Читать книгу Айналаңды нұрландыр - Ғалым Мұтанов - Страница 27

ЖАН МЕКЕНІ

Оглавление

Қосылып тәнді құрайтын,

Он екі мүше барлығы.

Оларды жөнмен қозғайтын,

Қайда болар, адам жаны?

Ол жұмбақ, бізге білуге,

Мүмкін емес, көруге.

Мекені қайда, білмей оның,

Адамдар өмір сүруде.

Жүргенде тірі кезінде.

Мүмкін оны тек сезуге.

Ауырса егер, бір мүшең,

Сол жерде екенін білуге.


Айналаңды нұрландыр

Подняться наверх