Читать книгу Фирмалар қаржысы - Баян Купешова - Страница 9
3. ФИРМАНЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ КАПИТАЛЫНЫҢ ҚҰРАМЫ МЕН ҚҰНЫН ТАЛДАУ
3.3. Мeншiктi қaржы рeсурстaрының көзі – жарғылық капитал
ОглавлениеЖарғылық капитал – өз қызметін бастау үшін акционерлік қоғамдар және басқа да заңды тұлғалар бөліп шығаратын капитал мөлшері. Оның мөлшері шартпен және жарғымен белгіленеді. Жарғылық қоры акцияларын сату, жеке салымдар, мемлекеттік қосылымдар, сондай-ақ басқа ноу-хау, патенттер, лицензиялар және басқа да жолмен құрылады. Жарғылық капитал негізгі және айналымдағы қаржы салымдар бағасынан тұрады. Жарғылық қордың құқықтық реттелуіне ерекше мән беріледі, яғни оның негізгі функцияларын ескере тұратын болсақ.
Жарғылық қордың (капиталдың) бірінші функциясының мазмұны – акционерлік қоғам құрылған сәтте оның сауда-өндірістік қызметі үшін құрылатын материалдық базасын құрайтын төленетін меншіктік салымдар. Екінші функциясы – кепілдік беру. Акционерлік қоғам кредиторлар алдында өзі иеленетін мүлік шегінде жауап береді. Аталған мақсаттарға жету үшін заң үкімдері қызмет етеді. Қоғам мүлкінің бағасы акционерлік капиталдың жарғысындағы белгіленген мөлшерінен асқан кезінде ғана пайданы акционерлер арасында бөлуге жол беріледі. Дивиденд баланстық (таза) пайда ретінде бөлінуге жатады. Ол қоғамның актив пен қарыз міндеттемелер арасындағы айырмашылығы болып табылады (акционерлік капиталын санамағанда). Сондай-ақ жарғылық қордың үшінші функциясы арқылы акционерлік қоғамның акционердің әрқайсысының бөлігі белгіленеді.
Акционерлік қоғамның жарғылық қоры – мөлшері акционерлік қоғамның жарғысында бекітілген және де акционерлермен иеленген акционерлік қоғамның номиналды бағасынан тұратын капитал. Акционерлiк қоғамның жарғылық капиталының ең төменгі мөлшерi және оны қалыптастыру тәртiбi, сондай-ақ оны ұлғайту тәртiбi Қазақстан Республикасының заң актілерімен айқындалады.
Тәуелдi акционерлiк қоғам. Егер акционерлiк қоғамның дауыс берушi акцияларының 20%-дан астамы басқа (қатысушы, басымырақ) заңды тұлғанiкi болса, ол тәуелдi қоғам деп танылады.
Басымырақ (қатысушы) заңды тұлға тәуелдi акционерлiк қоғам акцияларының тиiстi бөлiгiн сатып алғаны туралы мәлiметтi заң құжаттарында көзделген тәртiп бойынша дереу жариялауға мiндеттi.
Егер заң актiлерiнде өзгеше көзделмесе, акционерлiк қоғамдардың бiр-бiрiнiң жарғылық капиталдарында өзара қатысуы әрбiр жарғылық капиталдың 25%-ынан аспауға тиiс. Бiр-бiрiнiң жарғылық капиталына өзара қатысатын акционерлiк қоғамдар басқа қоғам акционерлерiнiң жалпы жиналысында 25%-дан артық дауысты пайдалана алмайды.
Акционерлік қоғамның жарғылық капиталын құру. Нарықтық экономика қағидаларында қызмет ететін коммерциялық кәсіпорындар, әдетте, ұжымдық немесе корпоративті меншікке ие. Меншік иелері бірнеше заңды және жеке тұлғалар, салымшылар ұжымы немесе акционерлер болады. Акционерлік ретінде құрылған жарғылық капитал жарғылық капитал құрылуының барлық аспектілерін толықтай көрсете алады.
Қоғамның жарғылық капиталына әр қатысушының салымы қатысушылар қол қоятын құрылтайшылық келісімшартпен (мәжіліс хатпен, келісіммен) анықталады.
Акция акционерлік қоғамның жарғылық капиталына белгілі бір соманы салғандығын куәландыратын, акционерлер жиналысына қатысу және дивидендтер (акция ұстаушысының табысы) түрінде белгілі бір үлесті алу құқығын беретін бағалы қағаз болып табылады.
Акцияның құнын оның ұстаушысы тек акционерлік қоғамның жойылуынан кейін немесе оны қор биржасында өткізу жолымен алу мүмкін. Акцияны сату жағдайында салым және онымен бірге туындайтын құқық басқа ұстаушыға аударылады, ал акционерлік қоғамның заңды тұлға ретіндегі мүліктік жағдайы өзгермейді.
Акциялар қарапайым (жай) және артықшылығы бар деп бөлінеді. Артықшылығы бар акциялар (құны бойынша) тек белгіленген жарғылық капиталдың 10 %-дан астам емес мөлшерде шығаруға болады. Артықшылығы бар акциялар кепілдендірілген табысқа құқық береді, олар бойынша дивидендтер олардың номиналды құнына пайыздармен белгіленген мөлшерден төмен емес мөлшерде төленеді [9].
Артықшылығы бар акция иелері акционерлер жиналысында дауыс құқығына ие емес. Жай акция иелері олар бойынша табыстарды шаруашылық қызмет нәтижесіне және берілген есептік жыл нәтижесі бойынша дивидендтерді төлеуге жіберілген таза пайда сомасы туралы акционерлер жиналысының шешіміне байланысты алады.
Жарғылық капитал мөлшері, бір акция құны, жай және артықшылығы бар акциялар арақатынасы акционерлер жиналысымен анықталады, қоғам жарғысында көрсетіледі және сәйкес мемлекеттік әділет органдарында тіркеледі. Жарғылық капиталдың кейінгі кез келген өзгерулері акционерлер жиналысымен бекітіледі және акционерлік қоғамның жарғысы алғашында тіркелген мемлекеттік әділет органында тіркелу қажет.
Акционерлік қоғамның жарғылық капиталы жарғымен белгіленген мерзім ішінде құрылады. Төлеуге ақшалай қаражаттар, құпиялы интеллектуальды меншікті (ноу-хау) қоса алғандағы материалдық емес активтер, негізгі құралдар, басқа материалдық құндылықтар, жер және мүлік салымдары есебінен алынатын және тараптар келісімі бойынша бағаланатын құндылықтар және т.с.с. қабылданады.
Жарғылық капитал өткізілген акциялардың номиналды құны бойынша бағаланады. Өткізілген акциялар құнының олардың номиналынан артық болуы, құрылтайшылық немесе эмиссиондық табыс бөлек ескеріледі және номиналдан төменді жабуға жіберіледі. Бұл қаражаттар қосымша капиталға кіреді.
Жарғылық капитал оның жаңа шамасы мемлекеттік әділет органында тіркелгеннен кейін акционерлердің жалпы жиналысының шешімі бойынша төмендетіледі немесе ұлғайтылады.
Қайта құрылған акционерлік қоғамның жарғылық капиталы өз акциялар пакетін төлеуге акционерлермен берілген ақшалай және материалдық қаражаттардың есебінен ұйымдастырылады.
Жауапкершілігі шектелген серіктестігінің жарғылық капиталы қатысушылардың салымдар сомасын құрайды. Жарғылық қоры кредиторлар мүддесіне кепілдік беретін қоғам мүлігінің минималды мөлшерін белгілейді. Шаруашылық серіктестігінің жарғылық қорына салымы ретінде ақша, құнды қағаздар, заттар, мүліктік құқықтар, соның ішінде интеллектуалды қызмет нәтижелері және басқа мүлік түрі болады.
Қатысушылардың жарғылық қорына салымдары табиғи түрде немесе мүліктік құқықтар түрінде барлық қатысушылар келісімі бойынша немесе серіктестіктің барлық қатысушыларының жалпы отырыс шешімі бойынша ақша мөлшерінде белгіленеді.
Қатысушылардың жарғылық қордағы пайы және сәйкесінше шаруашылық серіктестіктің мүліктің бағасы егер басқалай жарғылық құжаттарда белгіленбеген болса, олардың салымдар мөлшеріне тең болып табылады.
Заң актілерімен және (немесе) жарғылық құжаттармен жарғылық қорға салымдарды салудың тәртібі мен мерзімдері, сондай-ақ өз міндеттемелерін орындамау үшін жауапкершілік анықталады.
Толық серіктестіктің жарғылық қорының көлемі оның қатысушыларымен белгіленеді, бірақ заң актілерімен белгіленген мөлшерден кем болмауы тиіс.
Сенiм серiктестiгiнiң жарғылық капиталы оның қатысушылары салатын салымнан құралады. Шаруашылық үрдiсiнде жарғылық қор өзгертiлуi мүмкiн. Салымшылардың салымдарын есептемегенде, жарғылық капитал толық серiктестердiң сенiм серiктестiгi мүлкiндегi үлесiн белгiлейдi.
Жарғылық капиталдың мөлшерiн сенiм серiктестiгiнiң толық серiктестерi белгiлейдi және ол заң құжаттарында белгiленген ең төменгi мөлшерден кем болмауы керек.
Сенiм серiктестiгiнiң жарғылық капиталын азайтуға оның барлық несие берушiлерiне хабарланғаннан кейiн жол берiледi. Несие берушiлер бұл ретте тиiстi мiндеттемелердiң мерзiмiнен бұрын тоқтатылуын немесе орындалуын және өздерi шеккен залалдың орын толтырылуын талап етуге құқылы. Осы бапта белгiленген тәртiптi бұзып жарғылық капиталды азайту мүдделi адамдардың арызы бойынша сот шешiмiмен сенiм серiктестiгiн таратуға негiз болады.