Читать книгу Аймақтық экономиканы басқару - Қарлығаш Мұхтарова - Страница 8
4. АЙМАҚТЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӘЛЕУЕТІ ЖӘНЕ ОНЫ БАҒАЛАУ
Оглавление4.1. Аймақтың әлеуетінің негізгі құрамдас бөліктері
Аймақтың экономикалық әлеуеті оның негізгі құрамаларымен: табиғи-ресурстық әлеуетпен, еңбек әлеуетімен сипатталады.
Табиғи-ресурстың әлеует қазіргі таңда белгілі және техникалық критерийлер бойынша жақын болашақта қолданылуы мүмкін табиғи ресурстардың барлық түрлерінің жиынтығымен анықталынады. Ресурстардың жеке түрлерінің мәні, мазмұны, әлеует мөлшері уақыт өте өзгереді, сондықтан да оларды бағалау әрқашан тарихи тұрғыда салыстырмалы.
Барлық табиғи ресурстардың екі негізгі белгісі бар – шыққан жері (табиғи) және пайдаланылуы (экономикалық). Осыған байланысты олардың екі жіктемесі қалыптасты.
Табиғи жіктемесі бойынша минералды су, жер, топырақ, биологиялық (өсімдік және жануарлар), жылу ресурстары (күн, жерасты сулары және мұхит тұңғиықтары), қозғалыс күштері (жел, көтерілу мен қайту, ағын су), жаңа, дәстүрлі емес ресурстар – заттың, биоорганизмдердің және т.б. тереңдік құрылым ресурстары ерекшеленеді.
Шығу белгісі ресурстардың сарқылатындығымен және қалпына келуімен толықтырылады. Осы болып белгілер бойынша: 1) сарқылатын, қалпына келмейтін ресурстар – минералды шикізаттар және отын, топырақ қабаты, жерасты сулары; қалпына келетіндер – өзендер және көлдердегі су қорлары, жылдық жерүсті және жерасты ағындар, топырақ қабатындағы қоректі заттардың қоры, өсімдік және жануар әлемі; 2) сарқылмайтын ресурстар – жылу, жарық, күн энергиясы, жел, мұхит, көтерілу мен қайтулардың энергиясы, жерішілік және мұхиттық жылулық энергия, мұхит суларының қорлары, материяның тереңдік құрылым ресурстары, ғарыш ресурстары ерекшеленеді.
Аймақ дамуының экономикалық әлеуетінің негізгі бағалау көрсеткіштерінің бірі – аймақтың еңбек әлеуетін бағалау.
Кез келген аймақтың дамуы мен жағдайының басты құрамалары халықтың саны, жыныстық құрамы, ақырғы есепте экономикалық және әлеуметтік дамуды айқындайтын негізгі демографиялық және сапалық сипаттамалары болып табылады.
Мемлекет пен оның аймақтары халқының еңбек әлеуетіне мұқият назар аудару қажет, өйткені оның жағдайына қоғамдық өндірістің негізін қалайтын фактор ретінде еңбекті іске асыру мүмкіндіктері тәуелді.
Әлеует, кеңістік және уақыт сипаттамаларымен бірлікте орын ала отырып, өзіне бір уақытта байланыстың үш деңгейін және өзара қарым-қатынасты шоғырландырады:
өткенді көрсететін бірінші деңгей, яғни өз алдына оны қалыптастыру үдерісінде жүйемен жинақталған және оның қызмет ету, даму мүмкіндіктерін қамтамасыз ететін ерекшеліктердің жиынтығын білдіреді;
екінші деңгей, тәжірибелік қолдану және қолданыста бар тәсілдерді пайдалану тұрғысынан қазіргі уақытты сипаттайды;
үшінші деңгей, жұмысшы тек өзінің қабілеттерін іске асырып қана қоймай, сондай-ақ жаңа дағдыларға ие болатын еңбекті қызмет үдерісінде дамытуға бағытталады.
Аймақты басқару тәжірибесі үшін ерекше өзектілікке еңбек әлеуетін барабар бағалау мақсатында еңбек әлеуетінің параметрлерін айқындау маңызды болып табылады.
Аймақтың еңбек әлеуеті туралы сөз болғандықтан, ол аймақтың қоғамдық өнімнің өндірісіне және оның элементтерін ұдайы өндіруге қабілеттілігін көрсетеді. Аймақтық еңбек әлеуетін зерттеудің қағидалары болып келесілер табылады:
– еңбек әлеуетін қалыптастыру жағдайларын толық сипаттау;
– еңбек әлеуетінің санын бағалау;
– еңбек әлеуетінің сапасын бағалау;
– интеграциялық көрсеткіштерді айқындау;