Читать книгу Айналаңды нұрландыр - Ғалым Мұтанов - Страница 23

ӨМІР КІТАБЫ

Оглавление

Атқан таң, батқан күнмен,

Ашылып, жабылады,

Өмірдің әр парағы.

Әр пенде, әр күнде,

Өзі жазып, қалдырады,

Күнделікті тірлігін.

Сол парақтар құрастырар,

Тұтас болып кітап,

Әр адамның ғұмырын.

Мақсат емес қалыңдығы,

Ерекше оның маңызы –

Мәні менен мазмұны!

Бұл кітаптың аса құдіреті –

Негіз болар ашылғанда,

Әркімнің «Амал дәптері»!


Айналаңды нұрландыр

Подняться наверх