Читать книгу Айналаңды нұрландыр - Ғалым Мұтанов - Страница 6
АЛЛАНЫҢ СЫЙЫ
ОглавлениеЕң үлкен сыйы Алланың,
Бұл дүниеге келгенің.
Басқа да ондай сыйға ие,
Жөн оны сенің білгенің.
Бірінің-бірі біліп қадірін,
Достықта өткізіп әр күнін.
Не жетсін адамдардың өмірде,
Сыйласып жүргеніне!