Читать книгу Айналаңды нұрландыр - Ғалым Мұтанов - Страница 12

БАҚЫТ ТУРАЛЫ

Оглавление

Өтіп жатқан өмірде,

Бақыт деген немене?

Арман еткен әр адам,

Мәнін оның біле ме?


Өз бақытын іздеген.

Мақсат етіп көздеген.

Оңай емес бар жұртқа,

Жауап айту бір сөзбен.


Жөн мұны әркім білгенге,

Қанша адам бар әлемде.

Бақыт жайлы түсінік,

Ол да, сондай көлемде.


Қабылдауға, бар адамға.

Жауап іздеп, ойланғанға.

Нағыз бақыт сол емес пе –

Бақытсыздық болмағанда!


Айналаңды нұрландыр

Подняться наверх