Читать книгу Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпсіздігі - Қ. Абубакирова - Страница 2
1-дәріс. Кіріспе. Экологиялық қауіпсіздіктің мәні және мәселесі
Кейс 1
Өркениеттің жаһандық проблемалары
ОглавлениеЖаһандық жылыну- XX и XXI ғғ. Жер мен Дүниежүзілік мұхиттың жылдық орташа температурасының біртіндеп арту процесі. Қазіргі жаһандық жылынудың адам әрекетімен тығыз байланысы бар деген ғылыми болжам бар. Оңтүстіктегі құрғақшылықтың күшеюі мен температураның артуы (нәтижесінде – су ресурстары азаяды және гидроэлектроэнергиясын өңдіру төмендейді, ауыл шаруашылығы өнімдері азаяды, туризм жағдайлары нашарлайды), қар қабатының азаюы мен тау мұздықтарының қайтуы, қатты тасқындар мен өзендердегі селдердің болу қаупінің артуы; Орталық және Шығыс Еуропадағы жазғы жауын-шашынның жауу жиілігінің артуы, жазғы орман өртінің жиі болуы, сортаң жерлердегі өрт, орман өнімділігінің төмендеуі; Солтүстік Еуропадағы топырақ тұрақсыздығының артуы сияқты Еуропадағы келеңсіз өзгерістерге жатады. Арктикада – мұз қату жабындысы ауданының апатты азаюы, теңіз мұздықтары ауданының қысқаруы, жағалаудың азуының күшеюі.
Тапсырма:
1) Нәтижесінде көшетхана әсері болатын негізгі ластауды кім жүзеге асырады (қай елдер)?
2) Жаһандық жылынудың алдын алудың қатаң саясатынан кімге пайда түседі?
3) Осы процесс жөніндегі сіздің пікіріңіз қандай?
Жауаптары:
1) Дамыған елдер көшетхана газдары арқылы негізгі ластауды жүзеге асырады.
2) Бақылауды қатаңдату индустриялы елдерге қолайлы, себебі дамушы елдердің экономикалық дамуын тежеуге мүмкіндік береді. Көшетхана газымен ластау дамушы елдердің дамуы барысында жинақталған.
3) Жаһандық жылыну Жердің дамуы мен қызмет етуі үшін табиғи процесс. Адамадардыфң қызметі тек осы процесті тездетеді. Біз көшетхана газдарының атмосфераға шығарылуын төмендету үшін күресе аламыз, осы арқылы оны баяулатамыз.