Читать книгу Айналаңды нұрландыр - Ғалым Мұтанов - Страница 25

ТОЛЫҚ АДАМ

Оглавление

Орта жастан асқанда,

Келесі жартыға аяқ басқанда.

Өтті деп қалай кеткен жарты?

Есеп беру бізге керек сияқты.


Келтіре алмассың өткенді,

Қайтара алмассың кеткенді.

Нені сен орындай алмадың?

Негізгі осы болу керек сұрағың.


Алдағы қалған өмірде,

Жүрсең де қандай көңілде.

Ғұмырың мазмұнды болары анық,

Өмір сүрсең өнегелі із қалдырып.


Қор қылмас үшін өзіңді,

Сүру үшін толық өмірді.

Кеткендей айтып Абай атам,

Болуың керек «Толық адам»!


Айналаңды нұрландыр

Подняться наверх