Читать книгу Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар - Коллектив авторов - Страница 8

3-тарау
ПРОГРАММАЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗДАНДЫРУ. ОПЕРАЦИЯЛЫҚ ЖҮЙЕЛЕР
3.3. Операциялық жүйелерді жіктеу

Оглавление

ОЖ:

– бір мезгілде пайдаланушылар: бір пайдаланушылық, көп пайдаланушылық саны бойынша;

– жүйенің басқаруымен: бір міндетті және көп міндетті бір мезгілде орындалатын үрдістер саны бойынша;

– пайдаланушы процессорлар: бір процессорлы, көп процессорлы саны бойынша;

– ОЖ-ның разрядтық: 8 разрядтық, 16 разрядтық, 32 разядтық, 64 разрядтық коды бойынша;

– интерфейс типтері: командалық (мәтіндік) және объектіге бағдарланған (графикалық) типтері бойынша;

– ресурстарды пайдалану типтері: желілік және жергілікті типтері бойынша жіктеледі.

Жіктелудің бірінші белгісіне сәйкес көп пайдаланушы ОЖ бір пайдаланушыға қарағанда әртүрлі терминалдардағы бірнеше пайдаланушылардың дербес компьютерде бір мезгілде жұмыс істеуін қолдайды.

Екінші белгі ОЖ-ны көп міндеттіге және бір міндеттіге бөлуді ұйғарады. Көп міндетті түсінігі бір мезетте, бір ЕЖ аясындағы, бірнеше программалардың параллельді орындауын қолдауды білдіреді. Бір міндетті ОЖ уақыттың жеке мезгілінде тек бір программаның орындалу режимін қолдайды.

Үшінші белгіге сәйкес көп процессорлы ОЖ бір процессорлыларға қарағанда сол немесе басқа есептерді шешу үшін бірнеше процессорлардың ресурстарын үлестіру режимін қолдайды.

Төртінші белгі ОЖ-ларды 8, 16, 32 және 64 разрядтыға бөледі. Бұл жерде ОЖ разрядтылығы процессор разрядтылығынан аспайды.

ОЖ-ның бесінші белгісіне сәйкес пайдаланушы интерфейс типі бойынша объектіге бағдарланған (графикалық интерфейс) және командалық (мәтіндік интерфейспен) болып бөлінеді.

Алтыншы белгіге сәйкес ОЖ:

– орындалатын программадан, ЭЕМ-ге енгізілетін және приоритеттігін ескеру мүмкіндігінше рет-ретімен орындалатын тапсырмалар пакеті (жиыны) қалыптасатын пакеттік өңдеу жүйесіне;

– қамтамасыз ететін берілген пәнге сәйкес ОЖ-мен үйленістіретін кезек бойынша машинаның ресурстары бөлінетін әртүрлі терминалдағы бірнеше пайдаланушылар ЭЕМ-ге бір мезгілде сұхбатқа (интербелсенді) қол жеткізуді қамтамасыз ететін уақытты бөлу (TSR) жүйесіне;

– ЭЕМ жағдайларына, үрдістеріне немесе объектілеріне қатысты оларға қандай да бір сыртқы басқарумен пайдаланушының сұранысына беретін машинаның жауабына нақты кепілденген уақытпен қамтамасыз ететін нақты уақыт жүйесіне бөлінеді.

Жіктеудің жетінші белгісіне сәйкес ОЖ желілік және жергілікті болып бөлінеді. Желілік ОЖ деректерді бірге пайдалану мақсатында желіге біріктірілген компьютер ресурстарын басқаруға арналған және деректердің тұтастығы мен сақталуын қамтамасыз ету саласында деректерге қол жеткізуге шектеу қоятын мықты құралдарды, сонымен қатар желілік ресурстарды пайдалану бойынша көптеген сервистік мүмкіндіктерді ұсынады.

Көп жағдайларда желілік ОЖ тек қана желілермен бірге пайдаланатын ресурстарға қызмет атқару үшін бөлінетін бір немесе одан да артық жеткілікті түрдегі қуатты компьютерлер-серверлерде орнатылады. Барлық басқа ОЖ ауқымды деп есептеледі де кез келген дербес компьютерлерде, сонымен қатар жұмыс станциясы немесе клиент ретінде желіге қосылған жеке компьютерде пайдаланылуы мүмкін.

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар

Подняться наверх