Читать книгу Айналаңды нұрландыр - Ғалым Мұтанов - Страница 19

ЖАҢА ЖЫЛ

Оглавление

Жаңбырдай өткінші кеткен нөсерлетіп,

Тағы бір жыл, өмірден биыл өтті кетіп.

Жаңбыр суы, әкетіп өткенді өз жетегінде,

Қалдырған із енді жадының еншісінде.


Дәстүрмен қуана қарсы аламыз Жаңа жылды,

Білсек те кетіп ол азайтарын өтпелі өмірді.

Келіп-кетіп, жеткізгенде олар шегіне ғұмырды,

Тоқталады сол жылы, қарсы алу Жаңа жылды!


Әркім дүниеде не қалдырып, нені алар?

Елеуінен жадының, өткендері жинақталар.

Жиғанға, ғұмырының соңында салсаң назар,

Мазмұны өмірінің, осылайша анықталар.


Ағынында өмірдің, жоқ мүмкіндік қайтып соқпақ.

Тағдыр – теңіз толқыны, нені іліп, не қалдырмақ?

Кезегімен лақтырса да, біздерді жағалауға,

Сарқылмайды, өзегінен өмірдің аққан бұлақ!


Айналаңды нұрландыр

Подняться наверх