Читать книгу Мәдени антропология - Әлия Масалимова - Страница 6

1
МӘДЕНИ АНТРОПОЛОГИЯНЫҢ ПАЙДА БОЛУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ТАРИХИ АЛҒЫ ШАРТТАРЫ
1.2. Мәдениет мәдени антропологияның пәні ретінде
1.2.1. Мәдени антропологиялық білім жүйесіндегі мәдениет концепті

Оглавление

«Мәдениет» ғылыми қолданыста ең жиі қолданылатын күрделі түсініктердің бірі болып келеді. Бұл мәдениет сөзінің күрделі тілдік тарихымен байланысты. Еуропалық тілдердегі мәдениет – «культура» этимологиясының төркіні латындық cultura сөзімен байланыстырылады, ол өз кезегіндеcolere сөзінен бастау алып, табыну, өсіру, қол астына алу, құрметтеу, тұрақтану (населять) деген мағыналарды білдіреді. Бұл мағыналардың бір бөліктері уақыт өте келе жеке терминдерге айналады, мәселен, значение «населять» латындық colonus сөзіне айналады, орыс тілінде – колония. «Почитать» – «құрметтеу», «поклоняться» – «табыну» – латындық cultus, яғни культке айналады. Ағылшын тілінде cultura сөзі алғашында – «даму», «өсіру» деген мағыналарды білдірді. Көне француз тілінде cultura – couture сөзіне ауысып, кейінірек мүлде өзге мағынаға айналады.

Басқаша сөзбен айтсақ, өзінің барлық сөздік қолданысында cultura бір затты өсіру (культивирования), әдетте, өсімдіктер мен жануарларды өсіру үрдісін білдірді. В. Дальдің Түсіндірме сөздігінде назар аударып көрейік (19 ғ.), сөздікте культура – «өңдеу және байыппен қарау, жөндеу, білім, ой-өріс және ізгілік деген мағыналарды білдіреді». Осылайша, «культивировать» сөзін өңдеу, жөндеу, қалыптастыру деген мағынаны білдірді.

«Мәдениет» сөзінің қазіргі мағынасына жақын қолданылған мағынасы алғаш Цицерон еңбектерінде (б.з.д. 45 ж.) философияның адам санасына тигізетін ықпалын білдіру үшін қолданылды. Ойшыл «сана мәдениеті – философия» деп есептеген. Қазіргі таңда «мәдениет» сөзі әлемдік халықтардың барлық тілдерінде кездеседі және ғалымдардың есептеуі бойынша мәдениет түсінігінің анықтамалары 400-ге жетеді.

Сөздік қолданысында «мәдениет» түсінігіне әдетте бағалаушылық сипаттама беріледі, мәдениет белгілі бір деңгейге ұмтылу ретінде қарастырылады. «Мәдениет» түсінігіне бағалаушылық мағына беру әрекеті нағыз адамға лайықты және оның дамуына сай өмір сүру образын мәдениетпен байланыстырған 18 жастан басталады.

Бұл көзқарас тұрғысынан мәдениет негізінен құндылықтық немесе аксиологиялық деп сипатталады. Алайда, аталмыш әдіс сонымен қатар, қоғамдық құбылыстарды субъективті талқылауға алып келеді (мысал ретінде еуропоцентрлік көзқарасты келтірсе болады).

Көптеген өмірлік құбылыстар арасында мәдениетті бөліп көрсету мақсатында мәдениетке тән ортақ өлшемді қарас-тыру барысында бірқатар зерттеушілер бірінші орынға адамның шығармашылық бастауларын қояды, осылайша «мәдениет» шығармашылық ретінде және «мәдениет емес» механикалық іс-әрекет ретінде екіге бөлінеді. Білгілік жүйелер ретінде қарастыруға болатын мәдениеттің тіл, әдебиет және өнер тәрізді формалары тағы бір – семиотикалық әдіске алып келеді. Бұл әдіс мәдениетті оның мағынасын ашуды қажет ететін білгілер жүйесі ретінде қарастырады.

Мәдениет теориясын зерттеушілер А.Кребер және К.Клак-хон мәдениеттің көптеген анықтамаларын төмендегі жолмен топтайды3:

1. Сипаттамалық анықтамалар Э.Тейлордың мәдени антропологиясының концепциясынан бастау алады. Оның мағынасы: мәдениет – адамзат баласының жалпы іс-әрекетінің нәтижелері; салт-дәстүрлері, сенімдері және т.б. Адам баласы ғасырлар бойы қалыптастырған жалпы алтын қор ретінде мәдениетке жататындар: кітаптар, суреттер, білім; қоғамдық және қоршаған ортаға бейімделу жолдары; тіл, дәстүр, этикет, этика, дін.

2. Тарихи анықтамалар алдыңғы ұрпақтан қалған мұралар мен дәстүрдің роліне басым назар аударады. Бұл анықтама тұрғысынан мәдениет – тарихи дамудың нәтижесі; яғни адамдардың ұрпақтан ұрпаққа қалдырып отырған тарих барысында қалыптастырған – құралдар, символдар, қоғамдық ұйымдар, қоғамдық іс-әрекет, көзқарастар және сенімдер.

3. Нормативті анықтамалар қалыптасқан заңдар, ережелер мен нормалардың мағынасына басым назар аударады. Мәдениет – бұл қоршаған қоғамдық орта анықтайтын адамның өмір сүру образы.

4. Құндылықтық анықтамалар. Культура – бұл адамдардың материалдық және қоғамдық құндылықтары, институттары, салттары, іс-әрекеттері.

5. Психологиялық анықтамалар, адамдардың белгілі бір мәселелерін психологиялық деңгейде шешуден бастау алады. Мәдениет – бұл табиғи орта мен экономикалық қажеттіліктерге ерекше бейімделу жолы.

6. Үйрену теориясы. Мәдениет – бұл адамның биологиялық мұра ретінде қабылдаған қасиеттері емес, ол оның үйрену нәтижесі.

7. Құрылымдық анықтамалар. Бұл анықтамада ұйымдар мен модельдеудің маңыздылығына басым назар аударылады. Мәдениет – бұл материалды және материалды емес мәдениет арасында түрлі жолдармен қалыптасқан байланыс, анықтамалар мен белгілер жүйесі. Негізгі қажеттіліктер маңында топтасқан белгілер мәдениеттің ядросы (моделі) болып табылатын қоғамдық институттарды теріске шығарады.

8. Идеологиялық анықтамалар. Мәдениет – бұл ерекше іс-әрекеттер арқылы, яғни сөздердің көмегі мен еліктеу арқылы бір тұлғадан екінші бір тұлғаға өтетеін идеялар ағымы.

9. Символикалық анықтамалар. Мәдениет – бұл символдар-ды қолданатын немесе соған байланысты түрлі феномендер жүйесі (материалдық заттар, іс-әрекеттер, идеялар, сезімдер).

Жоғарыда аталған анықтамалардың барлығына ортақ бір кемшілік ол мәдениеттің маңызды белгісі бола тұрса да оның тек бір бөлігіне ғана басым назар аударуында. Аталмыш анықтамалар мәдениеттің қоғамда атқаратын көптеген қызметтерін толық анықтап, көрсете алмайды.

Жоғарыда айтылғандарды негізге ала мынадай анықтама беруге болады: мәдениет – адамдар жүріс-тұрыстары мен қоғамдық іс-әрекеттерінің нәтижесі болып табылады. Ол идеялар, модельдер мен құндылықтары бар тарихи, дамушы, зерттелуге келетін, символдарға негізделген, сонымен қатар биологиялық мұраны қамтиды, дегенмен де биологиялық мұрагерлік механизм жолдарынан мүлде өзгеше беріледі. Ол эмоционалды деңгейде қабылданады немесе индивидтер тұрғысынан теріске шығарылады.

Мәдениетте оның тіршілік ету жолдарына сәйкес үш негізгі бөліктерін бөліп көрсетеді4.

1. Адамдардың «инерциялық» қоғамдық саналары идеялық-теоретикалық және қоғамдық-психологиялық деңгейі ретінде.

2. Оның жүріс-тұрыс пен іс-әрекеттерде көрініс беруі.

3. Іс-әрекеттің «заттандырылған» нәтижелері материалды және рухани мәдениет ретінде.

Ерекше қоғамдық жол ретінде, адамзат іс-әрекеттерін жүзеге асыру технологиясы ретіндегі мәдениет концепциясының әдіснамалық артықшылығы оның мәдениетті біртұтас социумнан бөліп көрсетіп, сонымен оның түрлі көріністерімен теориялық интеграциясын көрсете білуінде.

Мәдениет түсінігіне өмір сүру жолы (образы) түсінігі етене жақын болып келеді. Бұл екі түсінік те, адамдар іс-әрекетінің қоғамдық жолы болып табылатын бір шынайылықты білдіреді, бұл тұста мәдениет осы жолдың жан-жақты көрсеткіші болса, өмір сүру образы жеке тұлғалар мен қоғамдық топтар тәжірибесінде оның көрсеткіштерімен шектелген болып келеді. Бұл тұста, өмір сүру образы белгілі бір адамдар қауымдастығының жалпы мәдени қорын тәжірибелі актуализациялау болып түсіндіріледі.

Жазба мәдениеті жоқ қоғамдарда ғана жалпы мәдени қор есте сақтаудың өзге жолдарының болмауына байланысты сол қоғам мүшелерінің жадында сақталып, олардың күнделікті тұрмыстарында көрініс табады. Жазба мәдениеті жоқ қоғамдардағы мәдени мұра кез-келген ересек тұлғаның мәдени мұрасына сәйкес келеді.

Жазудың пайда болып дамуына байланысты:

а) мәдениет мазмұны өмір сүру образымен тек жекеленген тұста ғана сәйкес келіп, оны көлемі жағынан басым түседі;

б) белгілі бір қауымдастықтың өмір сүру образы барлығын анықтамайды, тек өзіне қарасты жеке тұлғалардың өмір сүру образдарының жалпы белгілерін ғана анықтайды. Осыған байланысты айта кетер жайт, жазба жоғарыда аталған сәйкестіктерді бір өзі ғана бұзған, ол тек материалдық-өндірістік тәжірибе мен қоғамның әлеуметтік құрылымындағы өзгерістерді жүзеге асыру мен бекітуде қажетті құрал болып табылды.

Жазуы жоқ мәдениеттерде тәжірибенің өзі міндетті түрде таза эмперикалық, нақты болып келіп, адамдардың өмірлік тәжірибесін тікелей қамтамасыз ететін немесе сол мақсатта жүзеге асуға мүмкіндіктері бар іс-әрекеттер модельдерімен, түсініктермен, білім шеңберімен шектелді. Тіпті алғашқы қауымдық қоғам адамдарының қоғамдық тәжірибесінің ең «алшақ» элементтері – табиғат пен қоғамдық өмірге деген діни-мифологиялық және көркем көзқарастар олардың салттық тәжірибемен тығыз байланысты болу себебінен сөздік фольклор формасында сақталып отырды. Осыдан тек сөздік қорда ғана емес, сонымен қатар дәстүрлік іc-әрекет шынайылығында таралуға мүмкіндік алатын образдылық, осы көзқарастардың сезімдік нақтылығы шығады. Қоғамдық тәжірибенің жазба фиксациясы оның ақпараттық сыйымдылығын ұлғайтуға мүмкіндік жасап, сонымен қатар оның мазмұндық дамуында сапалық өзгерістерге алғышарттар қалыптастырды. Мәселен, салт-дәстүр ретінде өмір сүрген жазылмаған заңдар жүйесінен жазылған заңдарға көшу барысында құқықтық нормалар мазмұнында терең өзгерістер жүріп өтті. Бұл өзгерістер тұрмыстық болмыс пен адамдар арасындағы қарым-қатынастардың эмперикалық стихиясынан бөлініп шыққан және шет жақтан реттестіруді қажет еткен құқықтық императивтер мазмұнын негіздеу деңгейіне байланысты болды.

Адамдардың өміріндегі маңызды заттарды маңызды емес заттардан, қажеттіні кездейсоқтан ажырату мүмкіндіктерін реттейтін мемлекет заңдастырған жазылған заңдар, салт-дәстүрлер заңдастырған жазылмаған заңдардан түбегейлі ерекшеленді. Жазылған заң нормаларының осы қасиеттерінің арқасында жеке тұлғаға өз іс-әрекеттерін таңдауда айтарлықтай бостандық беріледі.

Салт-дәстүрге тән адамның жүріс-тұрысын реттейтін «мән-мағына» және «міндетті» нормативті талаптар тарих барысында салт-дәстүрлерден бөлініп шыққан құқық және мораль жүйелерінде жойылады.

Жазба негізінде қалыптасқан әдебиетте – діни-мифологиялық, тарихи, философиялық, көркем мазмұндағы текстерде – өткен ұрпақтың моральдік тәжірибесі мен ұлы тұлғалардың эстетикалық ізденістері көрініс тапқан. Жазба негіздеріндегі моральдік тәжірибенің дами түсуі мен жазбаның негізінде ұзақ уақытқа дейін сақтау мүмкіндігіне ие болған және олардың кеңістіктік-уақыттық трансляциясы моральдік міндеттің мазмұны жөнінде түсініктің дамуы мен негізделуіне үлесін қосты.

Мораль эволюциясы моральдік нормативтердің салт-дәстүрлерден бөлініп шыққан кезден бастап міндетті және мәні бар зат арасындағы қиындықтарды тереңдете түседі. Осындай қиын-дықтардың орын алуы «мағына-мәні» бар нәрсенің маңызды-лығы үшін күреске, яғни қазіргі уақыттағы көзқарастар, тұрмыстық өмір үшін, әдеттегі іс-әрекеттер үшін күресуге алып келеді, сонымен қатар осы «мәні бар» заттың қалыптасқан моральдік идеалға сәйкес өзгеруіне қатаң баға береді. Адамдардың қалай өмір сүретіндігі тек қоршаған ортасының қандай екендігімен анықталмайды, сонымен қатар олардың өздерінің қандай болып келетіндігімен анықталады, ал екеуінің де қалыптасу негізі мәдениет болып табылады.

Бақылау және өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар.

1. Мәдениетті анықтау мақсатында түрлі жолдардың, бағыттардың, мектептердің көп болуының себептері?

2. «Культура» сөзінің этимологиясы?

3. А. Кребер және К. Клакхонның мәдениетті анықтаудағы классификациялары.

4. Мәдениеттің негізгі сипаттарына тоқталып өтіңіз.

5. Мәдениеттің тіршілік ету түрлеріне сәйкес оның құрамдас бөліктерін атаңыз.

6. Жазбалары жоқ мәдениеттердегі қоғамның мәдени қорын сақтау жолдары.

7. Жазылған құқықтың жазылмаған құқықтан айырмашылығы неде?

8. «Мәдениет» және «өмір сүру образы» түсініктері арасында қандай байланыс бар?

3

См. Ионин Л. Г. Социология культуры: Учебное пособие. – М.,1998. С. 45-46.

4

Маркарян Э.С. Очерки теории культуры. – М., 1983. С. 65.

Мәдени антропология

Подняться наверх