Читать книгу Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар - Коллектив авторов - Страница 6

3-тарау
ПРОГРАММАЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗДАНДЫРУ. ОПЕРАЦИЯЛЫҚ ЖҮЙЕЛЕР
3.1. Программалық қамтамасыздандырудың түрлері

Оглавление

ПҚ – бұл компьютерде ақпаратты автоматты түрде өңдеуге мүмкіндік беретін программалар жиынтығы. ПҚ компьютерде орындауға көмектесе алатын есептерді анықтайды. Кейбір ПҚ құжаттарды құруға, ал кейбіреулері вирустарды бұғаттауға көмектеседі немесе компьютер өнімділігін баптайды. ПҚ жүйелік ПҚ және қолданбалы ПҚ болып бөлінеді.

Жүйелік ПҚ компьютерге бағытталған есептерге арналған, ал қолданбалы ПҚ адамдарға нақты есептердің жетістігіне жетуге көмектесу үшін құрылған. Қолданбалы ПҚ-ны олардың сәйкес қолдануымен ішкі категорияларға бөлуге болады. Жүйелік ПҚ ОЖ-ны, утилиттерді және құрылғылардың драйверлерін қамтиды. Жүйелік қамтамасыздандыру мен қолданбалы қамтамасыздандырудың ішкі категориялары 3.1-суретте көрсетілген.


3.1-сурет. Программалық қамтамасыздандырудың категорияларға жіктелуі


Қолданбалы программалық қамтамасыздандыру.

Неге ПҚ деп аталады? Сіз қосымша сөзін естігенде жұмысқа орналасуға, клубқа мүше болуға немесе жүргізуші құжатын алуға толтырылатын өтініш формасы немесе қаржылай көмекке тапсырысты елестетуіңіз мүмкін. Бірақ «қолданбалы» басқа мағынаны береді. «Пайдалану» сөзі синонимдерінің бірі болып табылады. Құжаттарды құру, есептеу, конструкцияларды салу және видеоларды редакциялау сияқты компьютерде көптеген қолданулар жиыны кездеседі. Әрбір пайдалану қосымша деп есептеледі және әрбір пайдалану үшін компьютерді нұсқаулармен қамтамасыз ететін ПҚ программалық қосымша немесе қосымша деп аталады. Жеке қолдануға немесе бизнесте қолдануға арналған ПҚ-ның мыңдаған тиімді қосымшалары кездеседі.

Өндіргіш ПҚ деген не? Қолданбалы ПҚ-ның кейбір түрлерін өндіргіш қамтамасыздандыру деп атайды. Осы терминнің көптеген анықтамалары бар. Әйтсе де өндіргіш ПҚ жалпы алғанда адамдарға өз жұмыстарын нәтижелі, тиімді орындауға көмектесетін, мүмкіндігі бар қолданбалы ПҚ-ның кез келген типі ретінде анықталуы мүмкін.

Термин мәтіндерді машинкада теру, базалық бухгалтерияны беру сияқты кеңсе міндеттерінің тиімділігін арттыру мақсатында кәсіпорындарда пайдаланатын программалық орталарға сілтеме ретінде пайда болуы мүмкін. Көбінесе өндіруші ПҚ-мен байланысты қосымша мәтіндік процессорды, электрондық кестелерді, жоспарлаушылар мен деректер қорын басқару жүйесін (ДҚБЖ) қамтиды.

Графикалық программалар, презентация үшін ПҚ, сонымен қатар үстелге қойылатын баспа жүйесінің ПҚ кейде қосымшалар өнімділігі ретінде жіктеледі.

Бірлескен жұмыстың ПҚ деген не? Бірлескен жұмыстың ПҚ-сы деп аталатын қолданбалы ПҚ-ның басқа типі интернет қосылыстарды немесе жергілікті желілерді қолданып бір жобада бірлесіп жұмыс істеуге адамдарға көмектесу мақсатында құрылды. Бірлескен жұмыстың ПҚ-сы негізінен топ үшін кездесу уақытын автоматты түрде таңдай отырып, топ мүшелеріне арналған кестені қолдау мүмкіндігімен, электронды поштамен немесе басқа каналдармен қатынасуды жеңілдетумен, алдын ала дайындалған кестеге немесе тізбекке сәйкес құжаттарды таратумен, адам-дардың бірыңғай құжатқа өз үлестерін қосуға қамтамасыз етеді. Қосымшаны жүктеу әдістері компьютеріңіздің ОЖ-сына тікелей байланысты, бірақ көбінесе дербес компьютерлерде 3.2-суретте көрсетілгендей жұмыс үстеліндегі белгіге тінтуірді екі рет басу арқылы немесе мәзірден қосымшаны таңдау арқылы орындауға болады.


3.2-сурет. Қосымшаны жүктеу әдістері


Дербес компьютерді қолданғанда ПҚ-ның қосымшасын Пуск мәзірінің немесе жұмыс үстеліндегі иконканың көмегімен іске қосуға болады.

Қолданбалы ПҚ пайдаланушының нақты есебін (қосымшасын) құруға және орындауға арналған. Қолданбалы ПҚ базалық ПҚ-ны басқаруымен, дербес жағдайда ОЖ-мен жұмыс істейді. Олар ақпаратты өңдеу бойынша қандай да бір функциялар мен процедураларды компьютер қалай орындауын білу қажеттілігінен толық босата отырып, пайдаланушы мәселелерін шешудіавтоматтандыратын қуатты құрал болып табылады.

Қолданбалы ПҚ-ның құрамына әртүрлі тағайындалудағы қолданбалы программалар пакеттері мен пайдаланушының жұмыс программалары кіреді.

Қолданбалы программалар пакеті (ҚПП) – бұл белгілі кластардың есептерін шығару үшін арналған программалар кешені.

Қолданбалы ПҚ келесі типтерімен ерекшеленеді:

– жалпы тағайындалуы;

– әдіске бағдарланған ПҚ;

– проблемаға бағдарланған ПҚ;

– ауқымды желі үшін ПҚ;

– есептеуіш үрдістерді ұйымдастыруға арналған ПҚ.

Жалпы тағайындалудағы программалық қамтамасыздандыру.

Жалпы тағайындалудағы ПҚ – бұл ақпараттық жүйелердің және пайдаланушының функционалдық есептерін өңдеу мен пайдалануды автоматтандыруға арналған әмбебап программалық өнім.

ҚПП-ның осы класына жататындар:

– мәтіндік және графикалық редакторлар;

– электрондық кестелер;

– ДҚБЖ (СУБД) деректер қорын басқару жүйесі;

– біріктірілген пакеттер;

– CASE-технологиялар;

– экспертті жүйелердің (ЭЖ) және ЖИ жүйелерінің қабықшасы.

Графикалық деректер мен суреттерді, құжаттарды, мәтіндерді құруға және өзгертуге арналған ҚПП редакторы деп аталады. Редакторларды өзінің функционалдық мүмкіндіктеріне қарай мәтіндік және гафикалық редакторларға және баспа жүйесіне бөлуге болады. Мәтіндік редакторлар мәтіндік ақпараттарды өңдеу үшін пайдаланылады және негізінен келесі функцияларды орындайды:

– файлға мәтінді жазады;

– мәтіннің жолдары мен үзінділерін, символдарды ауыстырады, өшіреді, қояды;

– орфографияны тексереді, әртүрлі қаріптердегі мәтінді рәсімдейді;

– мәтінді тегістеу, мазмұнын дайындау, мәтінді беттерге бөлу;

– сөздер мен өрнектерді іздеу және алмастыру; мәтінге күрделі емес суреттерді қосу;

– мәтінді теру.

Ең көп тараған мәтіндік редакторлар: Microsoft Word, Word Perfect, ChiWriter, MultiEdit, AmiPro, Lexicon.

Графикалық редакторлар графикалық құжаттарды, соның ішінде диаграммаларды, суреттерді, сызбаларды, кестелерді өңдеуге арналған.

Ең көп тараған графикалық редакторлар: PaintBrush, Boieng Graf, Fanvision, CorelDRAW, Adobe Photoshop, Adobe Illustrator.

Баспа жүйелері мәтіндік және графикалық редакторларды қамтиды, графикалық деректер мен жолақтарды қалыптастыру бойынша және әрі қарай баспаға шығару мүмкіндіктеріне ие болады. Бұл жүйелер баспа жұмыстарында пайдалануға бағдарланған және оны беттеудің жүйесі деп атайды. Adobe PageMaker және Ventura Publisher программаларын осындай жүйелерге мысал ретінде қарастыруға болады.

Кестедегі сандық деректерді өңдеуге арналған программа электрондық кесте деп аталады. Кестедегі деректер жол мен бағанның қиылысуындағы ұяшықта сақталады. Ұяшықта сандар, символдық деректер мен формулалар сақталынуы мүмкін. Формулалар бір ұяшықтың мәнінің басқа ұяшықтың мәніне байланыстылығын береді. MSExcel кестесін ең көп тараған электрондық кесте ретінде есептеуге болады.

ДҚ-мен жұмыс істеу үшін арнайы ПҚ – ДҚБЖ қолданылады. ДҚ – дискіде сақталынатын арнайы түрде ұйымдастырылған деректер жинағының жиынтығы. ДҚ-ны басқару деректерді енгізуді, оларды түзетуді және деректермен айла-шарғы жасауды, яғни қосуды, өшіруді, алуды, жаңартуды және басқа да операцияларды қамтиды.

Деректерді ұйымдастыру тәсілдеріне байланысты желілік, иерархиялық, үлестірілген және реляциялық ДҚБЖ болып ерекшеленеді. Ең көп тараған ДҚБЖ: MicrosoftAccess, MicrosoftFoxPro, MSSQLServer, BorlandParadox, MySQL, сонымен қатар Oracle, Informix, Ingress, Sybase, Progress және т.б.

Жалпы тағайындалудағы қолданбалы программалардың әртүрлі программалар компоненттерін өзіне біріктіретін ПҚ біріктірілген пакеттер деп айтылады. Әдетте, олар мәтіндік редакторды, электрондық кестені, графикалық редакторды, ДҚБЖ-ны, бірнеше басқа программаларды және коммуникациялық модульді қамтиды.

Ең көп тараған біріктірілген пакеттер: MSOffice, Framework, Startnave.

CASE-технология, әдетте жүйелі талдаушылар, жобалаушылар және программистер сияқты әртүрлі мамандар қатысатын жобаны ұжымдық жүзеге асыруды талап ететін күрделі ақпараттық жүйелерді құруда қолданылады.

CASE-технология ақпараттық жүйені жобалаудан өзінің программалау мен ретке келтіруден бөліп алуға мүмкіндік береді, бұл жерде жүйені құрушылар нақтылаудан тыс кетпей ең жоғарғы деңгейде жобалаумен айналысады.

CASE-технологияны қолдану ақпараттық жүйелерді құру мен жобалау саласының шегінен шығатын уақытта кездесіп отырады. Бұл компанияның ұйымдастырушы және басқарушы құрылымының модельдерін оңтайландыруға мүмкіндік береді және жоспарлау, қаржыландыру, оқыту сияқты мәселелерді тиімді шешуге мүмкіндік береді.

Заманауи CASE-технологиялар әртүрлі кластардың – банктер, қаржы корпорациялар, ірі фирмалар үшін ақпараттық жүйелерді құруда ойдағыдай қолданылады. Нарықтағы CASE-технологияның ішінен ADW, BPwin, CDEZTods, ClearCASE, Composer программалық өнімдерін ерекше айтуға болады.

ЭЖ – бұл кәсіби сарапшылар деңгейінде жоғары мамандандырылған аумақта пайдаланушы шешімді дайындаудағы білімді өңдеу жүйесі.

ЭЖ жағдайды болжау, фирма жағдайына диагностика жүргізу, мақсаттық жоспарлау, жұмыс істеу үрдісін басқару үшін пайдаланылады. Ол логикаға және мамандардың тәжірибесіне негізделген «егер … болса, не болады» түріндегі мәселелерді шешу үрдістерін компьютерлендіру салдарынан туындады. Бұл жерде негізгі идея мәселені қалай шешуді ұсыныс жасайтын қатаң қалыптастырылған алгоритмдерден пәндік саладағы мамандармен жинақталған білім қорында қандай мәселені шешу қажеттілігі көрсетілген логикалық программалауға көшу болып табылады.

Экономикада қолданылатын Expert-Ease жүйесін ЭЖ-нің қабықшасына мысал ретінде қарастыруға болады.

Жүйелі программалық қамтамасыздандыру.

Жүйелі ПҚ – бұл компьютер жұмысын басқарушы және әртүрлі көмекші функцияларды орындаушы программалар, мысалы, компьютер ресурстарын басқару, ақпараттың көшірмесін құру, компьютер құрылғысының жұмыс істеу қабілеттілігін тексеру, компьютер туралы анықтамалық ақпаратты беру және т.б. Олар пайдаланушының барлық категорияларына арналған, пайдаланушы мен компьютердің тиімді жұмыс істеуі үшін, сонымен қатар қолданбалы программалардың тиімді орындалуы үшін пайдаланылады.

Жүйелі программалардың арасынан ОЖ (ағылш. Operatingsystems) орталықтан орын алады. ОЖ – бұл жүктеуді, жіберуді басқаруға және басқа пайдаланушының программасын орындауға арналған программалар кешені, сонымен қатар компьютердің есептеуіш ресурстарын жоспарлау және басқару үшін, яғни дербес компьютерді қосқаннан өшіргенге дейінгі компьютер жұмысын басқару. Ол компьютерді қосқанда автоматты түрде жүктеледі, қолданушымен сұхбат жүргізеді, компьютерді және оның ресурстарын (оперативті жадысын, дискінің бос орынын және т.б.) басқаруды орындайды, басқа программалардың орындалуын жүзеге асырады және пайдаланушы мен программаға ыңғайлы қатынау тәсілі – интерфейс компьютердің құрылғысымен қамтамасыз етеді. Басқаша айтқанда, ОЖ компьютердің барлық компоненттерінің жұмыс істеуін және өзара байланысын қамтамасыз етеді, сонымен қатар пайдаланушыға оның аппараттық мүмкіндіктеріне қатынауға мүмкіндік береді. ОЖ жүйенің өнімділігін, деректерді қорғау деңгейін, компьютерде жұмыс істеуге болатын программаларды таңдауға, аппараттық құрылғыларға қойылатын талаптарды анықтайды.

Сервистік жүйелер ОЖ-ның жүйеге қызмет көрсету мүмкіндігін кеңейтеді, пайдаланушы жұмысының ыңғайлылығын қамтамасыз етеді. Бұл категорияға техникалық қызмет көрсету жүйесі, программалық қабықшалар мен ОЖ ортасы, сонымен қатар қызметтік программалар жатады.

Техникалық қызмет көрсету жүйесі – бұл бақылауды, тестілеуді және диагностиканы орындауға, компьютер құрылғысының жұмыс істеуін тексеруге және компьютер жұмысының үрдісіндегі ақауды табуға пайдаланылатын дербес компьютердің программалық-аппараттық құралдар жиынтығы. Олар компьютердің техникалық құралдарын пайдалану және жөндеу бойынша мамандардың құрал-саймандары болып табылады.

Пайдаланушының компьютермен ыңғайлы және көрнекті интерфейсін ұйымдастыру үшін ОЖ-ның программалық қабықшасы пайдаланылады. ОЖ-ның программалық қабықшасы – бұл ОЖ ортасы ұсынғаннан өзге пайдаланушыға компьютер ресурстарын басқару бойынша әрекетті орындауға мүмкіндік беретін программалар.

Қызметтік программалар (утилиттер, лат. utilitas – пайда) – жұмыстың ыңғайлылығын және жайлылығын арттыратын немесе жиі орындалатын жұмысты жүзеге асыру бойынша пайдаланушыға қосымша қызмет ұсынатын жүйелік ПҚ-ның типі. Кейбір утилиттер ОЖ-ның құрамына кіреді, ал кейбір утилиттер өздігінше программалық өнім ретінде нарыққа жеткізіледі, мысалы NortonUtilities (Symantec) сервистік утилиттердің көпфункционалды пакеті.

Барлық жүйелік ПҚ сияқты утилиттер құжатты өндіру немесе есеп сияқты нақты мәселелерді емес, вирустарды оқшаулау немесе қатқыл дискінің қателерді диагностикалау сияқты орталық компьютерге шоғырландырылады. Қызметтік ПҚ орнату шеберлерін, коммуникациялық программаларды, қорғау ПҚ мен диагностиканың құрал-саймандарын қамтиды.

Компьютердің базалық ПҚ сервистік, қосымша орнатылатын программалар жиынтығы болып табылады. Оны функционалдық белгілері бойынша келесі түрде жіктеуге болады:

– компьютердің жұмысқа қабілеттілігін диагностикалау программалары;

– компьютерді қорғауды қамтамасыз ететін, вирустарды жұқтырған файлдарды табатын және оларды қалыпқа келтіретін антивирустық программалар;

– магниттік дискілердің бетінің сапасын тексеруді, логикалық және физикалық деңгейде файлдық жүйенің сақталынуын, дискілерді сығуын, дискілердің сақтандыру көшірмесін құруды, сыртқы тасымалдауыштарға деректерді резервтеуді және т.б. қамтамасыз ететін дискілерге қызмет көрсету программалары;

– ақпаратты сақтау үшін жады көлемін азайту мақсатымен файлдарда ақпаратты сығу үрдісін қамтамасыз ететін деректерді архивтеу программалары;

– желіге қызмет көрсететін программалар.

Драйвер – басқа ПҚ-ның қандай да бір құрылғысының аппараттық қамтамасыздандыруға қатынауға мүмкіндік алатын жүйелік ПҚ-ның типі.

Негізінен ОЖ-мен аппараттық қамтамасыздандырудың кілттік компоненттері үшін жүйе онсыз жұмыс істей алмайтын драйверлер жеткізіледі. Әйтсе де кейбір құрылғылар (видеокарта немесе принтер сияқты) үшін, әдетте құрылғыны өндірушімен берілетін арнайы драйверлер қажет болуы мүмкін.

Жалпы жағдайда аппараттық құрылғылармен драйвер өзара әрекет етуі міндетті емес, ол тек ұқсата алады (мысалы, программадан файлға қорытынды жазатын принтер драйвері), құрылғыны басқаруымен байланысты емес программалық сервисті ұсынады.

Программалық қабықша – бұл экранға файлдық жүйені көрнекі бейнелеу мен осы жүйе бойынша саяхат жасауға ыңғайлы құралды; ОЖ-мен сұхбаттың қарапайым және икемді механизмін; барлық мүмкін болатын қызметтік функцияларды (файлдармен әрекет, ақпараттық сервис және басқалар) қамтамасыз ете отырып ыңғайлы және түсінікті интерфейсте компьютер ресурстарын басқару бойынша пайдаланушы әрекетті жүзеге асыруға мүмкіндік беретін кәдімгі қолданбалы программа. Кеңінен тараған қабықшалардың қатарына Far Manager, Total Commander, Norton Navigator қабықшалары жатады. FAR Manager – ұзын атпен файлдарды өңдеуді қамтамасыз ететін және қосымша функциялар жиынтығы бар, Windows 9x/Me/NT/2000/XP үшін мәтіндік режимде жұмыс істейтін файлдарды басқарушы программа. Total Commander – бұл Windows ортасында файлдармен және бумалармен жұмыс істеу тәсілдерінің бірі. Қарапайым және көрнекі формада бір каталогтан екінші каталогқа ауысу, құру, атын өзгерту, көшіру, ауыстыру, іздеу, файл мен каталогтарды қарау және өшіру сияқты файлдық жүйемен операцияларды орындауды қамтамасыз ететін программа. Total Commander кәдімгі қосымша сияқты Windows-та іске қосылады, осыдан пайдаланушыда Windows-пен де және басқа программалармен жұмыс істеу мүмкіндігі бар.

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар

Подняться наверх