Читать книгу Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар - Коллектив авторов - Страница 13
4-тарау
АДАМ-КОМПЬЮТЕР ӨЗАРА ӘРЕКЕТТЕСТІГІ
4.4. Пайдаланушы интерфейсі
ОглавлениеПрограммалық кешенді дайындаушылар көбінесе пайдаланушы интерфейсін жүйе қосымша ретінде функционалдығынан бөлек қарастырады. Программаны пайдаланушылар әдетте пайдаланушы интерфейсі мен жүйе функционалдығын бөлмейді. Пайдаланушылар үшін пайдаланушы интерфейс программа болып табылады. Егер интерфейсі жақсы болса, онда олар үшін программа жақсы және қолайлы болады.
Программаны пайдаланушы оның жұмысын басқаруға және қажетті нәтиже алуға мүмкіндік беретін программаның элементтер жиынтығын пайдаланушы интерфейсі (ПИ) ретінде түсінеміз.
Пайдаланушы интерфейсі көбінесе программаның сыртқы түрі ретінде түсініледі. Дегенмен пайдаланушы интерфейсі арқы-лы ғана жүйені тұтасымен түсінетіндіктен мұндай түсінік өте таяз болып саналады. Шындығында, ПИ пайдаланушының өзара әрекеттесуі мен жүйеге әсер ететін барлық дизайнның аспектілерін қамтиды. Бұл пайдаланушы көретін тек экран ғана емес. Пайдаланушы интерфейсі төменде келтірілген құраушылар жиынынан тұрады:
– жүйенің көмегімен пайдаланушылар шешетін тапсырмалар жиынтығы;
– жүйе пайдаланатын метафора (мысалы, MS Windows ОЖ-дағы жұмыс үстелі және т.б.);
– жүйені басқару элементтері;
– жүйе блоктары арасындағы навигация;
– программа экрандарының визуалды дизайны.
Пайдаланушы интерфейсінің дұрыс жобалануының маңыздылығы ақпараттық жүйені (АЖ) енгізген кезде мекеменің жалпы тиімділігі артады, бұл жерде көптеген зерттеу нәтижелері сауатты дайындалған ПИ қарапайым ендірілген АЖ-мен салыстырғанда тиімділікті едәуір арттыруға болатынын көрсетеді.
Пайдаланушы интерфейстерінің құрылымы мен жіктелуі.
Пайдаланушы интерфейсінің дизайнында шартты түрде декоративті және белсенді құраушыларға бөлуге болады. Декоративті құраушыға программалық өнімнің эстетикалық тартымдылығына жауапты элементтер жатады. Белсенді элементтер есептеу модельдерінің операциялық және ақпараттық бейнелері мен пайдаланушы программамен басқаратын пайдаланушы интерфейсінің басқару құралдарына бөлінеді. Программалық өнімнің әртүрлі кластарының басқару құралдарының шамалы өзгешеліктері болуы мүмкін. Сондықтан интерфейстерді және олардың басқару құралдарын алдын ала жіктеуіміз қажет.
Бірінші деңгейде мұндай жіктеу адам-машина өзара әрекеттесуінің (4.1-кесте) базалық техникалық құралдарын пайдалануымен байланысты шыққан интерфейс кластарын бөліп алуға пайдалы болады. Осындай құралдардың тарихи пайда болуы пайдаланушы интерфейстерінің жаңа кластарын туындауына әкеледі. Алайда жаңа құралдардың пайда болуымен интерфейстердің ескі кластарын пайдалануды толығымен тоқтату міндетті емес. Интерфейс кластары өте кең ұғым болып табылады. Базалық интербелсенді құралдармен берілген кластардың ішкі кластарға бөлінуі ойға қонымды, мысалы графикалық кластарды алып қарастырсақ, оларды екі өлшемді және үш өлшемді интерфейс ішкі кластарына бөлуге болады. Осындай жіктеу бойынша кең таралған WIMP (ағылш. Windows-Icons-Menus-Pointing device – іске қосылған интербелсенді элементтерді көрсететін – терезе, пиктограммалар, мәзір және позициялаушы құрылғылар (әдетте, тінтуір)) интерфейсі екі өлшемді ішкі класқа жатады. Бүгінгі таңда SILK (сөйлеу), биометрикалық (мимикалық) және семантикалық (қоғамдық) сияқты интерфейстің жаңа кластары жақсы дамуда.
4.1-кесте
Пайдаланушы интерфейсінің басқарушы құралдарын жіктеу
Пайдаланушы интерфейсінің жаңа түрі – түйсіну пайда бола бастады. Бұл сала әлі де толық зерттелмеген болса да, түйсіну сезіміне негізделген аппаратура жақында пайда болды. Түйсіну құрылғыларының басқа интербелсенді құрылғыларынан айырмашылығы сезіну қабілеттілігі мен ақпарат жөнелту қабілеттілігі болып табылады. Осылайша, түйсіну интерфейстерінің дизайнерлері екі маңызды жағдайды қарастырады: түйсіну сезімі (жанасу сезімі) және «кинестетикалық» (kinesthetic) сезім (сезім, дене қайда орналасқан). Бұл құрылғылар жалпы ортақ ерекшеліктерге ие: олар қимыл мен жағдайлар туралы ақпарат алатын әрі берілген нүктедегі күш шамасын қайтаратын PHANToM сияқты күштің кері байланыс құралдарымен жабдықталған. Осылайша, пайдаланушы дененің сыртқы бетіне жанасу кезіндегі әртүрлі қысымдар қабаты арқылы қозғалыстағы объектінің формасын сезінуі мүмкін.
Жоғарыда айтылғандай, қазіргі кезде пайдаланушы интерфейсін ұйымдастырудың екі түрлі тәсілі қалыптасқан. Біріншісі тарихи ерте кезде қалыптасқан пайдаланушыға жеке командалар түрінде безендірілген программа жүктелетін командалық тілді беретін тәсілден тұрады. Бұл тәсіл командалық жолдар интерфейсі (ағылш. Command Line Interface – командалық жолдар интерфейсі, CLI) деген атпен белгілі.
Балама тәсіл пайдаланушыға тінтуірдің немесе басқа да координаталық енгізу құрылғысының көмегімен әрекеттерді таңдауға мүмкіндік беретін экрандағы – икон (icons) кескіндері түріндегі символдық бейнелерден тұрады. Бұл тәсіл пайдаланушының графикалық интерфейсі атымен белгілі.
GUI (екі өлшемді) ішкі класының бірін WIMP аббревиатурасымен белгілеу қабылданғанын жоғарыда айтып кеттік, ол іске қосылған интербелсенді элементтерді көрсететін – терезе, пиктограммлар, мәзір және позициялаушы құрылғылар (тінтуір) болып табылады. Интерфейстің нақ осындай түрі 1984 жылы Macintosh-пен бірге кең таралымға ие болды, кейіннен бұл дербес компьютерлерге арналған Windows-қа көшірілді де, Windows бүгінгі күнге дейін басымдылыққа ие болуда.
Заманауи ОЖ-ларды дайындаушылар әдетте екі тәсілді де жүзеге асыруға керекті құралдармен әрі көбінесе екі типтегі интерфейстерді де пайдаланатын қабықшаларды әзірлеу құралдарымен қамтамасыз етеді. Олардың артықшылықтарын салыстырайық.
CLI артықшылықтары.
Сәтті жобаланған командалық тілдер өңдеудің жоғары жылдамдығын, жүйе ресурстарын тиімді және үнемді қолдануды қамтамасыз етеді. GUI-мен салыстырғанда олардың алгоритмдік толықтылығы командалық тілдердің маңызды артықшылығы болып табылады. GUI-де пайдаланушы программаны дайындаушы салған иконкалар немесе мәзірдегі пунктілерді құрастыру сияқты мүмкіндіктермен шектелген, ал командалық тілдер кез келген алгоритмдік тапсырмаларды, тіпті тілді дайындаушы ешқашан ойламаған есептерді де шешуге пайдаланылады.
Пайдаланушы интерфейстері саласындағы соңғы жетістік – сөзді тану және дауыспен басқару, бұл негізінен командалық тілге қайту болып табылады, себебі бұл жердегі айырмашылық тек команда сөзбен айтылады.
Заманауи интербелсенді командалық процессорлар командалық тілдердің алдыңғы ұрпақтарының барлық проблемаларын шеше алады.
Командалардағы және тізбектелген бірдей немесе ұқсас командалар жиынтығынан қателерді түзету бұрынғы терілген жолдарды еске түсіру арқылы жүзеге асырылады. Заманауи командалық процессорлар бұрынғы терілген тарихи тізімдерден командаларды іздеу, редакциялау, осы командалардың кейбір бөлімдерін қайта пайдалану сияқты иілгіш құралдармен қамтамасыз етеді.
Файлдардың, каталогтардың және басқа да объектілердің ұзын атаулар жиынтығы атауларды автоматты кеңейтумен жеңілдетілген. Бұл құрал файл атауының бастапқы бірнеше символын теру арқылы атты толығымен кеңейтіп немесе осындай атпен басталатын барлық файлдар тізімін алуға мүмкіндік береді.
Ыңғайсыз, есте сақтауға нашар немесе қандай да бір пайдаланушыны қанағаттандырмайтын командалар синонимдерді (aliases) пайдалану арқылы атауларын ауыстыруға мүмкіндік береді. Бұл механизм үнемі қолданылатын күрделі командаларды қысқарту үшін пайдаланылуы мүмкін.
GUI артықшылықтары.
Командалық тілдер үйренуге көп уақыт жұмсауды және көп күшті талап етеді. Үйрену кезінде интеллектуалды күшті ғана талап етіп қоймай, сонымен қатар эмоциялық күшті де керек ететінін айта кету керек. Алғашқы жағымсыз әсер компьютер алдында тиімді пайдалану мен үйренуді қиындатып, тұрақты қорқыныш тудыруы мүмкін. Керісінше, графикалық интерфейс жаңа пайдаланушыға тез арада қолжетімді мүмкіндіктерді байқауға және қалағанын таңдауға септігін тигізеді. Көп жағдайларда нұсқалардың көрнекілігі мүмкіндіктер көптігінен маңызды болып саналады.
Дегенмен кейбір жағдайларда нұсқалардың тым көптігі пайдаланушыны шатастыруы мүмкін. Адам бір уақытта шекті сан-дағы объектілермен және параметрлермен әрекет жасай алатынын ұмытпаған жөн, қазіргі кездегі деректер бойынша адам және жылықанды жануарлардың бұл саны 6-7 объектілермен шектелген.
Жүйенің базалық мүмкіндіктерін игергеннен кейін де адам қандай да бір операцияларды орындау командаларын ұмытып қалуы мүмкін, бұл мағынада барлық мүмкіндіктері көз алдымызда тұрған графикалық интерфейстер артықшылыққа ие.
GUI интерфейсі шындыққа жанаспайтын, алдын ала анықталған жағдайларда пайдаланушы мүмкіндігін шектейді. Жақсы ойластырылған интерфейстер командалық тілдер сияқты комбинациялық операцияларға икемділік мүмкіндігімен қамтамасыз етеді. Жазу мүмкіндігі мен тізбектелген әрекеттерді орындау (мысалы, макростар) көптеген жағдайларда командалық файлдардың орнын алмастыруы мүмкін.
Салыстырмалы жоғары үстемелі шығындар графикалық интерфейспен тығыз байланысы үлкен зиян емес. Аппараттардың қазіргі кездегі бағасы төмен, себебі ол графикалық жүйені пайдалану және үйрену қаражатымен орнын толтырады. Сонымен қатар өз алдына жоғары сапалы графика мен үлкен есептеу қуаты бар: автоматты жобалау жүйесі, полиграфиялық жұмыстар, синтез және видеодеректерді және т.б. қосымшаларға арналған көптеген заманауи үстелдік жүйелер пайдаланылады.
Тағы бір маңызды жайт: дұрыс таңдалған түс, әдемі салынған басқару элементтері, т.с.с ерекшеліктері бар жақсы ойластырылған графикалық интерфейс көзбен қарағандада тартымды болып келеді.
Әртүрлі категориялы пайдаланушы интерфейстері әртүрлі ойлау қабілетіндегі адамдар үшін дайындалуы мүмкін. Мысалы, командалық интерфейстер логикалық ойлау қабілетіне ие адамдарға қолайлы болса, ал графикалық интерфейс бейнені ойлау қабілетіне ие адамдар үшін тиімді. GUI-ге бағытталған Macintosh компьютерлерін негізінен суретшілер, дизайнерлер және басқа да «бейнені ойланатын» шығармашылық мамандықтағы адамдардың көптеп қолданатыны түсінікті.
Командалық интерфейс пайдаланушының мақсаты анық болғанда өте жақсы, әсіресе тұрақты орындалатын жоспарлы міндеттерді атқару үшін өте маңызды. Графикалық интерфейс нақты анықталмаған немесе алгоритмі дұрыс құрылмайтын проблемаларға қолайлы.
Сондықтан жақсы жүйе екі интерфейсті де ұсына білуі керек. Мысалы, Apple фирмасының дайындаушылары ұзақ уақыт бойына жүйеге командалық интерпретаторды енгізбеуге тырысты, бірақ соңында техникалық қолдаушы мамандардың қысымымен AppleScript командалық тілін іске қосуға мәжбүр болды.
WIMP-интерфейстерінің кемшіліктері.
WIMP-интерфейстерінің көрсетілген артықшылықтарымен қатар, олар көптеген проблемаларды ала келді.
Біріншіден, қосымша күрделі болған сайын, оны игеру де соншалықты қиындай түседі және бұл қиындықтар сызықты емес түрде арта береді. Бөлек алынған интерфейс ерекшеліктері мен құралдары қарапайымдау болуы мүмкін, бірақ үлкен көлемде бір қосымшаға біріктірілсе, олар күрделіліктің жаңа деңгейін қалыптастырады. Көптеген заманауи үстелдік қосымшалардың көлемділігі сондай, пайдаланушылар олардың функционалдылығына бір рет үйреніп алса, жаңа нұсқаларынан бас тартып, өздері үйреніп алған ескі нұсқаларды қолдануды қалайды.
Екіншіден, пайдаланушылар көптеген уақыттарын қосымшамен жұмыс жасауға емес, қайта сол интерфейсті үйренуге жұмсайды. Білікті пайдаланушылар өзіндік жұмыстарын жасау кезінде қабаттардың және шектен тыс интерфейстік элементтердің көптігіне наразылық білдіріп жатады.
Үшіншіден, WIMP – GUI интерфейстерінде мәтіндерді өңдеу, құжаттар мен электрондық кестелерді жинақтау сияқты екі өлшемді қосымшалармен жұмыс істеу үшін олардың 2D интерфейсті элементтерімен бірге жобаланады. Егер де қосымша өзінің мағынасы бойынша үш өлшемді болса, онда онымен 2D элементтерінің көмегімен басқару табиғи болып саналмайды. Қазіргі кездегі 3D қосымшалар үшін WIMP-интерфейстері 3D-курсорды басқару үшін, бақылаушы тұрғысынан манипуляциялау үшін және объектілерді редакциялау үшін пайдаланылатын 3D әлемді қоршап тұратын, 2D-батырмалар мен слайдерлері бар басқару панельдерінен тұрады. 3D қосымшаның екі өлшемдіге қарағанда көптеген үлкен визуалды күрделіліктері болады, ал ол өз алдына WIMP интерфейсімен байланысты проблемаларды одан сайын күшейтетіні түсінікті.
Төртіншіден, барлық пайдаланушылар пернетақта мен тінтуірді тиімді пайдалану қабілетіне ие бола бермейді, себебі бұл құрылғылар пайдаланушы мәселелерінің аясында күнделікті пайдаланылмайды немесе осы құрылғыларды пайдаланудан туындайтын, яғни зер сала қарау арқылы үнемі пернетақтаны басуға байланысты пайда болатын физиологиялық қолайсыздықтар себебінен пайдаланушылар жалыға бастайды. Олар сөйлеу, есту және жанасу сияқты өзара әрекеттесу каналдарын пайдаланбауы WIMP-интерфейстерінің негізгі кемшілігі болып табылады. Біз-дің көп санды нейрондарымыз көру мүмкіндігі ең жоғары өткізу қабілетіне ие ақпараттық канал болуға мүмкіндік беретіндей миымыздың визуальды қыртысында орналасса да, сөйлеу, есту және жанасусыз физикалық әлеммен қатынау толыққанды болмайды. Aliias/Wavefront фирмасының сарапшысы Билл Бакстон (Bill Buxton) мырза пернетақта мен тінтуірді қолдануға негізделген WIMP-интерфейстері жалғыз көзі, жалғыз саусағы ғана бар басқа мүшелерінен айырылған жаратылыс жандар үшін жасалған кемелденген құрал деп айтқан болатын.
WIMP-интерфейстерінің тағы бір шектеулілігі – ол жалғыз басты пайдаланушыларға арналғандығында.