Читать книгу Айналаңды нұрландыр - Ғалым Мұтанов - Страница 21
ЗАМАНА – ҚАЙЫҚ
ОглавлениеЗамана – қайық, келеді алып,
Дүние-дария толқынында.
Барлығымызға бағыт анық,
Белгілі баратын орнымыз да.
Замана – қайық, ортақ уақыт,
Әр жанға оны өлшеп берген.
Барлығымызды таңдап уақыт,
Табыстырған тағдырменен.
Замана – қайық, ортақ кеңістік,
Іші толған оның жақсы-жаман.
Барлығымызға керек келісім,
Қалу үшін қайықта аман.
Уақыт ортақ, кеңістік ортақ.
Бағыт біреу, бізге белгіленген.
Барлығымызға ортақ мақсат –
Кешіп өту дарияны абыроймен!