Читать книгу Айналаңды нұрландыр - Ғалым Мұтанов - Страница 3

Оглавление

Бүгінгі қазақ елінде де сегіз қырлы, бір сырлы талантты азаматтар бар екеніне куәгерміз. Халық болған соң халықтың рухани көмбесі бай болуға тиіс. Сол рухани көмбенің байлығы ұлт байлығына, Отан байлығына айналып жүре береді.

Тек сол байлықты қорып, өсіріп отыруға тиіспіз. Бұл әр мемлекеттің басты мемлекеттік қасиетті ісі болып табылады. Қара жердің бетінде Генофондын жоғалтып алмай, ардақтап, күте білген ел ғана Ел бола алады. Қалғаны – өкініші мол пендешілік тірлік қана.

Көрнекті ғалым, профессор, академик, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры Ғалым Мұтановтың өлеңдерін соңғы кездері газет-журналдардан көре бастадық. Сонымен бірге Ғалымның өлеңдері орыс, түрік, араб тілдерінде де сол елдердің басылымдарында басылып шығып, зиялы қауымның оң бағасын алуы бізді сүйсінткені рас.

Бүкіл әлемді таңғалдырған Шығыстың жеті ақынының қай-қайсысы да математик, географ, тарихшы, астроном, бір сөзбен айтқанда, ғылымның сан саласын игерген ғұлама, ұлы тұлғалар.

Атақты неміс ақыны Гетенің өзі де Шығыстың жеті ақынына ғашық болған, таланттарына бас иген.

Ғалымның өлеңдерінің ақыл көзі Абайдан бастау алған. Сонымен бірге математикалық дәлділік, аз сөзге көп ой сыйдыру Шығыс ғұламаларының Ғалымға тапсырған аманатындай болып көрінеді.

Ең бастысы, ақын поэзиясы асқақ адамгершілік қасиетпен суарылған.

Ғалым өлеңдерінің қуаты да, қасиеті де ар мен ұжданнан өрбу алады.

Ар мен ұжданды өлтіріп алған қара жер тұрғындарының есіне өлмейтін рухты салып отыру үлкен азаматтың, үлкен ақынның ғана өресі жетер адамгерлік белгі екеніне сеніп өтер –

Роллан Сейсенбаев

Айналаңды нұрландыр

Подняться наверх