Читать книгу Айналаңды нұрландыр - Ғалым Мұтанов - Страница 20
ӨМІРДЕ БӘРІ ТЕҢБЕ-ТЕҢ
ОглавлениеӨмірде бәрі теңбе-тең,
Жақсылық та, жамандық.
Қайсысын таңдап аласың?
Мақсатыңа қару ғып.
Соған қарап білінер,
Әрбір басқан қадамың.
Соған қарап берілер,
Бағасы да қоғамның.
Өзіңе ие бола алсаң,
Жақсылықты жолдас ет.
Адам болып туған соң,
Адам болып өту міндет!