Читать книгу Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпсіздігі - Қ. Абубакирова - Страница 8

Дәріс 4-6. Экологиялық қауіптер
Кейс 6

Оглавление

X компаниясы, жоба дайындады, осы жоба қоршаған ортаға кішігірім ғана нұқсан келтіреді деген болжамда болды.

Сұрақ: Осы жағдайда қоршаған ортаға әсерді бағалау қажет пе? Қоршаған ортаға әсерді бағалау бойынша жұмысты ұйымдастыру және қаржыландыру үшін кім жауап береді? Қоршаған ортаның қандай элементтеріне әсерді бағалау жасалады?

Шешім:

36 бап, 2 тармақ: Қоршаған ортаға әсер ететiн шаруашылық және өзге де жобаларды, қоршаған ортаға әсерiн бағаламай әзiрлеуге және iске асыруға тыйым салынады. Әсердi бағалау нәтижелерiн жоспарлау алдындағы, жоспарлау құжаттамасының, жобалау алдындағы және жобалау құжаттамасының ажырамас бөлiгi болып табылады

38 бап, 2 тармақ: Қоршаған ортаға әсердi бағалау жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландыруды жоспарланып отырған қызметтiң тапсырыс берушiсi (бастамашысы) қамтамасыз етедi.

39 бап, 2 тармақ: Қоршаған ортаға әсердi бағалау процесiнде:

1) атмосфералық ауаға;

2) жер үстi және жер асты суларына;

3) сутоғандары түбiнiң беткi жағына;

4) ландшафттарға;

5) жер ресурстарына және топырақ жамылғысына;

6) өсiмдiктер дүниесiне;

7) жануарлар дүниесiне;

8) экологиялық жүйелердiң жай-күйiне;

9) халық денсаулығының жай-күйiне;

10) әлеуметтiк салаға (халықты жұмыспен қамту, бiлiм беру, көлiк инфрақұрылымы) әсердi бағалау жүргiзiледi.

Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпсіздігі

Подняться наверх