Читать книгу Жан сырым - - Страница 3
Пролог
ОглавлениеБала кезімде Луизианадағы үйімнің артындағы орманда әндетіп, жалғыз өзім серуендейтінмін. Сыртта жүргенде өзімді тірі сезінемін. Ол кезде анам мен әкем үнемі ұрсысатын. Әкем маскүнем адам еді. Үйде болғаннан қорқатынмын. Сыртта да жағдай мәз емес, десе де ол жақта өз әлемім бар. Жұмақ па, тозақ па, қалай атасаңыз да, менің мекенім.
Үйге қайтар жолда көршілеріміздің әдемі ауласы мен бассейніне қарап өтетінмін.
Олардың кішкентай, жұмыр тасқа толы бағы бар еді. Күн сәулесі сіңген жұмыр тастар сондай жұмсақ сезілетін.
Сол тастардың үстінде бар денеммен жылу сезіп жатып былай ойлайтын едім:
Өмірде өз жолымды таба аламын. Армандарым орындалады.
Сол жерде алаңсыз жатып, мен Құдайдың барын сездім.