Читать книгу Фирмалар қаржысы - Баян Купешова - Страница 2

1. ФИРМАНЫ ҚАРЖЫЛЫҚ БАСҚАРУ МАЗМҰНЫ МЕН ҰЙЫМДАСТЫРУ

Оглавление

1.1. Фирма қаржыларын басқару мақсаты мен міндеттері

Фирмалар қаржыларын басқарудың бүгінгі таңда ғылым мен тәжірибеде қалыптасқан заманауи мектептері мақсатты бағыттарын таңдаудың түрлі жолдарын ұсынады.

Нарықтық мектеп (америкалық мектеп) капиталдың шашылуымен (меншікті және қарыз капиталдарының иелері ақция және облигациялар ұстаушылары болып ұсынылған) меншік иелерінің басқаруда қатысумен қатар ақша ағындарын бақылау деңгейінің төмендігімен негізделген. Қаржылық және қор нарықтарының дамуымен жақсы құқықтық базаның болу барысында иелердің мұндай қатысушылығы жеткілікті. Ол қаржылық ақпараттар мен қаржылық шешімдердің ашық болуы және компания капиталының нарықтық құнын максимизациялау стратегиялық мақсатын қамтамасыз етеді. Меншік капиталы 100 %-ды құраған жағдайда бұл мақсат нарықтық капитализацияны максимизациялау деп аталады.

Қарыз капиталының бар болуы мен кредиторлар қызығушылығын ескеру қажеттілігінің болған жағдайында мақсат компанияның барлық капиталын максимизациялауға трансформацияланады (меншікті және қарыз капиталдарының нарықтық бағаларының жиынтығы).

Осы мақсат фирмалар қаржыларын басқару теориясында көптеген қолдауға ие болып, түрлі мемлекеттердің корпорацияларының дамуында тәжірибелік жетістікке жетіп, өзінің өміршеңдігін дәлелдеген.

Бұл тұжырымдаманы америкалық деп атау шартты деуге болады, себебі Ұлыбритания, Франция және континенталды Еуропа мемлекеттерінің компаниялары үшін қор нарықтарына шығу мен капиталдың нарықтық құнын максимизациялау мәселелері маңызды болып танылады.

Байланысты (банктерге бағытталған) әдіс байланысты қаржы жүйесінде жұмыс жасайды. Мұнда қарыз капиталын әлсінәлсін бөлу мен контрагенттер араларында тікелей қаржылық тәуелділік болады. Меншіктің мұндай құрылымында, менеджерлер шешім қабылдауда компанияның стратегиялық бағытында да капиталды максимизациялау мәселесіне көңіл бөлмейді.

Бірінші кезекке салынған қаражаттардың табыс әкелуін қамтамасыз ету, әлем нарықтарына шығу мен жаңа қаржылық тәуелділікті орнату болып танылады.

Жапония мен Азия-Тынық мұхиты аумағының компаниялары көбінде Еуропа компаниялары бас тартатын жобаларды қабылдайды. Ол капитал құнының төмен негізделуі мен тәуекелдің төмен бағаға ие болуымен байланысты. Мақсатты шарттар жобалар бойынша классикалық ұсыныстардан бас тартуға әкеледі, мысалы нөлдік немесе теріс нәтижелі таза дисконттық табысты жобалар қабылданады. Ол нарықта орынға ие болып қалу және өндірістік немесе қаржылық шынжыр қалыптастыру үшін жасалады.

Нақты өмірде мақсатты көрсеткіштерді таңдау көптеген факторларға тәуелді: ұйымның ұйымдастыру формасы, өмір сүру ұзақтығы, елдегі жалпы экономикалық жағдай және т.б.

Фирманың даму мақсаты нақты белгіленуі тиіс, қисындалған, ішкі құжаттармен белгіленген және ұйымның барлық қызметкерлеріне мәлімет жеткізілуі керек.

Фирма қаржыларын басқарудың мақсатын құру келесілерді қарастырады:

− банкроттыққа ұшыраудан қашу және ірі қаржылық сәтсіздіктен (шығынданудан);

− сату көлемі мен түсім;

− бәсекелестермен күресудегі жетекшілік (қаржыгер көзқарасы тұрғысынан, бәсекеге қабілеттілік көрсеткіші капиталдың рентабельділігімен байқалады, яғни пайда капиталының 1 бірлігіне);

− компания бағасының максимизациясы.

Соның барысында қаржылық менеджердің соңғы жұмысының мақсаты – фирма бағасын максимизациялау, ол төмендегідей факторларға тәуелді:

− пайда алу ұзақтығы;

− жобаланған түсімдерді алу қаупі;

− қаржы капиталын қолдану;

− дивиденттік саясат;

− қаржылық нарық жағдайы.

Тактикалық міндеттердің шешілуін қаржылық менеджмент қамтамасыз етуі тиісті, ол:

− келісімділікпен және ақша қаражаттарының түсу уақытымен қамтамасыз ету;

− ақша қаражаттарының қажетті көлемімен қамтамасыз ету;

− сатудың рентабельділігімен қамтамасыз ету (яғни оперативті деңгейде бәсекеге қабілеттілік).

Фирма қаржысын оперативті басқарудың бірінші кезекті міндеті – оның өтімділігін қамтамасыз ету. Өтімділікті шынайы қолдау негізі – төлем қабілетсіздіктің салдарынан ұйымның қызмет етуінің тоқтатылуы мен банкроттыққа ұшырауы түрінде жариялауы. Ұйымның төлем қабілеттілігін қолдауда оның қаражат ағымын тиімді басқару қажет.

1.2. Фирма қаржысын басқару қызметтері

Фирмалар қаржысын қаржы жүйесінің бөлігі ретінде қарастыратын болсақ, ол қаржының негізгі қызметтерін (функцияларын) микродеңгейде қамтиды. Ол функцияларға келесілер жатады: ұдайы өндірістік, бөлу және бақылау функциялары (негізгі функциялары бөлу және бақылау). Ұдайы өндіріс функциясы көмегімен айналым кезеңіндегі материалды, еңбекті және қаржы ресурстарының балансталған құндық көрінісін қамтамасыз етеді.

Фирма қаржысының бөлу функциясы көмегімен кәсіпорынның пайдасын бөлу реттілігі және кәсіпорынды дамыту үшін белгілі бір бағыттары бойынша бөлу пропорциясын анықтауды қамтамасыз етеді.

Фирма қаржысының бақылау функциясы көмегімен ақша құралдары қорын қалыптастыру, теңге көмегімен нақты ақша айналымына бақылау қамтамасыз етіледі. Фирмада бақылау нысаны ретінде функционалды департаментализация және дивизионды департаментализация қолданылады. Фирма қаржысының бақылау функциясы келесі бағыттар бойынша: қаражаттарды қорларға өз уақытында аударуды, ақшалай қорлардың, қордың құрылымын бұзбауына, қаражаттарды мақсатты қолдануына, түскен түсімдерді, кіріс және рентабельді деңгейін бақылауды жүзеге асырады.

Экономикалық әдебиетте фирма қаржыларының функциялары сұрақтары және де жалпы қаржылар бойынша бірыңғай ойпікір жоқ.

В.В. Бочаров және В.Е. Леонтьевтің ойлары бойынша, шаруашылық нарық жағдайында корпоративті қаржысының 3 функциясының бар болуын құқықты мойындау:

– капиталды, табысты және ақша қорларын қалыптастыру;

– капиталды, табысты және ақша қорларын қолдану;

– бақылау [1].

Осылардың ішінен біріншісі (капиталды, табысты және ақша қорларын қалыптастыру) ұдайы өндіріс үрдісінің үздіксіздігін жүзеге асыру жағдайының қажеттілігі болып табылады. Тауарларды сатудан бастапқы тарату түсім есебінен, қаржы жоспарында (бюджетінде) сипатқа ие болатын, корпорацияның және кәсіпорынның арнайы қорлары құрылады.

Фирма қаржысын басқарудың қызметтерін келесідей жүйеге келтіруге болады:

1. Жоспарлау (құрамына стратегиялық және ағымдағы қаржылық жоспарлау кіреді). Кез келген іс-шаралардың түрлі сметалары мен бюджеттерін жасау. Өткізуді болжау мен баға саясатына қатысу. Келісімшарт шарттарын анықтауға қатысу. Бірігу немесе бөліну түріндегі құрылымның мүмкін болатын өзгерістеріне баға беру.

2. Қаржыландыру көздерімен (капиталмен) қамтамасыз ету. Қысқа және ұзақ мерзімді қаржыландырудың ішкі және сыртқы көздерін іздеу. Олардың ең қолайлы үйлесімін таңдау.

3. Қаржылық ресурстарды басқару. Шоттар мен кассалардағы ақша қаражаттарын басқару. Бағалы қағаздар портфелін басқару. Қарыз қаражаттарын басқару.

4. Есеп, бақылау және анализ. Есеп саясатын анықтау. Есеп ақпараттарын қаржылық есеп түрінде беру және оны өңдеу. Нәтижелердің анализі мен оны түсіндіру. Есеп мәліметтерін жоспармен және стандарттармен салыстыру. Ішкі аудит.

5. Активтерді қорғау. Тәуекелдерді басқару. Әртүрлі тәуекелдерді сақтандырудың тиімді тәсілін таңдау.

Бұл қызметтердің нақты формалары мен әдістерін кәсіпорынның қаржылық саясаты анықтайды. Саясаттың негізгі элементтері:

– есептік саясат;

– несиелік саясат;

– ақша қаражаттарын басқару саясаты;

– шығындарды басқару саясаты;

– дивидентті саясат.

Кәсіпорынның есеп саясаты ұлттық бухгалтерлік есеп стандарттарына сай анықталады. Несиелік саясат шеңберінде айналыс қаражатының қамтамасыз етілуі туралы мәселе шешіледі – айналыстағы меншік капиталының көлемі, қарыз қаражатын алуға сұранысы, бұлар үшін коммерциялық және қысқа мерзімді несиелер қолданылады.

Ұзақ мерзімді несие тарту үшін кәсіпорынның капитал құрылымы мен қаржылық тұрақтылығы бағаланады. Ақша қаражаттарын басқару саясаты – жоспарлау мен бақылау жүйесі. Дивидендті саясат менеджерлер мен кредиторлардың мүддесін қорғайтын жеке меншік иелерінің мүдделерін қорғауды теңестіруі керек.

1.3. Фирмадағы қаржылық жұмысты ұйымдастыру

Фирманың өркениетті қаржылық менеджментін қалыптастыруда ішкі басқаруды орнатудың технологиясы бірінші кезекке шығады.

Бұл үлкен әрі еңбекті көп қажет ететін жұмыс. Оның құрамына мынадай іс-шаралар кіреді:

1. Қаржылық ашықтылықтың талаптарын ескере отырып, кәсіпорынды басқарудың механизмін қайта құру. Мысалы, ірі кәсіпорындар мен холдингтер үшін бюджеттік басқару ең тиімді жүйе болып табылады.

2. Өндірісті бизнес-бірліктерге бөле отырып, сәйкес ұйымдық құрылымдық басқаруды дайындау.

3. Жұмыстың барлық бағыттары бойынша мәліметтерді ала алатындай етіп, қаржылық қызметтің жұмысын ұйымдастыру:

– қаржылық басқарудың объектілері бойынша;

– басқару үдерістері бойынша (жоспарлау, талдау, болжау); – қаржылық ағымдар бойынша.

Керек болған жағдайда заманауи қаржылық басқарудың әдістері, тәсілдері мен қағидаларын пайдалана отырып, қаржылық қызметті әдістемелік жағынан жабдықтау керек, яғни қызметкерлерге жаңа жұмыс шарттарын үйрету.

4. Фирмаға және оның әр бөліміне арналған басқару есебінің стандарттарын дайындау: есептіліктің формасы, мерзімі, ақпараттық ағымның жүйесі, құжаттарды өңдеу және т.б. Басқарушылық қаржылық есеп пен бухгалтерлік есептің бірлесуіне қол жеткізу өте маңызды, себебі нақты қаржылық ақпараттың көзі фирманың есептілігі болып табылады.

Бұл кезеңнің мақсаты – үшінші кезеңнің жұмысы бойынша анықталған оперативтік кіріс пен талаптарға қатысты қажетті қаржылық ақпараттарды жинақтау.

Фирма қызметінің жұмыс көлемін шешу мен оның қиындықтарының сұрақтарына байланысты қаржылық басқару ірі кәсіпорындарда сипатталуы мүмкін, орта кәсіпорындардың қаржылық бөлімшесі болып қаржылық директор немесе тек бухгалтерлік есеппен айналысатын бас бухгалтер ғана емес, кішігірім кәсіпорындардың қаржылық стратегиялармен айналысуы мүмкін.

Қаржылық есептілікке қойылатын талап – кәсіпорынның шаруашылық операцияларының есебін жүргізу және жарияланатын қаржылық есептіліктердің стандарттар мен талаптарға сай болуын қамтамасыз ету.

Аналитикалық бөлім кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдайды және бағалайды: түсім, өткізу көлемі, өтімділік пен рентабельділікті қолдау бойынша жоспарланған тапсырмаларды орындау. Сонымен қатар нарық конъюктурасы, контрагенттік және ұқсас кәсіпорындардың көрсеткіштерін бақылай отырып, қаржылық көрсеткіштерді болжап отырулары керек. Осы бөлімнің мамандары ұсынылатын инвестициялық жобаларға бағалау жасай алады.

Негізгі жоспарлы құжаттарды дайындаумен қаржылық жоспарлау бөлімі айналысады: кірістер мен шығыстар балансы, ақша қаражаттары қозғалысының бюджеті, активтер мен пассивтердің жоспарлы балансы. Жоспарлау үдерісінің ақпараттық негізі – аналитикалық және оперативті бөлімдердің, бухгалтерлік есептің, басқа да фирманың экономикалық қызметтерінің, сонымен қатар нормативтеу мен нұсқаулық мәліметтерінің көрсеткіштері.

Қайталауға арналған сұрақтар

1. Фирма қаржыларын басқару мақсаты мен міндеттерін ашып, анықтама беріңіз.

2. Фирма қаржысын басқару қызметтерін атаңыз.

3. Фирмадағы қаржылық жұмысты ұйымдастыру орындары мен олардың қызметі туралы не білесіз?

4. Қазақстан Республикасында фирмалар қандай кәсіпкерлік нысандарда қызмет жасайды?

5. Қазақстан Республикасында кәсіпкерлікті қолдаудың қандай шараларын білесіз?

6. Қазақстан Республикасында кәсіпкерліктің даму динамикасын анықтаудың ақпараттық көздерін атаңыз.

Фирмалар қаржысы

Подняться наверх