Читать книгу Қорасан қарақшының қолмергені - Баянғали Әлімжанов - Страница 10

Жәлептің жаласы

Оглавление

Жан білмес,

Көктен әлде жерден ғайып,

Әйтеуір

Кетеді ерлер жолдан тайып,

Сармантай

Деген боксер бірге отырды,

Тағылған

Қыз зорлады деген айып.


Шарболат,

Шаршы алаңда зырлайтұғын,

Қолдары

Қақ сойылдай зулайтұғын,

Тәртібін

Мәрт өнердің берік ұстап,

Кіндіктен төмен қарай

Ұрмайтұғын.


Береді

Боркемікке беделді кім,

Тер төкпей

Өнер ашпас кемелдігін,

Олимпке

Елдің туын көтерем деп,

Күн сайын

Шыңдай берген шеберлігін.


Әдепті,

Сырбаз әрі сыпайы да,

Жарысқа

Барған қыр мен қытайыңа,

Рингте

Талай мәрте толқып іштей,

Байланған

Төрешінің ұпайына,

Түрмеде

Отыр енді кіріптар боп,

Тағдырдың

Тура келген құқайына.


Сармантай

Елге ерке боп, бал ішіпті

Бір тойда

Бір сұлумен танысыпты,

Көзінен

Мөлдіреген көз алмапты

Көргендей

Тап-таза бір таңғы шықты!


– Қызықтым

Оймақ ауыз, тәтті ерінге,

Шалқыдым


Қорасан қарақшының қолмергені

Подняться наверх