Читать книгу Айналаңды нұрландыр - Ғалым Мұтанов - Страница 17

ЗАМАНА

Оглавление

Тозар уақытпен барлық зат,

Жаңарар бірақ,

Басқа затпен алмасып.

Тозар уақытпен адамзат,

Жасар бірақ,

Ұрпағымен жалғасып.

Заманның әр кезеңі –

Әр буынның кезегі.

Алдыңғылардың орнына,

Жаңа ұрпақ келеді.

Жүріп жатыр бұл үрдіс,

Мынау дүние фәниде.

Дүниеде – болған қоныс,

Тұрғындары өзгеруде.

Өзгеруде барлығы,

Кезекпенен алмасып.

Кетерсің сен де бір күні,

Бұл дүниемен қоштасып.


Айналаңды нұрландыр

Подняться наверх