алайда жұмсаған қаражаттың қайтарымын байқамадым. Хостел-пәтер тұрғызып, бөлмелерді жалға берген болатынмын. Табысы тұрақты емес еді. Әр түрлі туристтер бар. Сонымен пайдасыз жоба болып шықты. Студентімнің жобасы да ең бастапқы жоспарлау кезінен-ақ пайдасыз болғанын түсіндік. Қаражатыңыз 20 жылда ғана қайтарылатын болса, әрине, пайдасыз іс.

Köttı qysqan investor

Подняться наверх