Читать книгу Аймақтық экономиканы басқару - Қарлығаш Мұхтарова - Страница 7
3. АЙМАҚ ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ ЖӘНЕ БАСҚАРУ ОБЪЕКТІСІ РЕТІНДЕ
3.2. Аймақтың салалык және аумақтық күрылымы
ОглавлениеЕлдің аумақтық және салалық құрылымы өз алдына өндіріс аясының материалды және материалды емес салаларының жиынтығын білдіреді. Салалық құрылымға кіретін салалар мен салалар топтары арақатынасының өзгеру динамикасы, сонымен қатар оларды мемлекет аумағында орналастыру және дамыту қарқыны шаруашылық кешенінің заманауи құрылымын сипаттайды.
Өндірістік аяның салаларына өнеркәсіп, ауылшаруашылығы және құрылыс салалары кіреді. Ал өндірістік емес аяны құрайтын салалар – бұл қызметтер саласы, оған қоғамға қызмет көрсетумен байланысты тұрғын-үй – коммуналдық щаруашылық, тұрмыстық қызмет көрсету, көлік және байланыс; әлеуметтік қызмет көрсету салалары – денсаулық сақтау, дене шынықтыру, әлеуметтік қамсыздандыру; білім беру, мәдениет, өнер; ғылым және ғылыми қызмет көрсету; несие беру, қаржы және сақтандыру; басқару органдарының аппараттары; өзге де салалар кіреді.
Аумақтық деңгейде салалық құрылымның өзгеру динамикасын, сонымен қатар осы бөлімнің өзгеру динамикасын ашатын негізгі индикатор ретінде жалпы аймақтық өнім көрсеткіші орын алады, оның негізінде әр түрлі салалар мен аумақтық-салалық құрылым сегментінің арақатынасы анықталады, сонымен қатар орта және ұзақ мерзімді келешектегі өсу динамикасы туралы болжам жасалынады.
Жалпы, аймақтық өнімнің (ЖАӨ) салалық құрылымына талдау жасау аймақтар бойынша мамандану деңгейін сипаттауға мүмкіндік береді. Оны төмендегі 4-кестеден көруге болады.
4-кесте
Жалпы аймақтық өнімнің салалық құрылымы (2009 ж.)
Пайызбен
Экономиканың негізгі салалары бойынша аймақтардың үлесін көрсететін бұл кесте мәліметтері аймақтардың мамандану деңгейін сипаттауға мүмкіндік береді.
Жоғарыдағы кестеде көрсетілгендей, аграрлық сектор Қостанай (15,8 %), Алматы (13,7 %), Солтүстік Қазақстан (13,4 %), Ақмола (12,1 %) және Оңтүстік Қазақстан (8,2 %) облыстарының экономикасында елеулі рөл атқарады. Өнеркәсіптік тұрғыдан дамыған аймақтар қатарына Атырау (21,3 %), Маңғыстау (12,9 %), Қарағанды (14,5 %), Батыс Қазақстан (8,3 %), Ақтөбе (7,1 %), Павлодар (6,6 %), Қызылорда (6,2 %), және Шығыс Қазақстан (5,6 %) облыстарын кіргізуге болады. Құрылыс жұмыстарының көлемі Астана қаласында (16,3 %), Алматы қаласында (12,3 %) және Атырау (18,1 %) облысында республикалық деңгейден асып түскенін кесте деректері көрсетіп отыр.
Сауда, көлік, байланыс сияқты халыққа қызмет көрсететін салалар Астана және Алматы қалаларында басымдыққа ие.
Өнеркәсіптік өндіріс Қазақстанның экономикалық өсуінде айқындаушы рөл атқарады, оның үлесіне елдің ЖІӨ-нің үштен бір бөлігі келеді. Аймақтардың нақты өсуін айқындайтын факторлардың арасында мұнай-газ секторының іскерлік белсенділігінің рөлін, сауда және қызметтердің дамуы үшін аймақаралық нарықтардың ашықтылығының өсуін көрсетуге болады. Компьютерлік технология аясындағы капиталдың шоғырлануы, делдалдық қызмет желілерінің белсенді дамуы, жылжымайтын мүлікпен жүргізілген операциялардың өсуі облыстардың ЖАӨ-де сауда және қызметтердің үлесін арттыруға себін тигізді.
Сонымен қатар облыстардың ЖАӨ салалық құрылымындағы құрылыстың өсуінің жалпы динамикасына қарамастан, бұл өсу өсудің экономикалық алғышарттары болмаған ішкі сұраныстың үлкен бөлігімен бекітілді, тартылатын несиелік құралдардың көлемдерімен анықталды. Соңғы жылдардағы мердігерлік жұмыстар көлемінің қысқаруы құрылыстағы қосылған құнға теріс әсер етті, нәтижесінде ЖАӨ көлемінде Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарында үлес салмақтары азайды.
ЖАӨ аумақтық-салалық құрылымын жетілдіруге оң әсер ететін фактор көлік және байланыс қызметі болып табылады. Өнеркәсіпте, ауылшаруашылығында, құрылыста, көлік және байланыста, сауда және қызмет көрсетудің басқа аяларында өсудің әртүрлі қарқындары қосылған құнның өсіміне қысқа мерзімді факторлардың әсерін көрсетеді.
Әрине, әлемдік нарыққа интеграция, ішкі нарықтардың қызмет ету мүмкіндіктерінің кеңеюі өсудің жоғары қарқындарына және ЖАӨ жалпы көлемінде өндірістік емес салалар рөлінің артуына себін тигізді. Аумақтық-салалық құрылымның және қосылған құнның ұзақ мерзімді өсуіне қол жеткізудің жолдарын жақсарту негізіне жеделдетудің ұзақ мерзімді факторлары ескерілуі керек еді, олар жиынтықта, ең алдымен, ел аймақтарының әлеуметтікэкономикалық дамуындағы ішкі қайшылықтарды еңсеруге бағытталуы қажет. Ел аймақтарының нақты экономикалық өсуін айқындайтын факторлардың ішінен, мемлекеттің басты секторларының – мұнай-газ және тау-кен өндірісінің даму қарқындарына сөзсіз тәуелділігін сезінбейтін секторларды атап көрсетуге болады. Аумақтық-салалық құрылымды айқындайтын ұзақ мерзімді факторларға адам капиталының дамуын, жергілікті бюджеттің табыстылығына оң әсер ететін өндірісті құру, инфрақұрылымдық базаның орнығуын жатқызуға болады. Даму басымдылықтары облыстар бойынша жіктелуі керек.
Шаруашылық қызметтің аумақтық-салалық құрылымы шығарылатын өнім құнымен және ЖАӨ өсу қарқынымен қатар аумақтық экономиканың белгілі бір салаларында жұмыспен қамтылғандардың санымен анықталынады. Халықтың жұмыспен қамтылғандарының саны жалпы Қазақстан бойынша «материалды-өндірістік ая» 63,9 %-ға жуық. Талдау кезінде жеке сарапшылар материалды аяға жатқызылатын салалардың құрамынан сауда, материалды-техникалық жабдықтау, дайындамалар, қоғамдық тамақтану салаларын алып тастайды. Егер осы пікірді ұстансақ, онда мұндай нұсқада материалды аяда жұмыспен қамтылғандардың саны 49,2 %-ға дейін едәуір төмендейді.
Саудада, автокөліктерді, тұрмыстық заттарды және жеке пайдалану заттарын жөндеуде мемлекеттегі экономикалық жағынан белсенді халықтың 14,7 %-ы, көлік пен байланыста 7,5 %-ы жұмыс жасады. Өндірістік емес аяда жұмыспен қамтылған халықтың 36,1 %-ы жұмыс атқарды. Материалды емес аяның барынша ірі салалары – білім беру 9,6 %, жылжымайтын мүлікпен операциялар, жалға беру және тұтынушыларға қызмет көрсету 4,8 %, мемлекеттік басқару 4,5 %, денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет көрсету 4,4 % болып табылады.
Қазақстан Республикасының шаруашылығын аумақтықсалалық құрылымында аймақтың үш түрін көрсетуге болады:
1. Жұмыспен қамтылғандардың саны және өнімнің құны бойынша шаруашылықтың басты саласы ауылшаруашылығы болып табылатын индустриалдыққа дейінгі құрылымы бар шаруашылықты аймақ – Ақмола (40,7 %), Жамбыл (33,5 %), Қостанай (38,2 %), Қызылорда (25,0 %), Оңтүстік Қазақстан (22,3 %), Солтүстік Қазақстан (49,9 %), Шығыс Қазақстан (30,5 %) облыстары.
2. Шаруашылықтың индустриалды құрылымы бар аймақтар, мұнда шаруашылықтың басты саласын өңдеуші өнеркәсіп – Алматы (74 %), Батыс Қазақстан (58 %), Қарағанды (79 %), Павлодар (21,1 %) және тау-кен өнеркәсібін өндіруші болып табылатын аймақтар – Атырау (53 %), Ақтөбе (47 %), Маңғыстау (63 %).
3. Экономика дамуының индустриалды типі бар аймақтар, мұнда шаруашылық құрылымында басымдық өндірістік емес аяға беріледі. Қазақстан Республикасында екі аумақтық бірлікте ғана, яғни Астана және Алматы қалаларында шаруашылықтың индустриалдықтан кейінгі құрылымы бар. Ақмола облысының курортты аудандарындағы өндірістік емес аяның үлесі жоғары – 10,1 %.
Аймақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуындағы сараланудың өсуінің негізінде объективті себептер бар. Олардың ішіндегі барынша маңыздысы – аймақтардың салалық құрылымындағы едәуір айырмашылықтар және олардың нарыққа әркелкі бейімделуі. Аумақтық-салалық құрылымдардың әртүрлі деңгейлері және әлеуметтік-экономикалық дамудың деңгейіндегі жоғары саралану нарықтық қатынастардың қалыптасуының бастапқы кезеңінде де, қазіргі уақытта да мемлекеттің реттеуші рөлін күшейтуді, шағын және орта бизнестің дамуына әсерін тигізетін институционалдық құрылымдарды құру қажеттілігі туралы қорытынды жасауға мүмкіндік береді.
Бақылау сұрақтары:
1. Аймақтық еңбек бөлінісінің қандай түрлері бар?
2. Қоғамдық еңбек бөлінісіне тән қандай сипаттамалар бар?
3. Еңбекті аумақтық және салалық бөлу қағидаларының бағыттары қандай?
4. Еңбекті бөлу үдерісінде кездесетін қарама-қайшылықтардың қандай түрлері бар?
5. Аумақтық деңгейде салалық құрылымның өзгеру динамикасын сипаттайтын индикатордың мәні неде?
6. Қазақстандағы жалпы аймақтық өнімнің салалық құрылымына талдау жасаңыз.
7. Аймақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуындағы сараланудың өсуінің объективті себептері қандай?