Читать книгу Köttı qysqan investor - Даулет Арманович - Страница 31
2-ші тарау. Ақшаны қалай басқаруға болады
2.5 Сыйлықтар
ОглавлениеСыйлық деген керемет қой! Дегенмен көбіміз үшін қынжылтатын нәрсе. Өз мәдениетімізге келсек, бізде сыйлықты бәріміз және көп жасаймыз. Бір күлкілі бейне ролик бар: екі ер адам өзара кімнің сыйлығы асып түседі екен деп жарысқан екен. Сөйтсе, жеңген адамның жас жұбайларға сыйлаған автомобилі мен пәтері несиеге алыныпты. Бұл бейне ролик біздің қазақтардың және көптеген кеңес одағының адамдарының, қалтасына қарамай өзін көрсеткісі келіп тұратын дарақы менталитетін мазақ етеді. Сыйлық беру – ақылға қонбайтын қимылдың бір түрі.
Менің бір тәтем бар. Ол кісіні отбасымыз аса көп жақтырмайды. Тәтем қонаққа ешкімді шақырмайды, ешкімге сыйлық жасап жатпайды, тіпті машинасы да жоқ.
Көбінесе анасымен тұрып жатады. Отбасымыз тәтемді «Ол дұрыс өмір сұріп жатқан жоқ» деп сыйламайды. Бірде сол тәтем екеуіміз инвестиция мен жинақтау туралы әңгіме құрдық. Мені аса таңғалдырғаны: ол жалақысының тең жартысын жинақтайды екен. Жалақысының өзі Америкадағыдай емес, әрине, 1000$ көлемінде, ал Қазақстанда бұл жақсы жалақы боп саналады. Сол жалақысының жартысын болашақтағы зейнетіне инвестициялап жатыр екен. Тәтем мені таңқалдырды, ісіне сүйсіндім. Бұл тамаша ғой!
Ал мен өзімнің Жаңа жыл, туған күн тағы да басқа шараларға жұмсалатын ақшамды санасам бір айлық бюджетімнің жартысы кетеді екен. «Қап! Олардың не керегі бар еді, жылына бір рет жұмсасам да сол 1500$. Одан да инвестицияға салуым жөн еді» деп бір өкінем. Әрине, ер адам әйеліне сыйлық жасап тұру керек, әйтпесе олар өкпелеп қалуы мүмкін. Некеңіз де ондай жағдайда көпке созылмас. Бірақ алтын ортасы болу керек осындайдың. Туыс-тума, дос-жаранның бәріне де сыйлық жасағанның не қажеті бар? Одан да өзіңіз бен болашағыңызға жасаңыз. Менің ондайға кеткен шығыным-айдалаға кеткен шығын деп есептеймін. Содан бері сыйлық жасау алдында жақсылап ойланамын. Ал сыйлық алушылар өміріңіздегі ең маңызды адамдар болса – онда әңгіме басқаша ғой.