Читать книгу Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпсіздігі - Қ. Абубакирова - Страница 6

Дәріс 4-6. Экологиялық қауіптер
Кейс 4
Қоқыстарды пайдаға асыру

Оглавление

Соңғы уақытта үкімет, дәлірек айтсақ, бірқатар үкіметтік ұйымдар, экологияны қорғау мәселелеріне көп көңіл аудара бастады. Бұл, әсіресе, ірі қалалардағы экологиялық жағдайдың төмендеуімен байланысты. Осыған себебшілердің арасында қоқыстың бақылаусыз шығарылуы және оны дұрыс қаттап тастамау немесе пайдаға армау сияқты әкімшілік құқық бұзушылықтар болып табылады.

Алайда қала экологиясына ең үлкен келеңсіз жағдайды санкцияланбаған, тікелей қала аумағында орналасқан ұйымдастырылмаған ресми қоқыс тастайтын жерлер келтіреді. Осындай қоқыс тастайтын жерлердегі қоқыс анағұрлым тез іріп-шіриді, әрі зиянды заттар да топырақ пен ауаға тез түседі. Онда олар жиналады да, адамдар мен басқа да тіршілік иелерінің денсаулығына зиянды елеулі концентратқа дейін жете алады.

Тапсырма: Осы жағдайда мемлекет қандай шаралар қолдана алады?

Шешім:

1. Мемлекет санкцияланбаған қоқыс тастайтын жерлердің пайда болуына айыпты адамдарға қатаң айыппұл сала алады.

2. Қоқысты шығару, қаттап жинақтау, көлікпен тасымалдау және қайта өңдеу процестерін реттейтін көптеген түрлі ережелер мен санитариялық нормаларды енгізу.

3. Халықпен өндірілетін қалдықтардың санын кемітуге тұрмыс қалдықтарын қайта өңдеу көмек береді, себебі олардың көлемі де, сондай-ақ қалалық қалдықтардың жалпы санындағы үлесі де тынбастан өсуде. Яғни, тұрмыс қалдықтары мәселесін шешудің түбегейлі шаралары қажет, себебі оларды қоқыс тастайтын жерлерге тек қаттап жинау қазіргі кезде маңызды шешім бола алмайды. Сондықтан да қоқысты оны қаттап жинайтын жерге апару және сақтау ең соңғы әрекет емес, оны пайдаға асырудың аралық кезеңі болып табылуы тиіс.

Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпсіздігі

Подняться наверх