Читать книгу Айналаңды нұрландыр - Ғалым Мұтанов - Страница 5
АЙНАЛАҢДЫ НҰРЛАНДЫР
ОглавлениеКелген соң жарық дүниеге,
Өмірдің бір болар мәні.
Дүниені бұдан да жарық етіп,
Нұрландырсаң айналаңды!
«Адамзатты жаратқан махаббатпен»,
Біліп оны, шығармай әр кез естен,
Жолыңды ғұмырлық жүріп өтсең,
Жақсы іс, таза көңіл, ақ ниетпен!
Адам болып туу дүниеде,
Берілген бізге, мүмкіндік.
Айналдыруға өмір жолын,
Ізгіліктің жолы етіп.