Читать книгу Айналаңды нұрландыр - Ғалым Мұтанов - Страница 22

ОРТАҚ БАҒЫТ

Оглавление

Барлық жанға бұл дүниеде,

Ортақ екен бір бағыт.

Ол бағытты айқындайтын,

Күндіз-түні тоқтамайтын уақыт.


Уақыт өте өсіп, ер жетерсің,

Мүмкін кемел жасқа келерсің.

Бірақ та бір сәтте бөгелмей,

Мәреге жетіп, дүниеден өтерсің.


Толассыз жалғасады уақытпен,

Адамдардың өмірдегі көш жолы.

Бағыт ортақ бізге болғанымен,

Болады әр адамның өз жолы!


Айналаңды нұрландыр

Подняться наверх