Читать книгу Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар - Коллектив авторов - Страница 10
4-тарау
АДАМ-КОМПЬЮТЕР ӨЗАРА ӘРЕКЕТТЕСТІГІ
4.1. Адам-компьютер өзара әрекеттестігіне кіріспе
ОглавлениеМашиналармен өзара әрекеттесу саласында адамның мүмкіндіктерімен шектеулерін жүйелі түрде пайдалану өткен жүз жылдықтың басында қол еңбегін қолданатын фабрикаларда басталды. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде жауласушы жақтар анағұрлым тиімді қаруларды өндіруге тырысқандықтан соғыс өзара әрекеттесуді зерттеуге жақсы серпін берді. Бұл осы саланы зерттеушілер санының өсуіне алып келді және 1949 жылы Эргономиканы зерттеу қоғамы қалыптасты.
Әдетте, эргономика машиналар мен жүйелердің физикалық сипаттамаларын зерттеумен және олардың пайдаланушы жұмыстарына әсер ету қызметімен айналысады. Адамдық фактор да осындай проблемалармен айналысады. «Эргономика», «адамдық фактор» ұғымдары бір мағынаны білдіреді, дегенмен «адамдық фактор» АҚШ-та қолданылады. Бұл екі пән де компьютер болсын немесе механизм болсын кез келген жүйелерде пайдаланушы жұмыстарын зерттейді. Компьютерлік пайдалану кең таратылғаннан кейін және адамдар мен компьютерлер арасындағы өзара әрекеттесуді зерттеуге мамандандырылған зерттеушілер саны да арта бастағандықтан «адам-машина өзара әрекеттесуі» деген атпен белгілі пән «адам-компьютер өзара әрекеттесуі» деп аталатын болды.
Адам-компьютер өзара әрекеттесуі (АКӨӘ, ағылш. human-computer interaction – адам-компьютер өзара әрекеттесуі, HCI) – интерактивті компьютерлік жүйелерді дайындау, бағалау және енгізу әдістерін жетілдіру мақсатында қамтитын ғылыми бағыт.
АКӨӘ туралы айтылғанда үстелдік компьютердің жалғыз пайдаланушысы қарастырылмайды. Пайдаланушы ретінде жеке пайдаланушы, бірге жұмыс істейтін топ пайдаланушылары қарастырылады. Пайдаланушы – бұл технологияны пайдаланып жұмыс жасауды орындайтын адам.
Компьютер ретінде үстелдік компьютерден ірі көлемдегі компьютерлік жүйелерді немесе өндірістік үдерістерді басқару жүйелерінің технологиялары қарастырылады. Өзара әрекеттесу ретінде пайдаланушы мен компьютер арасындағы кез келген байланыс түсініледі. Мұндағы ең маңыздысы – нақты мақсаттарға жету үшін пайдаланушының компьютермен өзара қарым-қатынасы.
Бүгінгі таңда көптеген программалық өнімдердің шығуына қарамастан, олардың бірнешеуі ғана пайдаланушының шынайы практикалық программалық интерфейсін ерекшелей алды, ал жоғары практикалық деңгейдегі сапаға ие программалық өнімдердің саны одан да аз. Нағыз кәсіби өнімді жасау үшін бір интерфейс жеткіліксіз. Әмбебаптығымен және ауқымдылығымен ерекшеленетін эстетикалық тартымды интерфейс талап етіледі. Пайдаланушы интерфейстері ПҚ-ны жобалаушылар үшін маңызды кілттік момент болуы керек екендігі айқын.
Жобалаушылар пайдаланушыны, пайдаланушы қажеттіліктерін және оның жұмыс ортасын түсіне білуі керек. Компьютерлік жүйелер пайдаланушылардың тым көп ақпараттарды есте сақтауын талап етеді, олар аз ғана қателіктің өзіне төзімсіз келеді. Бұл және басқа да сұрақтар интерфейсті жобалау кезінде ескерілуі тиіс.
Өткен онжылдықтарда көптеген компьютер пайдаланушылары негізінен программистер және компьютерлік жүйелерді жобалаушылар болды. Демек, компьютерлік жүйені пайдаланушы адам жүйені жасаушы индивидуум ретінде басқа да келісімдер мен мәдениеттерге жүктелетін. Бірақ соңғы жылдарда компьютердің кәсіпқой маманы емес, пайдаланушылардың болуы кәдуілгі құбылыс болды. Нәтижесінде жобалаушы пайдаланушыға эквивалент болмайтын болды. Мұндай жағдайда жобалаушылар пайдаланушылардың дайындалып жатқан жүйеге қойылатын талаптары туралы, мүмкіндіктері мен шектеулері туралы ақпарат беретін құрал-жабдықтар ортасы мен әдістеріне мұқтаж болады.