Читать книгу Айналаңды нұрландыр - Ғалым Мұтанов - Страница 28
АРЛЫЛЫҚ
Оглавление«Армысың?» – деп амандасатын,
Ежелден біздің бабаларымыз.
Зерделесек мағынасын сұрақтың,
Жауабын тереңнен табамыз.
Кездескенде адамдар бір-бірімен,
Сөз басына ерекше мән берген.
Сұрағаны, алдымен, армысың деп,
Сұрағаны ар-ұятта бармысың деп?
Сол болар шарты алғашқы,
Қабылдау үшін басқаны.
Болса егер дұрыс жауабы,
Жалғаса жатар қалғаны.
Күнделікті қарым-қатынаста,
Болмаса адамдарда арлылық.
Айтылған сөз, жасалған іс,
Оның бәрі – жалған, қу тірлік!