Читать книгу Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар - Коллектив авторов - Страница 9

3-тарау
ПРОГРАММАЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗДАНДЫРУ. ОПЕРАЦИЯЛЫҚ ЖҮЙЕЛЕР
3.4. Операциялық жүйелердің негізгі түрлері

Оглавление

Көптеген адамдар компьютерді сатып алғанда орнатылған ОЖ-ны қолданады, бірақ қалауы бойынша жаңарта алады немесе басқасын орната алады. Компьютер үшін кеңінен таралған үш ОЖ бізге белгілі: Microsoft Windows, Apple Mac Os X және Linux.


3.4-сурет. Microsoft Windows, Apple Mac Os X және Linux ОЖ-ның иконкалары


Заманауи ОЖ-да пайдаланушының GUI графикалық интерфейсімен жұмыс істейді. GUI графика мен мәтін комбинациясы түрінде дисплейде пайдаланушыға ұсынған экрандық объектілерді (иконкаларды, батырмаларды, белгілерді, мәзірді) басқару үшін тінтуір, пернетақта және джойстик пайдалануға мүмкіндік береді. Яғни барлығы компьютер экранында дәл және анық графикалық бейне түрінде көрсетілген. Ол тінтуір, пернетақта және т.б. көмегімен компьютерде жеңіл жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Әрбір ОЖ-ның GUI өзінің сыртқы түрі бар, сондықтан егер сіз басқа ОЖ-ға ауыссаңыз, ол ыңғайсыз көрінуі мүмкін. Соған қарамастан ОЖ-ның барлығы пайдалануда қарапайым болатындай құрылған (3.5-сурет).


3.5-сурет. Операциялық жүйелердегі пайдаланушының графикалық интерфейсі


GUI графикалық интерфейсі болмаған кезде компьютерлерде командалық жолдар интерфейсі болған. Бұл экранға бір ғана мәтінді бейнелеу үшін пайдаланушы компьютерге әр кезде команданы енгізіп отыру керектігін білдіреді.

DOS операциялық жүйесі.

1981 жылы шыққан Microsoft-тан MS-DOS жүйесі дискілік ОЖ-ның ең анық өкілі болып табылады. Қазіргі уақытта 6.22 және 7.0 нұсқалары (Windows 9x құрамында) бар, сонымен қатар басқа да құрастырушы-фирмалардың (DR DOS, PC DOS) нұсқалары бар. Қазіргі уақытта бұл ОЖ жалпы ұмытыла бастады десе де болады, әйтсе де ол х286 мен х386 процессорлары бар компьютерлер үшін өзекті. Пайдаланушының мәтіндік интерфейсі бар және осының салдары ретінде командаларды жазудың синтаксисін білу талап етіледі.

Microsoft Windows операциялық жүйесі.

1980 жылдың ортасында Microsoft компаниясы Windows ОЖ-сын құрды. Windows-тың бернеше нұсқалары шығарылды, солардың ішінде қазіргі таңда пайдаланатындары: Windows Vista (2007), Windows 7 (2009), Windows 8 (2012), Windows 10 (2015 жылы шығарылған) және Windows XP (2001) ОЖ. Windows көптеген жаңа компьютерлерде орнатылған және әлемде ең әйгілі ОЖ. Егер сіз Windows-ты соңғы нұсқасымен жаңартқыңыз келсе, Home Premium, Professional және Ultimate-тің біреуін таңдасаңыз болды (3.6-сурет).


3.6-сурет. Windows операциялық жүйесі


Unix операциялық жүйесі.

Unix ОЖ-сы Bell Telephone Laboratories-те құрылған. Көп есепті осы ОЖ өте көп пайдаланушыны бір мезгілде жұмыспен қамтамасыз ете алады. Бір қуатты сервер көптеген пайдаланушылардың сұранысына қызмет жасай алады. Сонымен бірге бұл жерде бір жүйені ғана басқару қажет. Сонымен қатар жүйе көптеген әртүрлі функцияларды орындай алады, дербес жағдайда желінің маңызды қызметін қолдаушы есептеуіш сервер, ДҚ-ның сервері, желілік сервер және т.б. ретінде жұмыс істей алады.

Unix нұсқасының әртүрлілігіне қарамастан бірдей архитектурасы мен стандарты интерфейстер қатары барлық нұсқасының негізі болып табылады. Қарамағында шағын арнайыландырылған мәселелерді шешетін утилиттер жинағы бар, олардан күрделі кешенді құруға болады.

Mac OS операциялықжүйесі.

Mac ОЖ-сын Apple компаниясы құрған. Ол Macintosh немесе Mac-тың жаңа компьютерлерінде орнатылады. Осы ОЖ-ның ең соңғы нұсқасы OS X ретінде белгілі. Нақтырақ айтсақ, Yosetime (2014 жылы шыққан), Mavericks (2013), Mountine Lion (2012), Lion (2011) және Show Leopard (2009). Сондай-ақ серверлерде жұмыс істеуге арналған Mac OS X Server ОЖ-сы бар.

Linux операциялық жүйесі.

Linux – ашық бастапқы кодымен берілген операциялық жүйе (3.7-сурет). Бұл дүниежүзі бойынша кез келген адаммен жетілдіріле және таратыла алады. Бұл осы ОЖ-ны басқа ОЖ-дан ерекшелейді. Мысалы, Windows ОЖ-сын тек қана иесі (Microsoft) өзгертіп, тарата алады. Linux-тың артықшылығы ол тегін және көптеген әртүрлі нұсқасын таңдауға болады. Әрқайсысының сыртқы түрі бар, олардың ішінде Ubuntu, Mint және Fedora кең тарағандары.

1991 жылы фин студенті Линус Торвальдс электрондық поштамен өзінің ОЖ-ның бірінші прототипін жіберді және жасаған жұмысының ұнайтынына немесе ұнамайтынына үн қосуын сұрады. Осыдан көп программистер құрылғылардың драйверін қосып, әртүрлі қосымшалар құрып, Linux-ты қолдай бастады. Қазіргі уақытта Linux өте қуатты және тегін жүйе.


3.7-сурет. Linux операциялық жүйесі


Осыған байланысты Linux-тың негізін қалаушы Линус Торвальдстың құрметіне Linux ОЖ-сы деп қойылған.

Линус Торвальдс ОЖ-ның өзін құрған жоқ, оның бар компоненттерін қоса отырып ядросын қосты. Шеттегі компаниялар өздерінің бизнесін дамыту үшін келешегін байқап ОЖ-ны утилиттермен және қолданбалы ПҚ-мен толықтырды. Мұндай тәсілдің кемшілігі – жүйені орнатудың жүйеленген және ойластырылған процедуралардың жоқтығы. Бұл Linux-тың кеңінен таралуы үшін басты тежейтін факторлардың бірі. Соған қарамастан, бұл ОЖ жыл өткен сайын нарықтың көптеген бөлігін желілік ОЖ-ны танымал әлемдік өндірушілерден жаулап алуда.

Бақылау сұрақтары:

1. Программалық қамтамасыздандыруды қалай түсінесіз?

2. Программалық қамтамасыздандыру қаншаға бөлінеді?

3. Неге жүйелік программалық қамтамасыздандыру деп аталады?

4. Неге қолданбалы программалық қамтамасыздандыру деп аталады?

5. Жүйелі программалық қамтамасыздандыру мен қолданбалы программалық қамтамасыздандырудың айырмашылықтары.

6. Қолданбалы программалар пакетін қалай түсінесіз?

7. Қолданбалы программалар қамтамасыздандырудың қандай типтерімен ерекшеленеді?

8. Жалпы міндеттегі программалық қамтамасыздандыруға анықтама беріңіз.

9. Қолданбалы программалар пакетінің класына жататындар.

10. ДҚБЖ-ны қалай түсінесіз?

11. CASE-технологияның міндеті.

12. Эксперттік жүйеге анықтама беріңіз.

13. Операциялық жүйеге анықтама беріңіз.

14. Операциялық жүйелердің жіктелуі.

15. Операциялық жүйелердің негізгі түрлері.

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар

Подняться наверх