Читать книгу Айналаңды нұрландыр - Ғалым Мұтанов - Страница 7

ЖАН ЖЫЛУЫ

Оглавление

Бізге керек,

Ыстық жүрек

Жалынымен,

Жылытуға жандарды.


Жан жылуы,

Оның нұры

Жүректен тек,

Жүректерге тарайды.


Құйылған нұр,

Тауып құбыр

Мың тамырмен,

Тұла бойды орайды.


Нұрға оранған,

Бақытты жан

Мейіріммен,

Нұрландырар талайды.


Нұрланған,

Көп болса жан.

Шуағымен,

Нұрлы әлем жасайды.


Алла соны қалайды.


Айналаңды нұрландыр

Подняться наверх