Читать книгу Айналаңды нұрландыр - Ғалым Мұтанов - Страница 10

ОЙ ҚУАТЫ

Оглавление

Ой тағдырды анықтайды.

М. Тэтчер

Толқыған ой,

Асып өз кемерін,

Айналады іске,

Қыздыруға диірменін өмірдің.

Іс-қимыл,

Кезегімен,

Жиілігімен,

Айналады, әдетке,

Жүйеленген.

Бойға сіңген әдет,

Адамды жетелеп.

Қалыптастырар оның,

Өмірлік мінезін.

Ал, қалыптасқан мінез,

Айқындар әр жанның,

Басар қадамын,

Болар тағдырын.

Ой-іс – әдет-мінез тізбегі,

Адам тағдырының өзегі.

Ой толқыны қалай ағады

Қалғаны да, сондай болады.


Айналаңды нұрландыр

Подняться наверх