Читать книгу Айналаңды нұрландыр - Ғалым Мұтанов - Страница 13

БАҚЫТ ҮШІН ЖАРАЛҒАН

Оглавление

Өмірге келген әр адам,

Бақыт үшін жаралған.

Лайықты болу оған,

Әр жанға басты арман.

Жету үшін бақытқа,

Жолын оның іздемек.

Ұмтылған ол жарыққа,

Ұшып жүрген көбелек.

Іздер, талмай жетер жолды,

Болу үшін бақытты.

Ал сол жолды анықтайды,

Әр адамның тағдыры!


Айналаңды нұрландыр

Подняться наверх