Читать книгу Қорасан қарақшының қолмергені - Баянғали Әлімжанов - Страница 4
Қарақшы Қорасан
ОглавлениеҚаймықпай
Қараңғыны тіліп өткен,
Қыр асса
Қалталыны дірілдеткен,
Қарақшы,
Қырық асқан, қырма сақал,
Қасқырдай
Сөйлегенде қыр-қыр еткен,
Жігітке
Сүйеніш боп шыға келді
Жаутаңдап
Жан-жағынан демеу күткен.
Қаусатқан
Қалың топты қара батыр,
Болғанды жолға бөгет,
Жарады ақыр,
Курортқа
Бет алғандай қарқ-қарқ күліп,
Зонаға
Алтыншы рет бара жатыр.
Қорасан,
Аты жұмбақ,
Алпамсадай,
Болардай
Қуатынан талқан сарай,
Аруағы
Ар жағынан түртіп тұрса,
Жүреді
Қалай тыныш, талтаңдамай.
Қайратты,
Ұзын бойлы, кең иықты,
Сан мәрте
Бұзып өткен тар ұйықты,
Қажырлы,
Қатпары мол, ықпалы зор,
Қорасан
Жас жігітті сөзге ұйытты,
Балтабай
Оған сырын шертті бірде,
Тыңдады
Үнсіз көкжал кермиықты.