Читать книгу Фирмалар қаржысы - Баян Купешова - Страница 11
3. ФИРМАНЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ КАПИТАЛЫНЫҢ ҚҰРАМЫ МЕН ҚҰНЫН ТАЛДАУ
3.5. Негізгі және айналым капиталы
ОглавлениеНегізгі капитал фирманың балансында ұзақ мерзімді (айналымнан тыс) активтер ретінде көрініс табады.
Негізгі қорлар – бұл өндіріс үрдісінде ұзақ мерзім аралығында қатысатын және натуралды заттық нысанын сақтай алатын, сондай-ақ өзінің құнын дайын өнімге, тек бірнеше өндірістік циклдер өткен кейін, біртіндеп аударатын өндірістік материалды-заттық құндылықтардың жиынтығы.
Негізгі құралдар дегеніміз – ұзақ уақыт (бір жылдан астам уақыт) материалдық өндіріс саласында және өндірістік емес салада жұмыс істейтін, біртіндеп өзінің құнын жоғалту барысында амортизацияланатын материалдық-заттық құндылықтар.
Әртүрлі мақсаттармен алынған негізгі құралдар активтердің әртүрлі топтары ішінде есептеледі: