Читать книгу Айналаңды нұрландыр - Ғалым Мұтанов - Страница 26
ЖАҚСЫ АДАМ
ОглавлениеДәстүрмен жұртымызда қалыптасқан,
Сұраққа қайтқан адам қандай болған?
Жамағат айтады бір ауыздан,
Марқұм болып еді жақсы адам.
Қандай болсын өмірден озған адам,
Жөн мұны түсінікпен қабылдаған.
Бұл тірілердің өлген жанға,
Ең соңғы жақсылығы жасаған.
Жақсылық жасалады шын пейілмен,
Кейбіреу оны жасар ішкі есебімен.
Жеткілікті болуға жақсы адам,
Біреуге жамандық жасамасаң!