Читать книгу Мәдени антропология - Әлия Масалимова - Страница 10

1
МӘДЕНИ АНТРОПОЛОГИЯНЫҢ ПАЙДА БОЛУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ТАРИХИ АЛҒЫ ШАРТТАРЫ
1.3. Мәдениетті зерттеудегі түрлі әдістер
1.3.2. Социологиялық теория. Ойын теориясы

Оглавление

Қазіргі таңдағы көңіл аударуға тұрарлық мәдениет теорияларының бірі – социумда үнемі басым болатын, іріктелген қоғамдық топтардың бар екендігін дәлелдейтін және соны мойындайтын элита теориясына, қоғамдық-философиялық және мәдениеттанулық концепцияларға негізделген социологиялық концепция болып табылады. Аталмыш концепцияның алғашқы теоретигі ретінде идеалды мемлекет идеясымен Платонды атауға болады. Алайда элитарлы концепция көзқарастарының жүйесі ретінде тек 20 ғасырда қалыптасты. Аталмыш концепцияның аса танымал теоретиктері Г. Моске, В. Паретто, Т. Элиот және т.б. болып табылады.

Испандық философ Х. Ортега-и-Гассет өзінің «Бұқара көтерілісі» (Восстание масс) кітабында элитаның философиялық версиясын дамытқан болатын. Ол элитаның тек аристократтарды ғана емес, сонымен қатар жұмысшылар арасында да бар екендігін айтады. Элита – бұл сана-сезімінің, ақыл-ойдың, парасаттылықтың жоғарғы деңгейімен сипатталатын жамағат. Ол қозғалыс пен тарихи инициативаға қабілетті, жалпы адамзаттық мақсаттарды жүзеге асыруды өз жауапкершілігіне алады, қоғамдық және таптық ұстанымдарға байланысты емес, шығармашылық күштер мен мүмкіндіктер арқасында қалыптасады. Ойшылдың пікірінше, «рухани аристократтық» қарапайым адамдарға бағытталмаған. Керісінше, адамды қарапайым бұқара халыққа айналдыратын өмірді ашуға талаптанады.

Хосе Ортега-и-Гассет адамзат баласының екі түрін бөліп қарастырған: халық («масса – бұқара») – «тарихи үрдістің әдет-тенген (косная) материясы», ал «элита» – шынайы мәдениетті жаратушы, ерекше дарынды кішігірім топ. Олардың мақсаттарының өзі кішігірім топ болып көпшілікпен күресу11.

Бұқаралық және элитарлы мәдениет оппозициясы мәселесін зерттеу барысында «бұқаралық» мәдениет және «элитарлық» мәдениет (өнер) түсініктерін анықтап алу маңызды.

Элитарлық мәдениет – қоғамдағы жамағаттың субмәдениеті, оған тұйықтық, рухани аристократизм және құндылықтық-мағыналық мазмұн тән. Әдетте, элитарлы мәдениет субъектілері сол мәдениеттің жаратушылары да, адресаттары да болып табы-лады. Аталмыш мәдениет көпшілік немесе бұқаралық мәдениеттің барлық тарихи және типологиялық түрлеріне (фольклорге, ұлттық мәдениетке, ресми мәдениетке және т.б.) қарсы тұрады.

Элитарлы мәдениет бұқаралық мәдениетпен тығыз байланысты, себебі өзі бұқаралық мәдениетте кеңінен таралған құндылықтар мен нормаларды, шаблондар мен стереотиптерді теріске шығару негізінде қалыптасып, жалпы ұлттық мәдениет арасында оқшауланған сипат алады.

Элиталық мәдениет бұл саяси элиталардың нәтижесі мен жемісі емес және кластық-партиялық сипаты болмайды. Аталмыш мәдениеттің өкілдері шығармашылық жолмен өзіндік іс-әрекет таңдауын реттеудің жаңа механизмдерін және құнды-лықтық-мағыналық критерияларын өздері қалыптастырады. Элитарлы мәдениеттің құндылықтық және нормативтік деңгейі жоғары, инновациялық болып, келесі жолдармен жүзеге асырылады:

§ Жаңа құбылыстар мен заттарды қабылдамау және ұлттық құндылықтар мен нормаларды сақтау, немесе, керісінше, мәдени құбылыстар ретінде жаңа қоғамдық және рухани реалийлерді игеру;

§ өз пәніне ерекше құндылықтық-мағыналық контекст беріп, оны мүлде өзгеше қарастыру, талдау;

§ адресаттан арнайы дайындық пен шексіз ой-өрісті талап ететін күрделі семантиканың жаңа жүйесін қалыптастыру (Ассоциативті, Метафорикалық, символикалық және т.б);

§ тек өзін бағалайтындарға ғана түсінікті және коммуникацияны қиындататын ерекше мәдени тілді (код) қалыптастыру, сол мәдениеттің мағынасын дұрыс түсінуге және ашуға күрделі мағыналық тосқауылдар қояды;

§ әдеттегі немесе тривиалды заттарды талдауда субъективті, индивидуалды-шығармашылық интерпретацияны қолдану.

Өзінің мағыналық және функционалды «тұйықтығына», жалпы ұлттық мәдениеттен оқшауланғанына байланысты элитарлы мәдениет өзге бұқараға жабық болып келетін, құпия, сакральді, эзотерикалық ілімге айналып, оның өкілдері осы білімнің өзіндік «абыздарына» айналады.

Элитарлы мәдениеттің тарихи қалыптасу жолы осындай: алғашқы қауымдық қоғамдарда абыздар, сиқыршылар, тайпа басшылары жалпыға, бұқараға бағытталмаған ерекше ілімдердің иегерлері. Элитарлы және бұқаралық мәдениет арасындағы осындай қарым-қатынастар бірнеше рет қайта жанданды.

Соңында, қалыптасқан білімнің элитарлығы, құндылықтар, нормалар, принциптер, дәстүрлер, үлкен кәсібиліктің және терең білімнің кепілі болады, онсыз мәдениетте тарихи прогресс, құндылықтық-мағыналық даму, баю тоқырауға ұшырайды.

Сонымен, элитарлы мәдениет кез-келген мәдениетте инициативті және жемісті болып табылып, ол жерде шығармашылық қызмет атқарады, ал, бұқаралық мәдениет болса, элитарлы мәдениет жетістіктерін шаблондап, өзінше түсініп, қоғамдағы жалпы бұқара тұтынатын орта мен шарттарға бейімдейді.

Ойын теориясы.

200 ғасырда мәдениеттің ойын теориясы танымал бола бастайды. Мәдениеттің ойын теориясының мағынасын аша отырып, көптеген гуманитарлы ғылымдар ойынды социомәдени феномен ретінде зерттейтіндігін айта кету жөн: философия, мәдениеттану, этнография, педагогика, психология, өнертану, сонымен қатар хореография, фольклористика тәрізді білім салалары.

Ойын теориясын фундаментальді зерттеген нидерландық мәдениеттанушы И. Хейзинга. Алдындағылардың концепцияларынан ойын-мәдениетті түсінуде өзінің принципиалды түрде ерекшеленетінін айта отырып, ол ойынның мәдениет үшін маңыздылығын ашып, мәдениеттің өзін ойын деп ой-тұжырым жасайды.

«Ойын мәдениеттен үлкен» деген басты идеяның биологиялық бастауы бар, кез-келген мәдениеттен бұрын келеді, себебі ол жануарларда да бар. Ол жануарлар әлемінен бастау алып, адамзат қоғамында жаңа мағынаға ие болып, жаңа формаларға енеді және олар өз кезегінде жануарлар үшін түсініксіз болып, жай ғана ойыннан да үлкен нәрсеге айналады. Кез-келген ойын бір мағынаны білдіреді. Ойын – бұл мәңгілік жұмбақ.

Мәдениеттің барлық құбылыстары – тіл, миф, әуен, поэзия, би, мейрам – ойынның сипаттарына ие. Мәдениеттің ойындық сипаты әсіресе, алғашқы қауымдық қоғамда нақты көрініс табады. Осы аталғандарды негізге ала отырып, нидерландық мәдениеттанушы өркениеттік қоғамдардың пайда болуын қоғамдық өмірден ойындық бастаулардың ұмытылып, ығыстырылып шығуымен түсіндіреді. Сонымен, осындай жолмен мәденит-ойын мәнін аша отырып, И. Хейзинга ойынның көптеген мәдени маңызды қызметтерді атқаратыны жөнінде айтады. Кез-келген ойынның айқын немесе жасырын ережелері бар, осы ойынның аясында оның ережелерін бұзуға болмайды. Ойын ритуалдармен, рәсімдермен, белгілі бір іс-әрекеттерді орындаумен тығыз байланысты, сонымен қатар ойын өзі толыққанды және белгілі бір «маңызды функцияларға» жатпайды. Ойынның сакральді сипаты бар және ол қоғамның дамуы арқылы анықтала бастайды және қоғамдық тәртіпті сақтау мен реттеудің бір жолы болып табылады.

11

Ортега-и-Гассет Х. Восстание масс. – М., 2003. С.19-20.

Мәдени антропология

Подняться наверх