Читать книгу Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпсіздігі - Қ. Абубакирова - Страница 7
Дәріс 4-6. Экологиялық қауіптер
Кейс 5
Жер қойнауын пайдалану туралы заң
Оглавление«X» шетел компаниясы Қазақстанда бизнес ұйымдастыру туралы шешімге келді. Директорлар кеңесінің пікірінше «Ақтау теңіз порты» ЕЭА экономикалық жағынана қалай болса, географиялық тұрғыдан алғанда да неғұрлым жайлы жер болып табылады. Бірақ компания Қазақстанда ешқашанда жұмыс істемеген, жер жағдайларын білмейді.
Тапсырма:
Өз бизнесін сәтті дамыту үшін сіз «X» компаниясына не ұсына аласыз?
Шешім:
♦♦♦ Ең алдымен, «X» компаниясына ҚР заңнамасымен және «Ақтау теңіз порты» ЕЭА Жарғысымен танысу керек.
♦♦♦ Сонымен қатар, Маңғыстау облысы мен жалпы Қазақстан нарығын зерделеу үшін, «X» компаниясының жергілікті ұйымдардың консалтингтік қызметтерді пайдалануы қажет.
♦♦♦ «X» компаниясының өзі еншілес қызметтерді ұсыну арқылы, осы өңірдің жас және перспективалы бинзесмендерін тарта алады. Осылайша, компания өзіне жергілікті нарықты жақсы білетін бизнес-серіктестерді таба алады.